№4-дәріс. Қазақ тілі мен орыс тілінің морфологиялық жүйесі Грамматикалық ұғымдар



Дата10.03.2022
өлшемі14,45 Kb.
#27530

№4-дәріс. Қазақ тілі мен орыс тілінің морфологиялық жүйесі

1.Грамматикалық ұғымдар.

2.Сөздерді таптастыру принциптері.
Салғастырылып отырған тілдердегі грамматикалық ұғымдар ортақ. Екі тілде де грамматикалық формалар, грамматикалық категориялар және грамматикалық мағыналар бар. Екі тілде де белгілі бір грамматикалық форманың негізінде грамматикалық мағына туады, грамматикалық формалар грамматикалық категорияларды қалыптастырады. Мысалы, екі тілде де көптік формасы, көптік категориясын тудырады. Люди-адамдар. Көптік форма арқылы көптік мағына беріледі.

Екі тілде де сөздерді таптастыру үш ұстанымға негізделіп бөлінеді: лексика-семантикалық мағынасы, морфологиялық көрсеткіштері және синтаксистік қызметі негізінде анықталады. Атауыш сөздер екі тілде де болмысты бейнелейді. Көмекші сөздердәі лексикалық мағынасы жоқ, олар атауыш сөздермен тіркесіп жұмсалады. Мысалы, үйдің іші, келіп отыр.



Орыс тілінде 10, қазақ тілінде 10 сөз табы бар.Олар:

  1. Зат есім-имя существительное. Екі тілде де заттың атын білдіреді. Зат есімнің түрлері жалқы, жалпы, негізгі, туынды, деректі, дерексіз екі тілде бірдей. Тек түрлену жүйесінде ерекшелік бар.

  2. Сын есім- имя прилагательное. Екі тілде де заттың сыны мен сапасын білдіреді. Екі тілде де сапалық, қатыстық болып екіге бөлінеді. Екі тілде де шырай категориясы бар.

  3. Сан есім-имя числительное. Екі тілде де сан есімнің мағыналық топтары ұқсас.

  4. Есімдік-местоимение.

  5. Етістік-глагол.

  6. Үстеу- наречие.

  7. Шылау-союзы

  8. Одағай-междометие.

  9. Предлог.

  10. Частицы.

Орыс тілінде Предлог пен Частицы қазақ тілінде жоқ. Қазақ тілінде Модаль сөздер 10 сөз табы болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ж.Мұсаұлы. Р.С.Әміренова. Қазақ, орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы. Көкшетау, 2003

  2. Г.И.Шалқарова, А.Т.Сатыбаева Салыстырмалы грамматика. Астана, 2007

  3. Қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы грамматикасы. Астана, 2007

  4. Кеңесбаев. F. Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). А., 1975.

  5. Ф.Ш.Оразбаева және т.б. Қазіргі қазақ тілі. А., 2005.

  6. Бабайцева В.В. Современный русский язык. Высшая школа. 1980.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет