4-тапсырма. Бөлімнің нақты оқу мақсатын пайдаланып, ұқсас тапсырманы құруға тырысыңыз. Тренерге кері байланыс жасау үшін осы тапсырманы жүктеңіз.
Тапсырма
8.3.4.8-қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру
Күнделікті өмірде қолданылып жүрген азық түліктердің көбінің қышқыл дәмі болады. Оларға қышқыл дәм беретін заттар қышқылдар деп аталады. Қышқылдармен біз күнделікті өмірде жиі кездесеміз. Қышқыл ерітінділерінің қышқыл дәмі болады. Мысалы көптеген жемістерге олардың құрамындағы қышқылдар қышқыл дәм береді. Лимон, алма қышқылы деген атаулар осылай пайда болған. Көптеген минералды қышқылдар, мысалы, күкірт, азот, тұз қышқылдары түссіз сұйықтықтар. Қышқыл ерітінділерімен жұмыс жасағанда қауіпсіздік техникасы ережелерін мұқият орындау керек. Өйткені қышқылдардың күйдіргіш және уландырғыш қасиеті бар.
Қышқылдарға анықтама береді, ажыратады.
Қышқылдар несімен ерекшеленеді? Олар табиғатта және адам өміріне қажет пе? Берілген реакция теңдеуін аяқтау Mg + H2SO4→ Zn+ H2SO4→ Fe + H2SO4→ Сu+ H2SO4→
Топтық жұмыс: Оқушыларға алдын ала керекті тірек сөздер беріледі. Әр топ өз беттерінше қышқыл сөзінің айналасына керек сөздерді топтастырып, жіктейді:
«ақыл картасының» сызбасы
Тірек сөздер: қышқыл: рН, тазалығы, оттекті, оттексіз, қойылтылған, күшті, сұйылтылған, әлсіз, бір негізі, екі негізді, үш негізді, HCl, HNO3, H2SO4, HBr, HI, HClO4, HСlO3, H3PO4, H2CO3, H2SiO3, сірке қышқылы, құмырсқа қышқылы, лимон қышқылы, сүт қышқылы. (бір формуланы бірнеше рет қолдануға болады)
Жеке жұмыс Тақтадан көрсетілген дұрыс жауап арқылы оқушы өзін өзі бағалайды.
Рефлексия «бес саусақ» 1.Қышқылдардың анықтамасын білемін
2.Қышқылдардың жіктелуін білемін.
3. Қышқылдардың металдармен реакция теңдеуін жаза аламын
4. Қышқылдардың тұздармен реакция теңдеуін жаза аламын
5. Қышқылдардың алыну жолын білемін
Ойша саусақтарыңызды санай отырып, осы сабақта нені меңгергендеріңізді көрсетітін саусақтарыңызды көтеріңіздер.