5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша


Ерте империя дәуірі. Август принципаты



Pdf көрінісі
бет86/552
Дата06.01.2022
өлшемі2,18 Mb.
#16284
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   552
 
Ерте империя дәуірі. Август принципаты. 
Монархиялық  жүйенің  тарихи  қажеттілігі.  Октавианның  саяси 
бағдарламасы және оның алғышарттары. Октавиан Августің заңдары, принципат 


 
 
формасында 
монархиялық 
жүйе 
негіздерінің 
қалыптасуы. 
Август 
принципатындағы  республикалық  құрылыс  әлементтері.  Провинциялармен 
қарым-қатынас.  
Августің  әлеуметтік  және  сыртқы  саясаты,  оның  жаулап  алушылықтары 
және  Рим  мемлекетінің  шекараларын  кеңейтуі.  Рейндегі  және  Шығыстағы 
шекараның тұрақтануы. Парфиямен қарым-қатынастар. Август билігінің жалпы 
нәтижелері.  
 
Рим империясы б.з. I–П ғғ. 
Принципат  жүйесінің  Август  мұрагерлері  тұсында  нығаюы.  Б.з.  І–ІІ  ғғ. 
билеуші  әулеттер.  Бюрократиялық  аппараттың  орталықтануы  мен  дамуы.  Рим 
императорлары саясатындағы абсолюттік бастаулар.  
Б.з.  І–ІІ  ғғ.  империяның  ішкі  және  сыртқы  жағдайы.  Император  билігінің 
провинцияларға  қатынасы.  Британия,  Галлия,  Иудеядағы  провинциялық 
көтерілістер. Парфия және оның Риммен күресі. Саяси дағдарыс және 68–69 жж. 
азамат    соғысы,  оның  әлеуметтік-саяси  нәтижелері.  Италия  мен 
провинциялардағы  ірі  және  ұсақ  жер  меншігі.  Қолөнер,  сауда,  ақша 
айналымының өсуі. Қолөнер орталықтарының ауысуы. Италиялық және римдік 
провинциялық қалалардың дамуы. Полистік дәстүрлердің сақталуы.  
Рим  мен  провинцияда  құлиеленушілік  қатынастардың  дамуы.  Құлдарды 
еркіндікке  жіберудің  өсуі.  Колонаттың  пайда  болуы  және  оның  І–ІІ  ғғ. 
эволюциясы.  Құлдар мен колондар еңбегін қанау. 
Б.з.  І–ІІ  ғғ.  Рим  императорларының  сыртқы  саясаты.  Траян 
жаулаушылықтары.  Қорғаныс  саясатына  көшу.  Адриан  тұсындағы  сыртқы 
саясаттың  өзгеруі.  Иудеядағы  көтеріліс.  Антониндердің  «Алтын  ғасыры». 
Провинциялардағы  көтерілістер.  Варварлардың  империя  шекарасына  тегеуріні. 
Құлиеленушілік  өндіріс  тәсілі  дағдарысының  алғашқы  белгілері.  Абсолюттік 
беталыстардың күшеюі. Антониндердің құлауы.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   552




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет