№4 Дәріс конспектісі Болмыс. Онтология және метофизика Онтология — болмыс туралы ілім. Философияның негізігі сұрағы «дүниенің негізі не?»



Pdf көрінісі
Дата07.01.2022
өлшемі140,7 Kb.
#17359
түріКонспект


Еркокше Амина 

2-курс Исламтану (қыздар) “бә” тобы 

№4 Дәріс конспектісі 

Болмыс. Онтология және метофизика 

Онтология — болмыс туралы ілім . Философияның негізігі сұрағы 

«дүниенің негізі не?» деген сұраққа жауап іздеумен басталады. Әлемнің 

сыр – сипатын, дүниенің түп мағынасын, ішкі мәнін, айнала қоршаған 

ортадағы заттардың,  құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, 

дамуы мен өзгеруін, адамзат қоғамының сан түрлі құпияларын танып білу 

қажеттігі — "болмыс" деп аталатын кең мағыналы, терең ауқымды 

философиялық ұғыммен түсіндіріледі Онтология терминін ғылымға 

Р.Гоклениус 1613 жылы енгізген. 

Онтология деп Аристотельдің «бірінші философиясын» атаған. Бұл 

дегеніміз, Аристотель философиясындағы жаратылысты, бастаулары мен 

формаларын, құралдарын түсіндіру . Болмыс бастапқыда «біртұтас», 

«барша» депте қолданылған. Кейіннен тұрмыстық болмыстың 

қалыптасуымен Парменид пен Платон айналысқан. Олар идеалды өмірдегі 

болмыс концепциясын алға тартқан. 

Философияда болмыс ұғымын алғаш рет қолданған Парменид 

болды, оның түсінігінше «Дүниеде бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ». Бұл 

дүниеде қозғалмайтын өзермейтін еш нәрсе жоқ, бәрі өзгереді. Парменид 

бұл дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы жетуге болады , яғни 

ойлау мен болмыс бір - біріне тең. Теяр Де Шарденнің «Дүние әлі де 

жаратылып біткен жоқ, ол жаратылу үстінде. Оны әрі қарай жарататын 

негізгі күш - адамзат» - деген ойы Парменид оймен ұштасып жатыр. 

Болмыс – бұл шындық, барлық тірі нәрсенің болуы. Жұлдыздар

өсімдіктер, жануарлар секілді болмыстың әр түрлі формалары адам 

көзқарасы бойынша барға айналады, яғни мәнге ие болады. Бірақ, 

жаратылысытың тұрмысы қанша уақытқа созылсада, ерте ме кеш пе 

аяқталады . Сондықтан болмысқа қарама қарсы мәнді жоғалту, бейболмыс 

пайда болады. 

Болмыс ұғымы — дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын 

кең көлемді философиялық катигория. Бар нәрселердің бәрі өзіндік 

айырмашылығын, ерекшелігін, шектілігі мен өтпелілігін сақтай отырып, 

дүниенің біртұтастығын, тұрақтылығы мен түпкіліктілігін қамтамасыз 

етеді. Бұдан ұғынатынымыз болмыс болмыссыздыққа ауысып 

жататындығы. Бабаларымыз дүниені «жалған» деп атауы немесе «Дүние 

дегеніміз – мәңгілік қалыптасу» - дегенінен ұғатынымыз, дүниенің 

өзгергіштігі, екінші жағынан қанша өзерісе де өмір сүріп қала беретіндігі. 




Болмыс - обьективті және субьективті шындық. Болмыс бұл тіршілік 

ететіннің барлығы. Басқа сөзбен айтқанда, болмыс - таза тіршілік, ешбір 

себебі жоқ. Болмыс өзіне - өзі себеп. 

Болмыстың негізгі түрлері:  

1 ) материалды болмыс  

2 ) рухани болмыс 

Болмыс ( онтология ) ұғымының ішкі дүниесін құрап тұрған: жалқы, 

жалпы, тәуелсіздік, тәуелділік, құбылыс пен мән, сан, сапа, өлшем мен 

секіріс, кеңістік пен уақыт, қозғалыс, даму, бүтін және бөлшек, мазмұн 

және форма, детерминизм, себептер, қажеттілік, кездейсоқтық, еріктілік, 

жауапкершілік, сана, материя болып табылады. 

"Метафизика” терминін алғаш қолданған Аристотель. Сөзбе - сөз 

алғанда ол" физикадан кейін келетін" деген мағына береді . Аристотель 

оны "бірінші философия" деп атады; ол барлық ғылымдардағы оймен ғана 

пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді. Ортағасырлық 

философияда метафизика теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде 

қызмет етті. Мұсылман әлемінің ойшылдары әл – Кинди, әл - Фараби, ибн 

Сина, т.б. Метафизика ұғымын Аристотельдің ілімімен байланыстырып 

дамытты. Шамамен 16 ғасырдан бастап "Метафизика" терминімен қатар 

сол мағынада "онтология" термині де қолданылды. Декарт, Лейбниц, 

Спиноза және 17 ғ - дағы басқа да ойшылдардың философиясында 

метафизика жаратылыстану және гуманитарлық білімдермен тығыз 

байланыста қолданылды. 

Гегель метафизиканы диалектикаға қарсы ойлау тәсілі мағынасында 

17 – 18 ғ - лардағы ғылымға, Әсіресе философияға қатысты алғаш 

қолданды. Ғылым мен техниканың өріс алуына байланысты 20 ғасыр 

философиясында Метафизика жаңа идеяларды тудырды. Кибернетика мен 

генетиканың, ғылыми - техникалық ойдың жедел дамуы әсерінен 

метафизиканы "қатаң ғылым ретінде қарастыру қалыптасты. Метафизика 

онтологияны алмастырып, оның маңызы теориялық және тәжірибелік 

зерденің мәнін ашуға бағытталды. 

Диалектика – грек тілінен аударғанда әңгіме өткізу. Сократтың 

түсында, әңгімелесу, пікір алмасу, сөйлесу өнері. Кейіннен неміс 

фисомофиясында даму теориясы мен даму процесін қарастыру тәсілі мен 

обьективті дүниетанымның қалыптасуы, жалпы заңды байланыстары 

жөніндегі ілім. Кибернетика – басқару өнері. Басқару жүйелеріндегі 

ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары жайлы 

ғылым. Кибернетикалық жүйелерге әр түрлі автоматты техника 

реттеуіштер. электрондық есептеу машинасы (компьютер), тірі 



организмдердің жүйке жүйелері, адамның миы, адамзат қоғамы, т.б. мысал 

бола алады. Кибернетика ғылым ретінде техникадағы кері байланыс 

ашылған уақыттан қалыптасты. Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым 

қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір 

саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы 

ғылымды генетика деп атайды ( грекше "genetikos" — шығу тегіне тән ). 



Бұл атауды 1906 жылы ағылшын биологы У.Бэтсон ұсынды. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет