7-тарау. Тынығу уақыты


-бап. Күнделікті (ауысымаралық) тынығудың ұзақтығы



бет3/4
Дата30.04.2022
өлшемі3.47 Mb.
#32897
1   2   3   4

83-бап. Күнделікті (ауысымаралық) тынығудың ұзақтығы

  • 83-бап. Күнделікті (ауысымаралық) тынығудың ұзақтығы
  • Жұмыскердің жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы (жұмыс ауысымы ) арасындағы күнделікті (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмайды.
  • 84-бап. Демалыс күндері
  • 1. Жұмыскерлерге апта сайын демалыс күндері беріледі.
  • 2. Бес күндік жұмыс аптасында жұмыскерлерге аптасына екі демалыс күні, ал алтыкүндік жұмыс аптасында – бір демалыс күні беріледі.
  • 3. Бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күніболып табылады. Бес күндік жұмыс аптасындағы екінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді.
  • 4. Үздіксіз өндірістерде немесе өндірістік-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздіксіз қызмет көрсету қажеттілігі салдарынан демалыс күндеріжұмысты тоқтату мүмкін болмайтын өндірістерде істейтін, сондай-ақ вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерге (жұмыскерлер тобына) демалыс күндері ауысымдық кестелерге (вахталар кестелеріне) сәйкес аптаның әр күндері кезекпен беріледі.
  • 5. Қолданылатын жұмыс режимдеріне және ауысымдық кестелерге (вахталар кестелеріне) қарамастан, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.
  • 6. Іссапарда жүрген жұмыскер демалыс күндерін өзі жіберілген жұмыс берушінің еңбек тәртіптемесі қағидаларына сәйкес пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет