6 наурыз 2015 жыл Баршамыз ерекше қарсы алатын Көктем табиғаттың



Pdf көрінісі
Дата27.03.2017
өлшемі2,47 Mb.
#10508

.

№9 (61)


6 наурыз 2015 жыл

Баршамыз ерекше қарсы алатын Көктем табиғаттың 

құбылысы ғана емес. Көктем - ардақты аналарымыздың, 

аяулы  аруларымыздың  мерекесі.  Көктем  –  жыл 

маусымының мерекесі, халқымыздың қасиетті Наурыз 

мейрамы. 

Әр отбасының береке-бірлігін, халқымыздың дәстүрі 

мен салтын, мәдениеті мен тарихын ұрпақтан-ұрпаққа 

жеткізіп,  ұлтымызды  тәрбиелеген  Аналарымыз 

қоғамның берік діңгегі  болып табылады. Әлемдегі ізгілік 

пен сұлулықтың негізі болған аналар мен арулар бүгінде 

қоғамның  дамуында,  ел  бірлігі  мен  тұрақтылықты 

сақтауда,  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени 

үдерістердің барлығында өлшеусіз орын алады.  

Ұлттың ұлылығын, халқымыздың қасиетін дарытып 

келген,  еліміз  әз  Наурыз  деп  құрметтеген  мерекеміз 

барша  қазақстандықтарды  рухани  қуаттандырып, 

жаңалық пен жақсылыққа, ізгілік пен қайырымдылыққа 

ниеттендіреді. 

Еңсесі биік елдіктің, ырыс пен молшылықтың, жаңару 

мен жаңғырудың мерекесі болған Ұлыстың Ұлы күні 

– Наурыз!



Қадірлі ұстаздар, қымбатты студенттер!

Көркем көктеммен жеткен мерекелеріміз әр ісімізге 

-  сәттіліктің,  шаңырағымызға  -  шаттықтың,  мол 

мүмкіндіктердің бастауы болсын!  

Наурыз  сапалы  білім  мен  кәсіби  шыңдалудың, 

ғылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып, 

белесті сәттерді сыйласын!

Жаңа күн - Жаңа Наурыз халқымызға жайлы, елімізге 

еңселі болғай!

Ізгілік пен мейірімнің,  шуақты күндердің мерекесінде 

әр отбасына молшылық, мықты денсаулық, құт-береке 

тілеймін! 



Ізгі тілекпен,

ректор, профессор Б.МаМраев

Құрметті әріптестер! Қымбатты студенттер!

ел бағдары - нұрлы жол

Қ Х А   2 0 1 5   ж ы л ғ ы   1 4 

ақпандағы ҚР Президенті сайла-

уын өткізу туралы бастамасына 

еліміздің  барлық  саяси  парти-

ялары,  қоғамдық  бірлестіктер, 

зиялы  қауым  өкілдері,  бизнес 

өкілдері қолдау білдіруде. 

Ел өміріндегі осындай маңызды 

оқиғадан  Х.Досмұхамедов 

атындағы  Атырау  мемлекеттік 

университеті де сырт қалған жоқ. 

65 жылдық тарихы бар, түлектері 

Қазақстан  Республикасының 

түкпір-түкпірінде экономиканың 

барлық салаларында еңбек етіп 

жүрген  ірі  білім  мен  ғылым 

орталығы  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  бастамасына 

үн қосып, бірқатар іс-шараларды 

өткізуді жоспарлауда. Олардың 

алғашқы  легінде  Президент 

сайлауын  мерзімінен  бұрын 

өткізудің  артықшылықтары 

мен  перспективаларына  бай-

ланысты  ой-пікірлерді  ортаға 

салған дөңгелек үстел болды. 

А т ы р а у   о б л ы с т ы қ 

Мәслихатының депутаты, Аты-

рау  облысы  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясы мүшесі, «Видерге-

бурт» этномәдени бірлестігінің 

төрағасы  А.Думлер,  тарих 

ғылымдарының  кандидаты, 

профессор,  облыстық  ҚХА 

мүшесі А.Блохин, университет 

ардагерлер кеңесінің төрағасы, 

педагогика ғылымдарының кан-

дидаты Ш.Нагимов, профессор 

Б.Таубаев,  әлеуметтік  зерттеу-

лер зертханасының меңгерушісі 

А.Лұкпанов,  PhD  докторы 

Р.Абдинов,  3-курс  студенті 

Ж.Несіпбаева ҚХА мүшелерінің 

2015  жылы  елімізде  Прези-

дент  сайлауын  өткізу  туралы 

ұсынысына  қолдау  білдірген 

пікірлерін ортаға салды.

Дөңгелек  үстел  жұмысына 

ғ а л ы м д а р ,   п р о ф е с с о р -

оқытушылар  құрамы,  ардагер-

лер,  университет  жанындағы 

Қазақстан халқы ассамблеясы ин-

ституты мүшелері, БАҚ өкілдері, 

магистранттар, студент-жастар 

қатысты. 

Іс-шара қорытындысы бойынша 

Х.Досмұхамедов атындағы Аты-

рау мемлекеттік университетінің 

профессор-оқытушылары  мен 

студент-жастары  ҚХА  Пре-

зидент  сайлауын  мерзімінен 

бұрын  өткізу  туралы  бастама-

сын қолдауға шақырған Үндеу 

қабылдады. 

Гүлфайруз 

ҚаЙЫрҒаЛИева

Университет ұжымы

қолдаУ білдіреді

19 ақпанда университет педагогикалық ұжымы және студент жастарының 

қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республи-

касында мерзімінен бұрын ҚР Президенті сайлауын өткізу туралы бастама-

сына арналған дөңгелек үстел өтті.

ҚазаҚ хандығына - 550 жыл

ел тұтастығы - 

халқымыздың бірлігі

2 ақпанда Қазақ хандығының 

550  жылдығына  орай  «Ел 

тұтастығы  –  халқымыздың 

б і р л і г і »   т а қ ы р ы б ы н д а 

ғылыми-практикалық  семи-

нар  өтті.  Семинарға  филоло-

гия  ғылымдарының  докторы, 

профессор,  Қ.Жүсіп,  тарих 

ғылымдарының  докторы,  про-

фессор  А.Ахмет,    профессор-

оқытушылар, магистранттар, сту-

денттер қатысты. Тарихты білім, 

ғылым, әдебиетпен ұштастыра 

отырып, түрлі тақырыптарда ой 

қозғап, мазмұнды баяндамалар 

жасалды.  Қазақ  хандығының 

құрылуы  мен  тарихы,  оның 

еліміздегі  мемлекеттіліктің 

дамуындағы  маңызы,  осы 

тұстағы  ғылым,  әдебиет, 

мәдениет  пен  өнердің  дамуы 

жайында пікір алмасу жүрді.  Іс-

шараның  ұйымдастырылуына 

және  мазмұнды  өтуіне  Қазақ 

тілі мен әдебиеті кафедрасының 

ұжымы атсалысты. 



Ботагөз НЫСаНБаева

жеңіске - 70 жыл

сен құрметте оны

20 ақпанда осындай тақырыппен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 3 курс 

студенттерінің  ұйымдастыруымен  Жеңістің 70 жылдығына арналған кезде-

су кеші болып өтті. 

Кешке Ұлы Отан соғысының 

ардагері Раушан Досқалиев пен 

тыл  және  еңбек  ардагері  Рах-

метолла  Ізтелеуов қатынасып, 

зұлмат  жылдар  жаңғырығы 

жайлы  сыр  шертті.  Соғыс 

жылдарындағы майдан даласы 

мен тылдағы халықтың тұрмысы 

жайындағы деректер көріністері 

бар студенттер дайындаған бей-

неролик  қатысушы  жастарға 

әсер етті. 

Ардагерлердің жалынды жыл-

дардан  келтірген  естеліктері 

с т уд е н т т е р   т а р а п ы н а н 

қызығушылық  туғызды.  Аға 

ұрпақ  пен  қазіргі  жастардың 

арасындағы  сабақтастықты 

бейнелеген  кездесу  кешінің 

тәрбиелік  маңызы  жоғары 

б о л д ы .   Жа с т а р м е н   ке з -

десуге  келген  ардагерлерге 

ризашылықтарын білдірген сту-

денттер  естелік  сыйлықтарын 

ұсынды.  



Ұлан ИМаНҒаЛИев,

Қазақ тілі мен әдебиеті 

мамандығының 3 

курс студенті

2015 - год ассамблеи

народа казахстана

инститУт в стенах

Университета

Согласно Постановлению Пра-

вительства об утверждении Наци-

онально плана мероприятий по 

празднованию Года Ассамблеи, в 

вузах страны должны открыться 

кафедры Ассамблеи народа Ка-

захстана,  которые  будут  зани-

маться реализацией государствен-

ной национальной политики, вос-

питанием студенческого сообще-

ства в духе толерантности и т.д. В 

университете эта работа началась 

задолго до этого. 

По инициативе нашего вуза в 

Элисте на базе Калмыцкого го-

сударственного университета в 

2012 году был открыт Центр ка-

захстанской науки и культуры. 

Год спустя Российский центр на-

уки и культуры открывается у 

нас. В декабре 2014 года состо-

ялось торжественное открытие 

Центра азербайджанской куль-

туры и истории. Тогда же была 

презентована Лаборатория соци-

ологических исследований. А в 

ходе телемоста между АГУ им. 

Х.Досмухамедова и Астрахан-

ским государственным техниче-

ским университетом президент 

Астраханского государственного 

технического университета, про-

фессор Юрий Пименов предло-

жил в связи с 550-летием казах-

ской государственности на базе 

АГТУ открыть в 2015 году Центр 

истории и культуры Казахстана.

Все эти подразделения в поня-

тие «кафедры» уже не укладыва-

лись, поэтому Ученым советом 

было принято решение создать 

на базе этих центров и лаборато-

рии Институт Ассамблеи народа 

Казахстана. 

Предметом деятельности Ин-

ститута АНК будет являться раз-

витие культуры в области межэт-

нических  отношений  в  Казах-

стане, пропаганда идей толерант-

ности, единства, межэтнического 

и межконфессионального согла-

сия народа Казахстана. 

Цель Института АНК - приоб-

щение студенческой молодежи к 

культуре и традициям предста-

вителей всех национальностей, 

проживающих в стране, а также 

объединение усилий в выработке 

единых методологических и прак-

тических подходов в изучении 

и пропаганде казахстанской мо-

дели полиэтнического общества 

в процессе формирования толе-

рантного поведения в среде сту-

денческой молодежи. 

В  церемонии  открытия  при-

няли участие руководитель Се-

кретариата Ассамблеи народа Ка-

захстана Атырауской области Ер-

кин Кадыргалиев, руководитель 

Управления внутренней политики 

Атырауской области Асия Киста-

убаева, представители этнокуль-

турных  объединений  области, 

СМИ, ученые, профессорско-пре-

подавательский состав универси-

тета, магистранты, студенты.

Открыв  церемонию  привет-

ственным словом и сообщив, что 

в вузе обучаются представители 

15-ти национальностей, ректор 

университета Бейбут Мамраев 

передал слово Еркину Кадырга-

лиеву. Глава областного Секре-

тариата АНК выразив благодар-

ность университету за такой шаг 

в преддверии старта официаль-

ных мероприятий в честь празд-

нования Года Ассамблеи, пожелал 

удачи в общем деле. 

