7 емтихан билеті



бет1/2
Дата13.12.2022
өлшемі22,36 Kb.
#56890
  1   2

7 ЕМТИХАН БИЛЕТІ


  1. Жүйке жүйесінің қозу өткізу заңдары.

Қозғыштық және өткізгіштік — жүйке талшықтарының негізгі қасиеттері болып есептеледі. Сондықтан жүйке талшықтары қозуды жүйке жүйесі мен атқарушы мүшелерге қарай өткізеді де, олардың қызметтерін белсенді жағдайға келтіреді. Осы жүйке талшықтарының қозуды өткізу қасиеттерін зерттеу нәтижесінде бірнеше заңдылықтар анықталған. 



Жүйке талшығының анатомиялық–физиологиялық тұтастығы заңы. Жүйке талшығымен серпіндерді өткізу мүмкіндігі тек оның анатомиялық тұтастығы бұзылмағанда іске асады, өйткені жүйке талшығы нейрон денесімен байланыста болғанда ғана өмір сүре алады. Талшық мембранасының кесілуі немесе кез келген жарақаты оның өткізгіштігін бұзады. Сонымен қатар талшықтардың физиологиялық қасиеттері бұзылғанда оның өткізгіштігі де зардап шегеді. Мысалы, жүйке талшықтары қысылғанда, созылғанда, аса жоғары (немесе төмен) температуралық әсерлерге түскенде немесе новокаин және басқада заттармен (хлороформ, эфир т.б.) блокада жасағанда, мембранасының өткізгіштігі жартылай, кейде толық бөгеледі. Мұндай әсерлер (немесе заттар) жүйке құрылымын бұзбайды, тек оның өткізгіштігі, заттың әсері тоқтағанша бұзылады да, одан кейін қайтып бұрынғы қалпына келеді.



  1. Жас шақтарын кезеңге бөлудің негізгі принциптері.

Жас ерекшіліктеріне байланысты кезеңге бөлу — адамның жасына сәйкес даму заңдылықтарына байланысты өмірін кезеңдерге бөлу. Адамның жас кезеңдерінің мазмұны белгілі физикалық, психофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік өлшемдермен белгіленеді. Бұлар арнайы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. Мәселен, жас мөлшерінің деңгейі, басында әрекет, ойын, оқу, еңбек т.б. түріне байланысты келесі теориялар бар.


Балалық шақ 0-18 жас аралығы.

  • нәрестелік немесе бал бөбектік жас – 1 жасқа дейін;

  • бөбектік жас - 1 жастан 3 жасқа дейін;

  • мектеп жасына дейінгі кезең - 3 жастан 6 (7) жасқа дейін;

  • төменгі сынып жасындағы балалар – 7 жастан 10-11 жас аралығы;

  • жасөспірім – 12-15 жас;

  • балаң жас 17-18 жасқа дейін.

Жастық кезең - 18-23 жас арасы. Оның өзі беске бөлінеді:
алғашқы жастық (18-20);
ортаңғы жастық(20-23);
Кемелдену жасы(25-60);
Егде жас(60-70);
Қарттық, кәрілік жас (70-тен әрмен қарай).



  1. Бауыр мен қарын асты безінің асқорытудағы рөлі.

Бауыр — қанды тазартуға және удан арылтуға көмектесетін, дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астына орналасқан ішкі мүше.
Бауыр (hepar) -- ең үлкен ас қорыту безі
Бауыр — адам ағзасының химиялық зертханасы. 300 миллиардқа жуық бауырдағы жасушалар қаннан ағзаға қажетті қышқылдар мен қорек болар өнімдерді бөліп алады. Оларды сүзгілеп, қажетті жеріне жеткізіп отырады.

Бауырдың атқаратын қызметтері:
• ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру);
• ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;
• ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;
• холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;
• он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;
• Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;
• Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.
белоктар, глюкоза, фруктоза, глицерин, май қышқылы түзіледі, сондай-ақ, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады

Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер Бауырда зарарсыздандырылады. Бауырдың лимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы зор. Бауырда қанмен келген амин қышқылдарынан. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады.


Құрамында 70-73% су, 2 -- 4 % май, 17 -- 18% ақуыз, оның ішінде ауыстырылмайтын түрлері болады. Бауырда көптеген В тобының витаминдері және А, Д, Е витаминдері де бар.
Сонымен бірге бауырда көптеген ферменттер, экстрактивті заттар және темір, фосфор көп. Майдаланған, пісірілген бауыр өзіне майды жақсы сіңіреді. Бауырды алдымен өтінен бөліп алып тазалайды, содан соң жуып, кесіп 2 -- 3 сагғат суық ағынды суда ұстай
1-сурет Үй жануарлардың бауырының бөліктерінің схемасы
А- ірі қара, Б- ит ,В- жылқы ,Г - шошқа
1-Сол жақ латеральді , 1' - сол жақ медиальді , 2- құйрықты жақ , 2' - құйрықты бөлік, 3- квадратты бөлік , 4- оң латеральді жақ , 4'- оң медиальді жақ 5- өт қабы , 6- вена , 7- дөңгелек бөлік
Бауырдың атқаратын қызметтері:
:: ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру);
:: ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;
:: ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;
:: холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;
:: он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;
:: Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;
:: Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау. Мысалы, майларды ерітетін А және Д дәрумендерін, суды ерітетін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттыру. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады.
Бауыр организмде өте маңызды жан-жақты қызмет атқарады Ол азық қорыту ағзаларынан ағатын қанның жолында тұрғандықтан аралық зат алмасу процестеріне ал бауыр өт бөлгендіктен азықтық заттардың қорытылуына және сіңіруіліне қатысады Бауыр асқазан ішек жолдарынан келіп түскен улы заттарды залалсыздандырадыСонымен қатар ол басқа да жан-жақты қызмет атқарады Бауырдың қызметі мен морфологиясының бұзылуы көптеген жұқпайтын ауруларда әсіресе азық қорыту жүйесі ауруларында және инфекциялық паразитарлық ауруларда болады
2-сурет Бауыр құрылысының сызбасы

Бауыр аурулары


Гепатоздар - зат алмасудың бұзылуынан болған бауыр аурулары Туындау себептері әрқилы Түйіршікті , амилоидты, көмірсулы, майлану дистрофиялары түрлерінде байқалады
3-сурет бауыр гепатозы
Этиологиясы мен дерттенуі
Көбінесес сапасыз азықтандыруға, улануға, қан айналымдағы ауытқуларға , инфекциялық және инвазиялық ауруларға сирегірек тумыстан болған ферментопатияға және ішкі секрецияға бездерінің сырқаттарына байланысты туындайды
Гепатоциттерде аралық зат алмасуы бұзылып бауыр дистрофиялық өзгерістерге ұшырап плазма нәруыздардың , гликогеннің , фосфолипидтердің түзілуі бауырдың тосқауылдық қызметі және өттің пайда болуы бұзылады
Гепатоздардың патологиялық анатомиясы әрдайым дистрофиялық өзгерістермен сипатталады Сырқаттық процесс бауыр бөлшектерінің шетінен не ортасынан бастау алады , немесе бірден бөлікшені тұтас қамтиды Мүшенің тірек өрмесі сақталып сырқаттың туындау себебі дер кезінде жойылған болса, паренхима дисторфиялық өзгерістерден айығып құрылым әдеттегі қалпына келеді Зілді гепатоздардың организм кейде комаға ұшырайды Бауырдың ұзаққа созылған дистрофиялық аурулары фиброзға , циррозға, реперативті регенерацияға ұласады
Гепатоздардың бауырдың қабыну ауруларынан яғни гепа-титтерден ажырату керек
Бауырдың токсигендік дисторфиясы токсиндер әсерінен туындайтын ерекше гепатоз Сырқат организмнің токсиндермен улануымен бауырда паренхималық торшалардың бірінші болып дистрофиялық процесстерге ұшырауымен мезенхималық торшалар реакциясының мардымсыздығынан сипатталады Жануар түрлерінің бәрі де шалдығады торайлар арасында кейде ауру кең таралады
Этиологиясы мен дерттенуі
Аурудың туындау себептері әрқилы Экзогенді және эндогенді текті улардың қайталанған әсерлерінен құрамында өсімдіктер, саңырауқұлақтар және минералдар тектіулар бар сапасыз азықты жегізбеуден буаздық токсемиясынан және төлдеуден кейінгіасқынулардан ішек қарындық аутоинфекциялардан сонымен қатар инфекциялық токсиндік әсерлерден болады
Көп мәрте әсер ететін улы заттар бауырда паренхималық нәруыздық майлану дистрофияларын шақырады , қан айналымын бұзады , азды көпті гипатоциттерді өлімге ұшыратады Бауырдың бүлінуге қарсы реакциясы токсиндік әсердің күшіне ұзақ қысқалығына қайталау жиілігіне сонымен қатар организмнің реактивтілігіне және мүшенің улы заттүріне сезімділігіне тәуелді
Патологиялық анатомиясы
Жіті немесе жітілеу өткен аурудан өлген жануарда бауырдың ұлғайганы және босағаны байқалады Ауру созылмалы өткен болса бауыр көлемі әдеттегідей болады немесе кішірейеді түсі ала-құла тартады Гепатоциттер нәруызды көмірсулы және және ақсары телімдерпайда болады да мүшенің әдеттегі қызыл қоңыр түсі өзгереді , шұбарланады Бөлікшелер орталықтары өлімге ұшырайды
Диагноз
Клиникалық деректерді ескере отырып пато-морфологиялық өзгерістер бойынша тұжырымдалады Бауырдағы бұл ауруғатән өзгерістер белгілі бір инфекциялық аурудың нышаны ретінде байқалады
Гепатиттер Бергілі бір себептерден зақымдалған бауырда қабынудың яғги қан тамырлық мезенхималық реакцияның туындауынан сипатталатын аурулар тобы
Ірі қара мал бауырында кәдімгі реактивтікқабынулар мен іріңдеп өліге ұшырай қабынулар әжептәуір жиі байқалатын құбылыстар
4-сурет Сау бауыр- созылмалы гепатитке шалдыққан бауыр - бауыр церрозы
Кәдімгі реактивтік, немесе иммундық гепатит
Бүліну экссудативтік және өсіп өну өзгерістер кешенінен сипатталатын бауыр қабынуы Әртүрлі ауруларға байланысты екінші кезекті туындайды 1Әрекетті және тұрақты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет