4 Дәріс. Бизнес жоспар бөлімдері Ұйымдастыру жоспары



Дата22.04.2023
өлшемі16,63 Kb.
#85647
Байланысты:
4 Дәріс


4 Дәріс. Бизнес жоспар бөлімдері



  1. Ұйымдастыру жоспары

  2. Қаржы жоспары




  1. Ұйымдастыру жоспары

Бұл бөлімде келесі аспектілер қарастырылуы керек:



  1. Жаңадан жасалған заңды тұлғаның меншік нысаны (серіктестіктер бойынша жасалу және серіктестік шарттары көрсетіледі, АҚ бойынша басты (жарғы капиталының 5% жоғарысына ие) акционерлер мен олардың үлесі көрсетіледі); егер бұл ашық АҚ болса, онда қанша акция шығарылды және қанша шығарылатынын көрсету керек;

  2. Директорлар кеңесінің мүшелері, олардың телефондары, кәсіби мамандықтары, қызмет туралы тізімі, осы саладағы жұмыс тәжірибесі көрсетілген қысқаша биографиялық анықтамалар;

  3. Басшылық құрам мүшелерінің арасында міндеттерді бөлісу, кім қаржылық құжаттарға қол қою құқығына ие.


  1. Қаржы жоспары

Коммерциялық банктердің немесе басқа қарыз берушілердің (шетелдіктерді қоса алғанда) несие беруге келісімдері осы ұйымдардың сәйкес басшыларымен құжатты түрде расталған болуы керек, несие беру шарттары міндетті түрде көрсетілуі керек: мемлекеттік кепілдіктің бар болуы, пайыздық мөлшерлеме, несиені беру және өтеу мерзімдері, қосымша талаптар.


Облыстық бюджеттен қайтарымды және ақылы қаржы алу туралы өтінішін сұратылып отырған қаржының мақсатты жұмсалатыны туралы міндеттемемен нығайтылған болу керек.
Салынған қаражат жойылған жағдайда талапкер мемлекеттік кепілдікті алуға тырысса, осы бөлімде тәуекелдерді сипаттап, кепілдіктің маңыздылығын негіздеу керек.
Өтемділік мерзімі – осы бизнес-жоспар бойынша жобаны жүзеге асыруды бастаған уақыттан бастап, амортизациялық шығындарды қосқанда жинақталған таза кіріс пен инвестициялық шығындар арасындағы айырмашылықтың мәні оң болған уақыт аралығы. Таза дисконтталған кіріс, кірістілік индексі, кірістіліктің ішкі нормалары, өтемділік мерзімі – тиімділік талаптары. Осы тиімділік талаптарын есептеу барысында дисконттау мөлшерлемесі конкурсқа құжаттарды өткізген уақытта бағалы қағаздарды қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен кем болмау керек.
Жобаның тиімділігін анықтау кезінде таза кіріс мен амортизациялық шығындар көрсеткіштері тек инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысына қатысты есептеледі, жұмыс істеп тұрған ұйымның ағымдағы шаруашылық қызметіне қатысты емес.
Залалсыздық пайда әкеле бастаған межелі өнімді өткізу көлеміне сәйкес келуі тиіс.
Есептелген өнімді өткізу (шығару) көлемі жасалып жатқан кәсіпорынның жобалық қуатымен салыстырылады.
Залалсыздық межелі тұрақты табыстардың мөлшері мен өнім бағасының әр түрлілігіне қатынасын өнімді өткізу көлеміне бөлгенде есептеледі.
Бюджеттік әсер – инвестициялық жобаның әсері осы жобаны жүзеге асыру барысындағы түсімдер мен облыстық бюджеттің төлемдері арасындағы сальдо. Есептерде түсімдер көлемі мен төлемдерді жобаны жүзеге асыру жылдары дисконттау жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет