Тапсырмалар 1. A= {1; 3; 5; 7; 9} және B = {6; 7; 8; 9; 10} жиындары берілген.
a) А және В жиындарының қиылысуын табыңыз;
b) А және В жиындарының бірігуін табыңыз;
c) суретте көрсетілген жұп сандар қандай жиынға тиісті?
2. Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есепті шығарыңыз:
Қалаға 22 турист келді. Кешкі демалыс кезінде 9 турист драма театрына барғысы келді, 12 турист демалыс паркіне барып дем алғысы келді, ал олардың ішінде 5 турист драма театрына да, демалыс паркіне де барғысы келді. Қалғандары стадионға барып, футбол ойынын көргісі келді. Неше турист стадионға барып, футбол ойынын көргісі келді?