62. Патоген микроорганизмдер. Инфекция жұқпалы ауруын қоздырғыштары



Дата18.12.2022
өлшемі12,89 Kb.
#57890

62. Патоген микроорганизмдер. Инфекция жұқпалы ауруын қоздырғыштары
Тағамдық инфекция қоздырғыштары патогенді микроорганизмдер болып
табылады. Олардың негізгі қасиеті патогендігі мен токсигендігі.
Патогендік – белгілі бір микроорганизм түрінің макроорганизмде көбейіп,
белгілі бір ауру туғызуы. Патогендік қасиетке ауру тудырушы
микроорганизмдер ие. Патогенділерге инфекция тудыратын
микроорганизмдер жатады. Патогенді микроорганизмдер спецификалық
қасиетке ие, яғни әр қоздырғыш белгілі бір ауру түрін тудыруға қабілетті.
Микроорганизмдер патогендігін бағалау үшін, ауру тудыру қабілетінің
деңгейін – вируленттігін тексереді. Вируленттік – тұрақты қасиет емес,
қоршаған орта әсерінен ол әлсіреуі немесе күшеюі мүмкін.
Токсигендік– патогенді микроорганизмдердің токсин түзу қабілеті.
Инфекциялық процесс – макро- және микроорганизм арасындағы күрделі
биохимиялық процесс. Бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар
тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен
(диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Инфекциялық ауру бірден белгілі
болмайды. Патогенді микроорганизмнің ағзаға енуінен, алғашқы белгілердің
көрінуіне дейінгі кезең инкубациялық кезең деп аталады(жасырын кезең).
Инфекциялық немесе жұқпалы деп ауру тудырушы микроорганизмдер
қоздыратын ауруларды атайды және олардың басқа ауру түрлерінен басты
айырмашылығы, ауру адамнан сау адамға беріліп, белгілі жағдайда көпшілік
адам тобын ауруға шалдықтыра алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет