5 зертханалық сабақ А



Дата21.12.2023
өлшемі0,63 Mb.
#141976
түріСабақ
Байланысты:
5 зертханалық сабақ

5 зертханалық сабақ Азықта «шикі» протеинді анықтау

Орындаған: ВС-20-12 Байтубек Мадина және Болатбек Балжан


Ең алдымен шикі май дегеніміз не ? Шикі май деп азықтардың зоотехникалық талдауында азық үлгісін органдары май еріткіштерімен өңдегенде еритін заттарды айтамыз .Оларға пальмитин ,стеарин , олейн ,линоленді жатқызуымызға болады .
Органикалық еріткіштер азықтан бейтарап майларға қоса , балауыз тәрізді заттарды , фосфатидтерді, альдегидтерді , кетондарды , күкірт қосылыстарын, Органикалық қышқылдарды , сағыздарды ,бояғыш заттарды т .б ларын шығарады .Осындай ортақ экстракт "Шикі " май деп аталады . Табиғи майлардың құрамында алмастыруға келмейтін қанықпаған май қышқылдары болады : линолен, линол , арахидонды жатқызуымызға болады . Және олар жануарлар организмдерінде түзілмейтіндіктен азықпен бірге жеткізілуі керек . Осы май қышқылдарының мал организмдерінде жетіспеушілігінің кесірінен бірқатар аурулар туындауы мүмкін.
Пальмитин қышқылы, СНз • (СН2) 14 СООН — бір негізді қаныққан карбон қышқылы. Пальмитин қышқылы түссіз кристалл, 63,1° С-та балқиды, 351,5° С- та қайнайды. Суда ерімейді, спирт, бензол, ацетонда жақсы ериді.Пальмитин қышқылы барлық табиғи май құрамында кездеседі. Пальма майының құрамында 32—40%, шошқа майында 30%, сиыр майында 25%, соя майында 6,5% Пальмитин қышқылы болады. Пальмитин қышқылының күрделі эфирі мен жоғары молекулалы спирт балауыз түзеді. Мысалы, Пальмитин қышқылының цетил эфирінен спермацет, мирицилден ара балауызы түзіледі. Пальмитин қышқылының эфирі мен тұзынан сабын, косметикалық препараттар жасалады.
Олеин қышқылы дегеніміз не?
Жануарлар мен көкөністердің майларында табиғи түрде кездесетін бір қанықпаған май қышқылы. олеин қышқылыОл табиғи түрде иіссіз және түссіз, бірақ одан жасалған коммерциялық өнімдер сарғыш болуы мүмкін.Ғылыми тұрғыдан бұл бір қанықпаған омега 9 май қышқылы. Олеин қышқылыi құрайтын атомдар CH3 (CH2) 7CH = CH (CH2) 7COOH формуласына ие және карбон қышқылы тобына кіреді.[29.09, 21:30] Болатбек Балжан: Олеин қышқылыОны омега 9 майы деп атайды, өйткені тоғызыншы байланыста май қышқылының метил ұшынан көміртек-көміртекті қос байланыс бар.
Шикі протеинге азық құрамындағы барлық азоты бар заттар - белоктар жəне азоты бар басқа да қосындылар, яғни амидтер (амин қышқылдары, олардың амидтері, глюкозидтер, алкалоидтер, азот, азот қышқылы тұздары, т.б.) жатады. Шикі протеинді анықтау азық құрамындағы азот мөлшерін сандық түрде анықтаған соң оны пайызға айналдырып, шыққан пайызды 16,6-ға көбейту тəсілі арқылы жүргізіледі. 16,6 дегеніміз - протеин құрамында орта есеппен 16,6% азот бар деген сөз. Шикі протеинді анықтау азық құрамындағы индикатор, яғни "көрсеткіш" элемент азотты табуға негізделген
Кьельдаль тəсілі бойынша азықтағы азоттың жалпы мөлшерін табады. Ол үшін азық үлгісін күшті күкірт қышқылымен (меншікті салмағы 1,84) күйдіреді. Бұл кезде азықтың органикалық заттары –СО2Н2О жəне NH3-ке ыдырайды. Протеин аммиагы күкірт қышқылымен байланысып, күкірт қышқылды аммонийдің ұшпайтын тұзына айналады:
2NH3 + H2SO4 = (NH4)2SO4
Одан кейін осы тұзға күшті күйдіргіш натриймен əсер етіп, аммиакты босатады:
NH
(NH4)2SO4 +2NaOH =Na2SO4 +2NH4OH
Бөлінген аммиак 0,1н күкірт қышқылымен сіңіріледі, ал оның
1 мл 0,0014 г азотты байлайды. 1г азоттың 6,25 г протеин түзетінін біле отырып, (100:16,6=6,25), азот мөлшерін шикі протеинге ауыстыруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет