3.2.13Магнит өрісінің энергиясының тығыздығын жаз
Магнит өрісінің энергиясының тығыздығы:
Электр тогының айналасында магнит өрісі пайда болады. Магнит өрісі энергияға ие. Магнит өрісін тудыру үшін ток жұмыс жасайды, магнит өрісінің энергиясы осы жұмысқа тең болады.
|
3.2.12Магнит өрісінің энергиясын жаз
Тізбектегі немесе контурдағы ток күшейгенде оның туғызатын магнит өрісі де күшейеді, сондықтан осы магнит өрісінен енген энергия магнит өрісінің энергиясы болып табылады.
Магнит өрісінің энергиясы: .
|
3.2.11Ленц ережесін түсіндіріп жаз
Электрмагниттік индукция процесі нәтижесінде пайда болатын индукциялық ток бағытын анықтайды. Оның тұжырымдамасын 1833 ж. Э.Ленц ұсынған. Ленц ережесі бойынша: тұйықталған контурда пайда болатын индукциялық ток оны тудыратын магниттік индукция ағынының өзгеруіне қарсы әсер жасайтындай болып бағытталады. Ленц ережесі электромагниттік индукцияға арналған Фарадей заңының: Еі=–Ф/t оң жақ бөлігінің таңбасын анықтайды; мұндағы Ф контурдан t — уақытта өтетін магнит ағынының өзгеруі.
|
3.2.10Магнит ағынының сақталу заңын жаз
Индукциялық ток магнит өрісі индукциясының ағынын тудырады, ал оның ∆Фi өзгерісі сыртқы магнит өрісі индукциясының ағынының ∆Ф өзгерісіне кедергі жасайды, демек ∆Фi және ∆Ф бағыттары қарама-қарсы, яғни электрмагниттік индукция өрнегіндегі пропорционалдық коэфф. -1-ге тең. Сонда: εi=-∆Ф/∆t
Индукциялық ток шамасы:
Ii=-1/R∆Ф/∆t.Егер контурдың кедергісі нольге тең болса, онда магнит ағынының өзгерісі нольге тең, яғни Ф1=Ф2, бұл магнит ағынының сақталу заңы.
|
3.2.9Магнит ағынын өзгерту тәсілдерін жаз
магниттік ағын Ф(магниттік индукция ағыны) ауданы бар бет арқылы С- магниттік индукция векторы мен ауданның модулінің көбейтіндісіне тең шама Сжәне бұрыштың косинусы авектор мен бетке нормаль арасындағы:
F=BScos
СИ-де магнит ағынының өлшем бірлігі 1 Вебер (Вб) – біртекті магнит өрісінің бағытына перпендикуляр орналасқан 1 м 2 бет арқылы өтетін магнит ағыны,
|
3.2.8Магнит ағынын жаз
Магнит ағыны Ф[Вб]- Кеңістіктің берілген ауданына перпендикуляр тесіп өтетін магнит индукция сызықтарының санына тең скаляр физикалық шама. Ф=B*S*cosα
B‒ векторының модулі,
S‒раманың ауданы,
α ‒вектормен рамаға жүргізілген нормаль арасындағы бұрыш. Магнит ағыны Ф [Вб] – ауданы S раманы перпендикуляр бағытта тесіп өтетін магнит индукция векторының проекциясы мен сол ауданның көбейтіндісімен анықталады.
|
3.2.7Электромагниттік индукция құбылысы, заңын түсіндіріп
Электромагниттік индукция құбылысын 1831 ж. ағылшын физигі М.Фарадей ашқан болатын. Электромагниттік индукция құбылысы былай тұжырымдалады: тұйық контурдағы индукциялық ток контур ауданы арқылы өтетін индукция ағыны өзгергенде ғана туады. Олай болса, индукциялық тізбекте электр қозғаушы күші пайда болып, ол электромагниттік индукцияның электр қозғаушы күші (э.қ.к) деп аталады.
|
3.2.6Ферромагнетизм табиғатын түсіндіріңіз Ферромагнетиктер және олардың қасиеттерін жаз
Ферромагнетизм-заттардың магнит өрісінде жаңадан магниттелу және магнит өрісі жоғалғаннан кейін де осы қасиетінің жұрнағын сақтап қалу қабілеті. Парамагнетиктер сияқты ферромагнетиктердiң өздерiнiң меншiктi магнит өрiсi магниттелу процесi кезiнде сыртқы магнит өрiсiн күшейтедi. Осы айтылғанға сәйкес ферромагниттi заттардың манадай ерекше қасттеттерi болады: бiрiншiден, олардың магнит өтiмдiлiгi өте жоғары , кейбiр жағдайларда -ке дейiн жетедi, демек сыртқы магнит өрiсiнiң кернеулiгiне тәуелдi; екiншiден, ферромагттиттердiң магниттелуі сыртқы магнит өрiсiн жойса да сақталады
|
3.2.5Заттардың магниттік қасиеттерін тұжырымдаңыз
Магнит өтімділікт заттың магниттік индукциясының магнит өрісінің әсерінен өзгеруін сипаттайтын шама.Заттардың магниттік қасиеттерін қарастырғанда “магнетик” деп аталатын жалпылама термин пайдаланылады. Заттардың магниттік қасиеттері оларды құрайтын бөлшектердің магнетизмімен анықталады. Заттың магниттік қасиеті микроскопиялық электр токтарымен (атомда электрондардың орбиталдық қозғалысы) ‒ Ампер токтарымен анықталады.
|
3.2.4Лоренц күші және полярлық сәулелену (шұғыла)
Лоренц күші — электрмагниттік өрісте қозғалатын зарядталған бөлшекке әсер ететін күш. Бұл күшті сипаттайтын өрнекті 1892 ж. голланд физигі Х. А. Лоренц тәжірибе нәтижелерін қорытындылап тапқан. Полярлық шұғыла — Жер атмосферасының ионосфера қабатында байқалатын жарқыл. Полярлық шұғыла ғарыштан келетін жоғары энергиялы зарядталған бөлшектердің (электрондар мен протондардың) атомдар мен молекулалармен әсерлесуі (90 — 1000 км биіктікте) нәтижесінде пайда болады.
|
3.2.3Лоренц күшін түсіндіріп
Лоренц күші — электрмагниттік өрісте қозғалатын зарядталған бөлшекке әсер ететін күш. Бұл күшті сипаттайтын өрнекті 1892 ж. голланд физигі Х. А. Лоренц тәжірибе нәтижелерін қорытындылап тапқан, СИ жүйесінде формуласы:
|