- Институт Ассамблеи народа Ка-

захстана при Атырауском государ-

ственном университете, я уверена, 

послужит диалоговой площадкой 

не только для этнокультурных объ-

единений нашей области, но и для 

всех жителей нашего региона, в 

первую очередь, для молодежи. По-

служит площадкой, где  бы можно 

было обменяться своим опытом ра-

боты. Не только мнением, а именно 

опытом, чтобы можно было плани-

ровать дальнейшую совместную 

работу в плане обеспечения мира 

и единства в нашем общем доме, - 

сказала  руководитель Управления 

внутренней политики Атырауской 

области Асия Кистаубаева, пре-

зентовав Институту этнополити-

ческий словарь.

Также слова поздравлений и 

напутствий прозвучали от заме-

стителя председателя  корейского 

этнокультурного  объединения 

«Тхоньил» Людмилы Ли, пред-

седателей филиала Ассоциации  

русских, славянских и казачьих 

объединений Владимира Заверт-

кина и немецкого ЭКО «Видерге-

бурт» Александра Думлера. 

Каждый из выступающих от-

метил роль АНК и ее значимость 

в процессе поддержания межэт-

нической стабильности, и, в этой 

связи, - значение открываемого 

Института. 

После официальной части, го-

сти приняли участие в неболь-

шой экскурсии по учебному за-

ведению, которая завершилась 

в конференц-холле, где их ждал 

этноконцерт. Под выступление 

артистов получилась неожидан-

ная и приятная импровизация: 

заслышав ноты родных мелодий, 

гости не удержались и поддер-

жали музыкантов танцами. 

Завершилось  мероприятие  в 

Центре азербайджанской куль-

туры и истории, где за чашкой чая, 

в неофициальной и теплой об-

становке собравшиеся обсудили 

дальнейшие перспективы работы 

Института Ассамблеи народа Ка-

захстана, обменялись мнениями 

и планами. 

Найля ОСМаНОва,

фото

рахима КОЙЛЫБаева

3 февраля в АГУ им. Х.Досмухамедова состоялось 

торжественное открытие Института Ассамблеи 

народа Казахстана. Событие можно назвать 

уникальным – это первый и пока единственный 

Институт Ассамблеи в стране.


Университет

27  қаңтарда  Х.Досмұхамедов  атындағы 

Атырау мемлекеттік университетінде «Рек-

тор  кубогі»  үшін  профессор-оқытушылар 

мен  қызметкерлер  арасындағы  дәстүрлі 

63-ші  спартакиадасының  жабылу  салта-

наты өтті.

Спартакиада барысында қатысушылар ба-

скетбол, волейбол, арқан тарту, мылтық ату, 

үстел теннисі, шахмат, футзал сияқты спорт 

түрлерінен сынға түскен болатын. Сайыстар 

қорытындысында жалпыкомандалық есеп 

бойынша  жүлделі  бірінші  орынды  және 

үлкен ректор кубогын  психология, педаго-

гика және өнер факультеті, екінші орынды 

– ректорат командасы, үшінші орынды - жа-

ратылыстану ғылымдары факультеті жеңіп 

алды. 


Бұдан басқа сайыстың түрлі кезеңдерінде 

үздік ойын көрсеткен командалар мен ойын-

шылар да марапатталды. Әрбір спорт түрі 

бойынша жүлделі орындар алған команда-

лар да марапаттан сырт қалмады.

Спорттық жарыстарды өткізудің барлық 

талаптары  мен  ережелері  бойынша 

ұйымдастырылып  өткізілген  спартаки-

ада қызықты ойындарымен, таласқа толы 

сәттерімен есте қалды. Ең үздік ойыншы, 

үздік көрермен, үздік жанкүйерлер де осы 

салтанат барысында алғыс хатармен және 

естелік сыйлықтармен атап өтілді.

дӘстҮрлі сПартаКиада 

қыЗықты Өтті

СПАРтАКИАДА 

КүнДеліГінен

2015 жылғы 8 қаңтарда 

университет профессор-

оқытушылары мен 

қызметкерлері 

арасындағы дәстүрлі спар-

такиада басталды. Ректор 

кубогы үшін өтетін бұл 

жарыс спорттың 7 түрінен 

өткен еді. Профессор-

оқытушылар баскетбол, 

волейбол, футзал, шахмат, 

мылтық ату, үстел теннисі, 

арқан тартудан жарысқан 

болатын. Биылғы жылы 

63-ші рет өткізіліп отырған 

университет спартаки-

адасына ректорат және 

барлық факультеттердің 

командалары қатысты.

9-10 қаңтар

Жарыстың  алғашқы  екі 

күнінде  баскетбол,  волейбол, 

шахматтан сайыстар өтті. 

Б а с ке т б ол д а н   б і р і н ш і 

орынды  ректорат  командасы, 

екінші  орынды  -  психоло-

гия,  педагогика  және  өнер 

факультеті, үшінші орынды – 

әкімшілік-шаруашылық коман-

дасы иеленді. 

Волейболдан  ректорат,  жа-

ратылыстану ғылымдары, пси-

хология, педагогика және өнер 

факультетінің  командалары 

үздіктер қатарынан табылды. 

Шахматтан  жаратылыстану 

ғылымдары,  педагогика  және 

өнер,  экономика  және  құқық 

факультеттері  үздік  ойын 

көрсетті. 

11-12 қаңтар 

Үстел  теннисінен  бірінші 

орынды психология, педагогика 

және  өнер  факультеті,  екінші 

орынды  -  жаратылыстану 

ғылымдары факультеті, үшінші 

орынды - ректорат командасы 

иеленді. 

Арқан  тартудан  экономика 

және  құқық  факультетінің 

құрама  командасы    мықты 

болды. Тарих-филология және 

әлем  тілдері  факультетінің 

қ ұ р а м а   ко м а н д а с ы   д а 

табандылық  танытып,  екінші 

орынды жеңіп алды. Ал үшінші 

орынға психология, педагогика 

және  өнер  факультетінің  ко-

мандасы лайық деп танылды. 

14-15 қаңтар

Мылтық  атудан  педаго-

гика  және  өнер  факультеті, 

ә к і м ш і л і к - ш а р у а ш ы л ы қ 

бөлімі,  тарих-филология және 

әлем  тілдері  факультетінің 

мергендері  үздік  нәтиже 

көрсетті. 

Ф у т з а л д а н   р е к т о р а т, 

әкімшілік-шаруашылық,  жа-

ратылыстану  ғылымдары 

факультеті  командалары 

нәтижелі ойын көрсетті.


және спорт

ПОЗДРАВлЯеМ

студента 1 курса

специальности 

«Физическая культура

 и спорт», мастера спорта 

по кикбоксингу

ВОлЫнСКОГО ГеОРГИЯ, 

занявшего III место

в Первом Чемпионате

Казахстана

по универсальному бою 

(г.Актобе).

Желаем дальнейших

побед!

ҚұттЫҚтАйМЫЗ!

Алматы қаласында

муай-тайдан  өткен 

Қазақстан

Чемпионатында

«Дене шынықтыру және 

спорт» мамандығының

2 курс студенті,

тайбокстан  спорт шебері  

ГАлИеВ ИШАн жүлделі

I орынға ие болды. 

Алдағы уақытта да 

жеңісті күндер тілейміз!

Шараны  академик  Зейнолла  Қабдолов 

атындағы  гуманитарлық  ғылыми  зертхана 

жетекшісі,  тарих  ғылымдарының  докторы 

Аққали  Ахмет  ашып,  осы  күндері  тоқсан 

жылдығы аталып отырған қоғам және мем-

лекет қайраткері Оңайбай Көшековтің өмір 

жолы  жайында  айтты.  Атырау  өңірінің 

дамуында  өзіндік  үлесі  бар  О.Көшеков 

1925  жылы  10  ақпанда  Гурьев  қаласы, 

Еркінқала  ауылдық  кеңесінің  Сарыөзек 

елді мекенінде дүниеге келген. Көпбалалы 

қарапайым отбасында өскен ол өзі де жас 

кезінде  шопан  боп  еңбек  етті.  Ұлы  Отан 

соғысынан  оралғаннан  кейін  еңбек  жо-

лында түрлі қызметтер атқарды. Алматыдағы 

Жоғарғы партия мектебін бітіріп, содан соң 

Қазақстан  Коммунистік  партиясы  Гурьев 

облыстық  комитетінің  ауыл  шаруашылық 

бөлімінің  меңгерушісі  боп  жұмыс  істеді. 

1970-1977 жылдары Гурьев облыстық атқару 

комитетінің  төрағасы  қызметін  атқарды. 

1977 жылы Қазақстан КП Гурьев облыстық 

комитетінің бірінші хатшысы болды. 

Оңайбай Көшеков облыс басшысы болған 

кездері көптеген маңызды кәсіпорындар іске 

қосылды. Атап айтқанда, Теңіз мұнай кеніші 

ашылып, Атырау-Ганюшкин жолы салынды, 

Атырау–Мақат-Құлсары, Мақат–Индер темір 

жолы  салынды.  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің 

бірнеше  шақырылымының  мүшесі  болды. 

Еңбек  демалысына  шыққаннан  кейінде 

еліміздің  дамуына  үлес  қосып,  жастарды 

тәрбиелеу  ісіне  өзінің  ақыл-кеңесімен, 

өнегелі  істерімен  үлгі  бола  білді.  2005 

жылы  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау 

мемлекеттік университетінің Құрметті про-

фессоры атақғына ие болды.

І с - ш а р а   б а р ы с ы н д а   у н и в е р с и -

тет  медиаорталығының  дайындаған 

видеофильмімен  ұштастыра  студенттер 

«Ел  халқы  қастерлейтін  бабамыз  бар», 

«Соғыс жылдарынан көрініс», «Өз қолымен 

Бақсайдың бағын ашты», «Әулиелер мекенде-

ген жер - Маңғыстау», «Өміріме дән ризамын» 

тақырыптарында  өмір  жолынан  үзінділер 

көрсетті.  Кешке  Оңайбай  бабамыздың 

ағайындары,  жанжары  Айсұлу  апай  ұл-

қыздары  және  немерелерімен,    облыстың 

мемлекеттік және қоғамдық өміріне белсене 

араласқан танымал тұлғалар, ардагерлер, БАҚ 

өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері, об-

лыс орталығындағы колледждердің тәрбие 

ісі жөніндегі жетекші мамандары мен жа-

уапты  тұлғалары  қатысты.  Тағылымды 

тұлғаны еске алуға арналған еске алу кеші 

қатысушылардың  көңілдерінен  шығып, 

қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын 

білдірді.



Ботагөз НЫСаНОва

ел анасы тағылымы 

Ке з д е с уд і ң   м а қ с ат ы   - 

жастарға  өнегелі  отбасылар, 

тағылымды  жеке  тұлғаларды 

таныстыру,  олардың  өнегелі 

өмір  жолын  насихаттау,  жеке 

тұлғалар  тағылымы  арқылы 

адамгершілікке,  ізгілікке, 

үлкенге  құрмет  с е зіміне 

тәрбиелеу.

Кездесуді ашқан университет 

ректоры, профессор Б.Мамраев 

Ділдә Матайқызының «Тәрбие ту-

ралы толғаныс», «Айналайында-

рым менің», «Ұрпаққа аманат», 

«Ұрпағым саған айтам», «Ана 

туралы жыр» атты тәрбие, білім, 

отбасы, этнопедагогика, ұлттық 

тарих  тақырыптарындағы  ой-

толғаныстарынан  тұратын 

бірнеше  кітаптардың  авторы 

екендігін айта келе, оқырмандар 

сұранысы бойынша бірнеше рет 

қайта  басылымы  болған  бұл 

кітаптардың мектеп мұғалімдері, 

балабақша  тәрбиешілері  үшін 

маңыздылығын, педагогикалық 

мамандықтарда оқитын студент-

тер үшін де қажетті құрал болып 

отырғандығын атап өтті. 

Кездесуді  жүргізген  Әлібек 

Асанбайұлы  «Жақсы  кітап  – 

жан азығы» деген халық сөзінің 

өзектілігін,  бүгінгі  таңдағы 

кітап оқушыларының мәселесі, 

кітаптарды  көпшілікке  та-

ныстыру  жайына  тоқталды. 

Сонымен  қатар  заманында 

ісімен  үлгі  болып,  ел  анасына 

теңестірілген,  әулие  атанған, 

қазақ  халқының  тарихында 

ел  мақтанышы,  бүкіл  ауыл-

аймағына  ақыл-парасатымен 

сыйлы болып, ақыл-кеңестерін 

айтып,  ел  құрметіне  бөленген 

Айпара, Айғаным, Ұлпан, Ай-

тоты сынды аналарды атап өтті. 

Бүкіл дүниежүзіне кеңінен та-

нымал, тұтас халықтың мәдени 

мұрасы  болып  табылатын 

үнділік, тибеттік философиялық 

шығармалар,  Р.Гамзатовтың 

«Менің  Дағыстаным»  және 

басқа  да  тәлім-тәрбиелік  мәні 

зор  шығармалар  жайындағы 

ойымен  бөлісті.  Әлемдік 

әдебиеттегі  осындай  ұлы 

туындылардың  қатарында 

ұлт  пен  ұрпақ  тәрбиесіне  мән 

берілген Абайдың қара сөздері, 

Немат  Келімбетовтің  «Ұлыма 

өсиет»  сияқты  еңбектердің 

шоқтығы биіктігіне тоқталды. 

Ұ л т ы м ы зд ы ң   с а қ т а л у ы 

мен  генофондық  тазалығына, 

ұлттық  тәрбие  ерекшеліктері 

мен  жаһандану  үдерісіндегі 

елдік  ерекшелікті  сақтау, 

жаны  мен  тәні  таза  ізгілікті 

ұрпақ  тәрбиесіне  мән  берген 

Ділдә  Матайқызының  әрбір 

ой  тұжырымы  мен  көзқарасы 

бүгінгі  таңда  көкейкестілігін 

жоймаған,  күн  тәртібіндегі 

тақырыптар болып табылады. 

Денсаулық сақтау және білім 

беру саласында қырық жылдай 

еңбек  еткен  Ділдә  Матайқызы 

дені сау ұрпақ өсірудің ұлттық 

қауіпсіздік  тұрғысындағы 

маңызына жоғары мән береді.  

С ө з   к е з е г і н д е   Д і л д ә 

Матайқызы  кітаптарды  жазу 

барысындағы  ізденістеріне, 

тәрбие  тақырыбындағы  еңбек 

жазуға  түрткі  болған  себеп-

терге  тоқталды.  Студенттер 

сұрақтарына жауап берді. 

Ұ л ы   О т а н   с о ғ ы с ы 

ж ы л д а р ы н д а ғ ы 

қ и ы н ш ы л ы қ т а рд ы   б а с ы -

нан  өткерген,  соғыс  кезінде 

медициналық  қызметкерлерді 

дайындау  курсынан  өткен 

Ділдә Матайқызының соғыстың 

ауыртпалығын  көрген  куәгер 

ретіндегі тәрбиелік мәні жоғары 

естеліктерін де айтып өтті. 

Облыстық  «Қыз  Жібек» 

клубының  төрайымы,  профес-

сор  Бақыт Барсай, филология 

ғылымдарының  докторы,  про-

фессор  Қадыр  Жүсіп,  журна-

листер Өтепберген Әлімгереев, 

Г.Ниетқа лиева  автордың 

бірқатар еңбектері жайындағы 

ойларымен бөлісті.

Кезде су  соңында  Ділдә 

Матайқызының оқырмандардың 

сұранысымен  қайта  жарық 

көрген  кітабының  тұсаукесері 

өтіп, автордың қолтаңбасымен 

у н и в е р с и т е т   ғ ы л ы м и 

кітапханасына табысталды. Іс-

шарада «Ел анасының ұлағаты» 

кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Гүлфайруз 

ҚаЙЫрҒаЛИева

ҮлКен істер адамы



 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде

«Ел ағасы тағылымы» және «Ел анасы тағылымы» тақырыбымен 

халқымыздың қадірлі тұлғаларымен кездесулер, түрлі іс-шаралар

өткізу дәстүрі қалыптасқан. Жастар саясаты орталығының 

ұйымдастыруымен өткізілген бұл шаралар тағылымымен ерекшеленді. 



11 ақпанда Облыстық кураторлар кеңесі және университеттің 

Жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен Атырау 

облысының Құрметті азаматы, ұлы Отан соғысының ардагері 

Оңайбай Көшековтың 90 жылдығына арналған  «Өнегелі өмір жолы» 

тақырыбындағы танымдық іс-шара өтті.

28 қаңтарда  

Х.Досмұхамедов атындағы 

Атырау мемлекеттік 

университетінде

«ел анасы тағылымы»  

тақырыбында Ділдә 

Матайқызымен кездесу өтті. 

Кездесуге Қазақстан 

Республикасы ұлттық 

кітапханасының бас дирек-

торы, танымал қаламгер, 

Мемлекеттік сыйлықтың 

иегері Әлібек Асқар, 

«Өлке» баспасының ди-

ректоры, Қазақстан Ре-

спубликасы Президенті 

сыйлығының лауреаты, 

жазушы Мереке Құлкенов, 

«Шежіре» шығармашылық 

орталығының бас редак-

торы, өлкетанушы, журна-

лист-жазушы Өтепберген 

Әлімгереев, ардагер 

ұстаздар, ғалымдар, сту-

денттер қатысты.

тағылым

ӨнеГелі Өмір жолы



25 ақпанда Халық ағарту ісінің үздігі, Атырау 

қаласының Құрметті азаматы, университетіміздің 

ардагер ұстазы Сәуле лұқпанқызының мерейтойы-

на арналған кездесу болды. 

- Осы оқу орнында еңбек етіп, 

шәкірттерге  дәріс  оқып,  ма-

мандар  дайындаған,  кейіннен 

облысымыздың  дамуына  үлес 

қосқан  Сәуле  Лұқпанқызы 

университетіміздің мақтанышы, 

қадірлі  ұстазы,  біліммен 

қатар  өмір  жолында  да  үлгі 

бола  алатын  тұлға.  Болашақ 

жастарымызға, кейінгі ұрпаққа 

жандарына  серік  болсын,  үлгі 

алсын  деп  ұйымдастырылып 

отырған  шара»,  -деп  атап  өтті 

кездесуді  ашқан  университет 

ректоры Бейбіт Мамраев. 

С ә ул е   Л ұ қ п а н қ ы з ы н ы ң 

өмірі  мен  шығармашылығы 

жайында орыс филологиясы және 

журналистика  кафедрасының 

меңгерушісі Сәуле Дүтбаева та-

ныстырды.

1958 жылы Алматы қаласындағы 

Қазақ  педагогикалық  институ-

тын бітірген жас маман Гурьев 

педагогикалық институтына жол-

дамамен  келіп,  орыс  тілі  мен 

әдебиеті кафедрасында еңбек етті. 

1973-1986 жылдары облыстық пар-

тия комитетінің ғылым және оқу 

орындары бөлімінің меңгерушісі, 

1986-1991 партия, кеңес, идео-

логия қызметкерлері біліктілігін 

көтеру курсы меңгерушісі қызметін 

атқарды. 

Студенттік  кезінен  белсенді 

қоғамдық көзқарасты ұстанған ол 

Мәскеуде өткен VI Дүниежүзілік 

фестиваліне қатысты (1956 ж.). 

Бірнеше рет комсомол, партия, 

мұғалімдер, дәрігерлер, әйелдер 

съездерінің делегаты, Халық де-

путаттары  кеңесінің  депутаты 

болып сайланды. 

А й м а қ т ы ң   ә л еум е т т і к -

экономикалық  дамуы  мен 

қоғамның  өміріне  қосқан 

үлесі үшін Атырау қаласының 

Құрметті азаматы атағы берілді, 

республикалық  дәрежедегі 

дербес  зейнеткер,  облыс  әкімі 

жанындағы  отбасы  және 

демографиялық саясат жөніндегі 

комиссия мүшесі болды. 

А рд а ге р   ұ с т а з ы   С ә ул е 

Лұқпанқызы өз өмірі мен еңбек 

жолын  әңгімелеу  барысында 

соғыстың қиын жылдарындағы 

Отанға деген сүйіспеншіліктің 

қалыптасқандығы, Жеңіске деген 

сеніммен  жастайынан  еңбекке 

араласқаны жайында тағылымды 

сәттерге  тоқталды.  Еңбек 

пен  ізденістің  жемісін  көріп 

отырғанын атап өтіп, жастарды 

білім мен оқуға шақырды. 

Келген  қонақтар  Сәуле 

Лұқпанқызымен әріптес болған 

кездегі  өмір  белестерін  еске 

түсіріп, қадірлі ұстазды мерей-

тойымен құттықтады.

Шараға  қатысқан  студент-

тер  сұрақтарына  жауап  алып, 

ұстазға арнаулар оқыды, Сәуле 

Лұқпанқызы да өзінің орындау-

ында әсем ән шырқады.



Ботагөз НЫСаНОва

Біздің ҚОнаҚТар

Университет туралы

Қаңтар айында уиверситетке ат басын бұрған 

танымал қаламгерлер, «Өлке» баспасының бас 

директоры Құлкенов Мереке Әбдешұлы мен 

Қазақстан Республикасы ұлттық Академиялық 

кітапханасының бас директоры Асқаров Әлібек 

Асылбайұлымен сәті түсіп сұхбаттасқан болатынбыз.

-Университетімізге  қош 

келдіңіздер,  оқу  орнындағы 

өзгерістер  туралы  қандай 

пікірдесіз,  жас  қаламгер 

студенттерімізге  айтарыңыз 

бар ма?

Әлібек асылбайұлы:

Мен енді бұл университетті 

көп біле бермеймін. Бірақ оның 

ректоры  іскер  азамат,  досы-

мыз, ініміз  ол Шығыс Қазақстан 

облысындағы Сәрсен Аманжо-

лов атындағы  университетін  

үлкен республикалық  деңгейге 

көтерген.  Бейбіт  Мамраев 

жұмыс істеген жерде ол  уни-

верситет  жақсы  дәрежеге 

шыққан шығар  деп ойлаймын. 

Мереке Әбдешұлы: Рахмет, 

иә, бұл оқу ордасына бұрыннан 

келіп жүрмін, өте жақсы білемін, 

университеттеріңізден талай 

білімді,  ғылым  жолын  жетік 

меңгерген, елге белгілі азамат, 

азаматшалар  шықты.  Жыл 

асқан сайын университет деңгейі 

көтеріліп, нағыз білім ошағының 

ордасы  болғаны  сезіліп  тұр. 

Бейбіт  Баймағамбетұлына 

алғысым шексіз. Ал жастарға 

айтқым  келетіні,  кітап  оқу 

керек,  іздену,  талпыну  керек, 

еңбектенген адамның ешқашан 

дүниесі  елеусіз  қалмайды. 

Оқырмандар  көбейіп,  білімді 

азаматтарымыз көбейе берсін!

-рахмет,  еңбектеріңізге 

жеміс,  шығармашылық 

тілейміз!

абай аҚМҰрЗИев,

журналистика 

мамандығының

2 курс студенті

Х.Досмұхамедов университетінің «Жалын» жас журналистер  ұйымының 

ұйымдастыруымен Қазақстан ұлттық телеарнасы «Apta.kz» сараптамалық 

бағдарламасының редактор – жүргізушісі, ҚР Журналистер Одағының 

мүшесі, ҚР үкіметінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «нұр 

Сұңқар – 2010» байқауының жеңімпазы Мейіржан Әлібекұлы журналистік 

шеберлік сыныбын өткізді. 

Еркін  форматта  жүргізілген 

шеберлік сыныбы пікір алмасу 

түрінде болды. Журналист пен 

студенттер  арасындағы  ашық 

әңгіме кездесудің қызықты әрі 

тартымды өтуіне септігін тигізді. 

Студенттермен  өткен  ашық 

әңгімедегі Мейіржан Әлібекұлы 

болашақ  журналистердің  жазу 

және  сөйлеу  мәнеріне  ғана 

емес,  мамандықтың  өзге  де 

қиын  да  күрделі  қыр-сырына 

ерекше  назар  аударды.  Сту-

денттер  көкейлерінде  жүрген 

сұрақтарына жауап алып, өз ойла-

рын ортаға салды. Факультет де-

каны Қылышбай Сүндетұлы жур-

налистке Алғыс хатын ұсынып, 

естелік сыйлықтарын табыс етті. 



абай аҚМУрЗИев,

 журналистика 

мамандығының 

2-курс студенті 

болашақ журналистерге 

арналған шеберлік сыныбы

декада математики

С 16 по 26 февраля 2015 г. прошла декада мате-

матики  в школе-лицее №16 им. Ж.Каражигитова. 

Целью  проведения мероприятия является обмен 

опытом    преподавания  математики;  смотр  вне-

классной работы по этой науке, выявление инте-

ресов и склонностей у отдельных школьников для 

подготовки олимпийского резерва; повышение ка-

чества математического образования в регионе.

16 февраля доктор педагогических наук, про-

фессор Т.А. Каражигитова  провела мастер-класс 

для молодых учителей на тему: «Объем тел враще-

ния» и очередное занятие академической школы 

на тему «Партнерство университета и школы в 

реализации системно-деятельностного подхода в 

обучения математике». 

17  февраля  состоялось  профориентационное 

занятие с учащимися старших классов на тему 

«Роль  АГУ  им.  Х.Досмухамедова  в  региональ-

ном  развитии». 

Также во время декады были проведены откры-

тые уроки, мастер-классы для учителей и много 

других мероприятий. 



Пресс-служба университета

құттықтаймыз -

олар біздің үздіктер!

Елімізде  дарынды  жастарды 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарына 

тарту  және  оларды  ынта-

ландару,  үздік  студенттерді 

қолдау және зияткерлік әлеуетті 

қалыптастыру  мақсатында 

Пре зиденттік  шәкірт ақы 

тағайындалады.  Президенттік 

шәкіртақыға ереже талаптарына 

сай келетін оқу үлгерімі үздік 3 

және 4 курс студенттер Ғылыми 

кеңес шешімінен ұсынылады.

Бүгінгі  таңда  біздің  универ-

ситетте 5 студент Президенттік 

стипендия  иегері  атанды. 

О л а р   –   Ғ а л и я   Қ ұ б и е ва , 

Гүлдана  Айтқалиева,  Марта 

Есмақова, Шынар Үржімбаева, 

Сәнім  Қабижанова.    Қаржы, 

құқықтану,  тарих,  биология 

мамандықтарында  4  курста 

оқитын олар тек озат білімімен 

ғана  емес,  қоғамдық  және 

мәдени-көпшілік  шараларға, 

ғылыми  сайыстарға  белсенді 

қатысуымен  де  ерекшеленеді. 

Барлығы  да  ғылыми  жобалар 

мен  олимпиадаларға  қатысып, 

жоғары көрсеткіштерге жетті. 

Ун и в е р с и т е т   м е р е й і н 

асқақтатып  жүрген  арулары-

мызды  көктем  мерекесімен 

құттықтап, алар асуларың мол 

болсын деген тілек білдіреміз. 



.

біздің жетістіктер

Газет «Атырау-Ақпарат»

ЖШС баспаханасында

басылды. Тапсырыс № 1751 Баспаның 

мекен-жайы:

Атырау қаласы,

Ж.Молдағалиев көшесі, 29А үй

тираж 1000 дана

Қазақстан Республикасы

Атырау каласы

Студенттер даңғылы, 212

еңбекті дәлелдеген 



мәртебе мен жеңіс

-Қысқаша ғана туған жеріңіз 

бен өмір жолыңызға тоқталып 

кетсеңіз. Ұстаз болуды өзіңіз 

таңдадыңыз ба,әлде үлгі ала-

тын тұлға болды ма?

Мен мұнайлы өлке Доссор елді 

мекенініңде дүниеге келдім. Мек-

тепте оқыған кезімде ағылшын 

тілінен  дәріс  берген  ұстазым 

О с п а н о в а   С а қ ы п ж а м а л 

Тұяқбайқызын  үлгі  тұтып, 

ұстаз  болуды  армандадым. 

Ағылшын  тілі  -  кең  тараған, 

әлем  мойындаған  шет  тілі. 

Университетті  1997  жылы 

шете тілі мамандығы бойынша 

бітірдім.

-Білім мен ғылым шыңына 

қол  жеткізуде  қиындықтар 

кездесті ме?

 Әрине, білім мен ғылым жо-

лында  үлкен  қиындықтар  көп 

болады.  2004  жылдан  бастап 

әл-Фараби  атындағы  Қазақ 

ұлттық  университетінде, 

ғылыми  жұмысыммен  айна-

лыстым.  2009  жылы  профес-

сор  Р.  Авакованың  ғылыми 

жет е к ш і л і г і м е н   « Т і л д і к 

бейнедегі  жүрек  концептінің 

к ө р і н і с і »   д и с с е р т а ц и я 

жұмысымды  қорғап,  филоло-

гия ғылымдарының кандидаты 

атағына ие болдым.  

-«Жоғары  оқу  орнының 

ү з д і к   о қ ы т у ш ы с ы » 

республикалық  конкурстың 

шарттары қандай болды? 

-  Бұл  байқауды  жыл  сайын 

Білім және Ғылым министірлігі 

жариялайды. Оған қатысу үшін 

оқытушы өзінің соңғы үш жылда 

атқарған барлық еңбектері бой-

ынша мәліметтер дайындайды. 

Шартқа сай берілген үлгі бой-

ынша тапсырмаларын толты-

рып алдағы жасайтын жұмыс 

жоспарын құрады. Еліміздің 90 

жоғарғы орнынан 545 үміткер 

қатысқанын білдім. 

-  Бұл  сайысқа  қатысу 

барысыңызда ұстаздық еткен 

еңбек  жолыңыздың  ықпалы 

болды ма, көмегі тиді ме?

-  Әрине.  Жұмыс  барысында 

білімімді  көтеру  мақсатында 

түрлі  семинар-тренингтарға 

қатынастым,  атап  айтсақ, 

2 0 1 0   ж .   А н г л и я ,   2 0 11 -

2012жж. Шотландияда, 2013 

жылы    Лондон  және  Кент 

қалаларында білімін жетілдіру 

курстарынан өттім. Осындай 

білім  орталықтарында  алған, 

көрген  білімім  ұстаздық  жо-

лында  үлкен  ықпал  тигізеді.

Сонымен  қатар  халықаралық 

б а с ы л ы м д а р ғ а   ғ ы л ы м и 

мақаларым жарық көрді.

-  Қазіргі  заманымыздың 

студенттеріне  оқу,  білім  алу 

жағынан  өз  тәжірибеңізден 

к ө р г е н - б і л г е н д е р і ң і з д і 

басшылыққа  ала  отырып, 

қандай  ақыл-кеңес  берер 

едіңіз?

-  Қазіргі  таңда  білім  алып 

жатқан студенттерге барлық 

жақсы  жағдай  жасалған. 

«Еңбек  етсең  ерінбей,  то-

яды  қарнын  тіленбей»  деген 

мақалды үнемі адам жадында 

ұстаса деп ойлаймын. Әрқашан 

алға мақсат қойып, оған жете 

білу керек. 

-Білім  мен  ғылымның, 

тәрбие мен ақыл-ойдың шебер 

маманы қырынан көріндіңіз, 

с і з г е   ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ 

жетістіктер  мен  беделді  биік 

белестер тілейміз! 

Ботагөз НЫСаНОва,

ақпарат хатшысы

Аударма ісінің теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі, фило-

логия ғылымдарының кандидаты Султангубиева Айгүл Айтмұханқызы 

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі 

республикалық  конкурстық комиссия шешімімен «үЗДіК ОҚЫтУШЫ» 

атағына ие болды. Бұл университетімізге мақтаныш әрі абырой. Мереке 

қарсаңында Айгүл Айтмұханқызымен сұхбаттасқан едік.

добро пожаловать в аГУ!

27 февраля в университете про-

шел день открытых дверей для 

учащихся старших классов школ 

города Атырау. Цель мероприятия 

– проведение профориентацион-

ной работы среди школьников. 

Школьники получили рекомен-

дации и советы по  психоэмоци-

ональному состоянию во время 

экзаменов и ЕНТ, по выбору спе-

циальности, им рассказали о вос-

требованных специальностях. 

Во время мероприятия психо-

логи Г.Кубышева, Ш.Бисенова, 

Л.Султанбаева  провели  с  ре-

бятами  психологические  тре-

нинги, после чего волонтеры из 

числа студентов провели экскур-

сию  по  университету.  Школь-

ники  посетили  Региональный 

центр  Болонского  процесса,  

Центр  молодежной  политики, 

музей,  арт-галерею,  научную 

библиотеку, культурно-спортив-

ный комплекс «Жайык». Кроме 

того, студенты, представшие в 

образе живых манекенов, визу-

ально представили гостям спе-

циальности вуза – артистов, пе-

дагогов, художников, юристов, 

журналистов, химиков и др. 

Затем гости приняли участие в 

специальной программе в конфе-

ренц-холле. Здесь будущим сту-

дентам были представлены пре-

зентации по академической мо-

бильности, волонтерской группе 

«Молодой психолог»,  команды 

«Enactus Kazakhstan». Студенты, 

победители научных проектов, 

предметных олимпиад, расска-

зали гостям о своих достижениях.

От имени выпускников вуза вы-

ступил руководитель Управления 

по вопросам молодежной поли-

тики Атырауской области Мей-

рим Калауи, который рассказал о 

годах учебы в нашем универси-

тете и пожелал молодежи успехов 

в учебе и в дальнейшей жизни. 

Во время встречи школьники 

получили ответы на волнующие 

их вопросы: о правилах прове-

дения  Единого  национального 

тестирования, о правилах и ус-

ловиях поступления в высшие 

учебные заведения, о льготах и 

грантах, стипендиях и др.  

В завершение ученикам был 

показан  концерт,  подготовлен-



ный студентами.  

Пресс-служба университета


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет