7-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығынан өз қалауыңыз бойынша төрт мәтінді алып, мәтіндерде көтерілген мәселелерге білімалушының қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырыңыз



Дата12.11.2022
өлшемі17,67 Kb.
#49584
Байланысты:
Рахымбай Мадина СӨЖ №2


7-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығынан өз қалауыңыз бойынша төрт мәтінді алып, мәтіндерде көтерілген мәселелерге білімалушының қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырыңыз.

Полиглот қыз Ұлыбританияда тұратын Соня Янг есімді 10 жасар қыз қазақ тілін меңгерген. Жақында Соня өз еліндегі жас лингвистер байқауында жеңімпаз атанды. Соня он тілде, соның ішінде біздің ана тілімізде еркін сөйлейді. Соняның отбасы Англияға Тайвань аралынан қоныс аударыпты. Тайваньда тұрған кезінде Соня қытай, ағылшын және жапон тілдерінде сөйлеген екен. Кейін неміс, француз, испан, португал тілдерін үйренген. Ал былтырдан бері қазақ және ганда тілдерін үйрене бастапты. «Тіл үйрену маған қызық. Түк қиындығы жоқ. Ынта-ықыласың болса, кез келген тілді меңгеруге болады,» - дейді полиглот қыз. Мүмкін, қазақша білетін Соня Қазақстанға саяхаттап келуді армандап жүрген шығар? Келсе, келсін. Қуана қарсы алармыз. Тек... «Қазақша білмейтін қазақтарды көргенде, қайтер екен?» деп ойлайсың


1-тапсырма Берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыз, жұпта талқылаңыз. Тірек сөздерді қолданып, диалог құрастырыңыз. Тірек сөздер: ана тілі, мемлекеттік мәртебе, қарым-қатынас құралы, тілге деген құрмет, тіл үйрену, тілді дамыту, таза сөйлеу, заман талабы, үштілділік, т.б.


2-тапсырма Тірек сөздерді пайдаланып, «Тіл білу де - өнер» тақырыбында ауызша мәтін құрастырыңыз. Айтылымда екпін түрлерін дұрыс қолданыңыз.


Дүниежүзінде халық та, соған орай тіл де көп. Ғалымдар соңғы кездерге дейін дүние жүзінде екі мыңнан астам немесе үш мыңға жуық тіл бар деп келген еді. 1980 жылы Герман Федерациялық Республикасында жарияланған мағлұматтарға қарағанда 5661 тіл бар екен. Қазір дүниежүзінде 2796 түрлі тіл қолданылады. Қолданатындар саны 50 миллионнан асатын тілдер – 13. Ең көп тараған қытай тілінде 844 миллион адам сөйлейді екен. Егер бұл тілдерді қолданатындар санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл ретінде қолданылады. Әлемде ресми тіл саны алтау: қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі, араб тілі. Дүниежүзіндегі барлық аударма шығармалардың 33% - ағылшын тілінен аударылса, 15 % - француз тілінен, ал 1% - неміс тілінен аударылады екен. Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған. 1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттік тілдердің қатарына кірген. Қазақ тілін еркін меңгерген кісіге туыстас түркі тілдерін, әсіресе, қарақалпақ, ноғай, татар және т.б. түркі халықтарының тілін меңгерген қиынға соқпайды. Сол сияқты орыс тілін жақсы білетін адамға болгар, поляк, словак тілдерін игеру жеңілдеу. Ал лингвистердің айтуынша орыс тілін, жапон тілін және қытай тілі секілді «оқшау тілдер» деп аталатын тілдерді меңгеру өте қиын.


1-тапсырма Мәтінді түсініп оқыңыз. Берілген сан есімдер мен мәліметтерді сәйкестендіріңіз. Кестедегі сандық ақпаратты сөйлеммен ашып жазыңыз


Тілді қалай үйрену керек Егер де шет тілді тез және сапалы меңгеру керек болса, оқу үрдісінде бірнеше пайдалы кеңеске назар аудару керек. Қайталау Жаңа жаттаған сөздер мен ұғымдарды есте сақтап қалудың негізгі кепілі - қайталау. Белгілі бір уақыт өткен сайын сөздерді еске алып тұру керек. Оларды пайдаланбаса, ұмытылады. Мысалы, бүгін оқыған сөзді ертең қайталау керек. Кейін екі күн өткеннен кейін, сөйтіп қайталау аралығын ұзарта беру қажет. Ұйқы алдында оқыңыз Жаңа тілді үйрену көп көлемде жаңа ақпаратты есте сақтау мен түсінуден тұрады. Мысалы, грамматикалық ережелерді мысалдармен түсініп, оларды пайдалана алу керек. Жаңа сөздер сабақ кезіндегіге қарағанда ұйқы алдында тез жатталады. Тек тілді ғана емес, контентті оқыңыз Тілді оқу барысында сол тілден пайдалы ақпараттарды оқу керек. Қызықты материалдар тілге деген қызығушылықты арттыра түседі. Зерттеу нәтижелері де осыны дәлелдейді. Бір топ студенттерге тек француз тілін оқуға берген, келесі топқа француз тілінде бірнеше пәндерді оқуға берген. Екінші топ қатысушылары мәтінде түсіну мен оқуда қаттырақ алға ілгеріліген. Жұмыс істегендіктен тілді оқуға керекті арнайы уақытта бөлу өте қиын. Егер де тілмен күнделікті айналысса, оның пайдасы жақсырақ болады. Біздің ми бір уақытта көп ақпаратты қабылдай алмайды. Сол себепті оны бөліп-бөліп берген дұрыс. Бос уақыттарда подкасттар тыңдау тілдің құрылымы мен сөйлеуді түсінуге жақсы құрал. Ескі мен жаңаны араластырыңыз Оқу керек материал көлемі өте көп. Сол себепті тілді тез оқуға тырысамыз. Осындай асығыстық кезінде ескі ақпарат ұмытылып қалып жатады. Мұны болдырмау үшін ескі өткен ақпаратты жаңа алынған біліммен араластырып отыру керек. Сонда жаңа тілді оқу үрдісі жылдамырақ жүреді.
1-тапсырма «Төрт сөйлем» тәсілі
1. Пікір. Мәтіндегі деректерді қолданып, өз пікіріңізді жазыңыз. (1 сөйлем)
2. Дәлел. Өз ойыңызды аргументпен дәлелдеңіз. (1 сөйлем)
3. Мысал. Пікірді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз. (1 сөйлем)
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңыз. (1 сөйлем

Қазіргі уақытта қазақ тілін дамыта отырып, орыс тілінің қолданылу деңгейін сақтау, ағылшын тілін үйрету тіл саласындағы жұмыстардың басым бағыты ретінде белгіленіп отыр. Өмір сүріп отырған елдің мемлекеттік тілін білу - парыз. Соңғы кездері мемлекеттік тілді үйренуге еңкейген кәріден бастап, еңбектеген сәбидің де ынтасы зор. Өткен жылы әлем бойынша ағылшын тілінде 500 мың кітап жарық көрсе, қазақ тілінде 2 000 кітап қана шыққан. Сол 500 мың кітаптың ішінде ғылым-білім мен технология, медицина салаларында 30 мың материалдар жарық көрген болса, қазақ тілінде 200 мақала ғана басылған. Ал енді осыншама дүниелермен танысу, оқу, игеру үшін біз қашанғы аударып алып отырамыз? Сондықтан тікелей түпнұсқадан оқып, біліп, түсініп, жарық көріп жатқан жаңа идеялар мен технологияларды игеруіміз үшін, қазірдің өзінде балаларымыздың ағылшын тілін үйренуіне жағдай жасағанымыз абзал. Үштұғырлы тіл – жай әдемі тұжырымдама емес, өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. «Ақылды» экономиканың авторы атанған елдер күллі әлемге танылып, қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы табыстарға қол жеткізу үшін біздің ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйренуіміз қажет




1-тапсырма Мәтіндегі мәліметтерді пайдаланып, «Үштілділік – заман талабы» тақырыбында презентация дайындаңыз. Төмендегі презентацияға қойылатын талаптарды ескеріңіз. • 4-5 слайдтан кем не артық болмауы тиіс; • барлық слайдтар бірыңғай стильде құрылуы керек; • мәліметтер жинақы, ой қысқа да нұсқа берілуі керек; • презентациядағы барлық сөз саны 90-100-ден аспауы шарт

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет