3-тарау. Ортаңғы топ (3 жастағы балалар) 1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту



бет1/7
Дата10.12.2023
өлшемі42,24 Kb.
#136109
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Оқу бағдарламасы 3 жас


3-тарау. Ортаңғы топ (3 жастағы балалар)
1-параграф. Физикалық қасиеттерді дамыту (І дағды)
102. Физикалық дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
103. Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың денсаулығын нығайту, қимыл белсенділігін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
104. Міндеттері:
1)дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын ояту;
2)негізгі қимыл түрлері: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеуді орындаудың қарапайым дағдыларын жетілдіру;
3)мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
4)қимылдарды белсенді орындауды дамыту және қимылдарды үйлестіру, дене жаттығуларына қызығушылыққа баулу;
5)денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік пен шапшаңдықты дамыту;
6)құрдастарымен қимылды ойындарды бірге ойнауға, өзара оң қарымқатынас жасауға баулу;
7)спорттық жабдықтарды қолдануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

105. Күтілетін нәтижелер:


- бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп жүреді;
- қол ұстасып, жартылай отырып, заттарды айналып жүреді;
- жүруде тепе-теңдікті сақтайды;
- бірқалыпты, аяқтың ұшымен, әр түрлі бағытта жүгіреді;
- сапта бір-бірлеп, шеңбер бойымен, шашырап, заттарды айналып жүгіреді;
- тұрған орнында қос аяқпен, алға қарай жылжып, биіктіктен және ұзындыққа секіреді;
- оң және сол қолмен қашықтыққа, көлденең нысанаға, тік нысанаға заттарды лақтырады;
- допты жоғары-төмен лақтырады, қағып алады;
- заттардың арасымен еңбектейді, гимнастикалық қабырғаға өрмелейді және одан түседі;
- бір-бірден сапқа, шеңберге тұрады, сапта өз орнын табады;
- жалпы дамытушы жаттығулардың орындалу ретін сақтайды;
- қимылды ойындарды қызығып ойнайды;
- күнделікті гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін біледі;
- өзіне-өзі қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларына ие;
- салауатты өмір салты туралы түсініктерге ие;
- үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын біледі;
- бірлескен қимылды ойындарға қатысады;
- үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын меңгерген;
- шанамен бір-бірін сүйреп ойнайды; суға түседі, суда ойнайды.
106. Дене шынықтыру.
107. Негізгі қимылдар. Жүру.
Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, сапта бірбірден, екеуден (жұппен) жүру; әртүрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап, тапсырмаларды орындай отырып жүру: қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтап, жартылай отырып, бұрылып, заттарды айналып жүру, еденге қойылған заттардан аттап жүру, жан-жаққа баяу айналу.
Тепе-теңдікті сақтау.
Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір қырымен қосалқы қадаммен көлбеу тақтай (20-30 сантиметр), арқан бойымен жүру, тура жолмен, бір-бірінен 10 сантиметр қашықтықта орналасқан тақтайшалардың, қырлы тақтайдың бойымен жүру. Жүгіру.
Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, сапта бір-бірден, алаңның бір жағынан екінші жағына, әр түрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап жүгіру; белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы: тоқтап жүгіру, белгі бойынша көрсетілген жерге жүгіру; қарқынды өзгертіп, жылдам (10-20 метрге дейін), тоқтамай баяу қарқынмен (50-60 секунд ішінде) жүгіру.
Домалату, лақтыру, қағып алу.
Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 метр қашықтық), төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң және сол қолмен (1,5–2 метр қашықтықтан) допты кеуде тұсынан лақтыру, оң және сол қолмен тік нысанаға (нысана биіктігі-1,2 метр) лақтыру (1-1,5 метр қашықтық), аяқтарын алшақ қойып, отырып, 1,5–2 метр қашықтықтан допты бірбіріне, заттардың арасымен, қақпаға домалату. Допты жоғары лақтыру, төмен - еденге (жерге) соғу, қағып алу.
Еңбектеу, өрмелеу.
4-6 метр қашықтыққа тура бағытта, заттарды айналып және заттардың арасымен еңбектеу, еденге қойылған тақтай бойымен, арқанның, доғаның астымен (биіктігі 40 сантиметр), көлбеу модуль бойымен, туннель арқылы еңбектеу; саты бойымен өрмелеу, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу 31 және одан түсу (биіктігі 1,5 метр).
Секіру.
Тұрған орнында қос аяқпен, 2-3 метр қашықтыққа алға қарай жылжып, құрсаудан құрсауға, заттарды айналып және заттардың арасымен секіру, 15-20 сантиметр биіктіктен секіру, ілініп тұрған затқа қолды тигізіп, тұрған орнынан жоғары секіру, сызықтан секіру, тұрған орнынан ұзындыққа 40 сантиметр қашықтыққа секіру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет