8-Лекция Ғылыми мақала құрылымы және жазба жұмыстары



Pdf көрінісі
Дата05.04.2023
өлшемі81,75 Kb.
#79676
түріЛекция
Байланысты:




8-Лекция
Ғылыми мақала құрылымы және жазба жұмыстары
19 октябрь
Академиялық ғылыми жазба
1
Кiрiспе
Бұл лекцияда магистранттарды ғылыми мақала жазуға баулудың кейбiр
жолдарына тоқталамыз.
Академиялық ғылыми жазба пәнiнiң негiзгi мақсатының бiрi – маги-
странттарды ғылыми мақала жазуға үйрету.
Ғылыми мақала – нақты ғылыми зерттеу тақырыбы аясында жазы-
лған және осы тақырыпқа байланысты мәселердi ашатын сұрақтарды
қамтитын логикалық үйлесiмдi және аяқталған жұмыс.
Ғылыми мақала жазу – оңай емес, ол өзiне жазуға дейiнгi ойлау эле-
менттерiн қосатын, тiлден тыс жатқан логикалық құбылыстармен де
байланысы бар күрделi үдерiс. Ғылыми мақала жазуды санада белгiлi
бiр тақырып жайында ойды қорытуға қабiлетi бар жеке тұлға ғана iске
асыра алады.
Ғылыми мақала жазу тек сауатты жаза бiлумен шектелмейдi, ең әу-
елi ол ойлау дағдысын, сондай-ақ жазу барысындағы бiлiктiлiктi игеру-
ден көрiнедi және жазудан кейiнгi атқарылатын жұмыстарды да жетiк
меңгеру қажет. Осылай еткенде ғана ғылыми мақала жазуды ұйымда-
стырудың басты тетiктерi мейлiнше кең көрiнiс таппақ, үйрету әдiстемесi
де неғұрлым толыққанды болмақ.
1 Ғылыми мақала құрылымы
Ғылыми мақаланың құрылымы келесi мiндеттi элементтердi қамти-
ды :
мақала атауы (тақырыбы);
авторлар туралы мәлiметтер;
мақаланың кiтапханалық коды (жiктеу индексi) ;
мақаланың аннотациясы (абстракт);
1


кiлт сөздер;
Кiрiспе;
Негiзгi бөлiм;
Қорытынды;
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi.
1.1
Мақала атауы
Кез-келген мақала тақырыптан басталады. Сонымен қатар, мақаланың
атын таңдағанда, есте сақтау керек: баспа немесе электронды түрдегi
журналдың мазмұнын оқыған кез келген оқырманның бiрiншi назары
тақырыпқа түседi, журналды ашқан оқырман сiздiң мақалаңызды оқуы
не оқымауы, ол сiздiң таңдаған тақырыбыңызға байланысты. Сол себеп-
тен мақала атауы қысқаша, түсiнiктi, таңдаған тақырыбыңызды ашып
тұруы керек.
1.2
Авторлар туралы мәлiметтер
Авторлар туралы мәлiмет әдетте журнал ережесiнде көрсетiледi. Ол ав-
торлардың аты жөнi, электрон почтасы, жұмыс орны және авторлар
бiрнеше болса, онда мақала бойынша редакциямен хабарласатын автор
туралы мәлiмет. Кейбiр журналдарда автордың халықаралық (ORCID
ID, iс жүзiнде мiндеттi болған; ResearcherID; Scopus ID) сәйкестендiргi-
штерi туралы мәлiмет сұрайды.
1.3
Мақаланың кiтапханалық коды (жiктеу индексi)
– ӘОЖ(УДК немесе MSC 2020);
Бұл мәлiметтердi классификатордан аламыз және оны дұрыс таңдау қа-
жет. Мысал үшiн алгебрадан жазылған мақалаға геометрия кодын жа-
зуға болмайды
1.4
Мақалаға аннотация
Мақалаға аннотация- бұл жұмыстың қысқаша сипаттамасы. Мақалаға
авторлық аннотация – бұл мақалада ұсынылған негiзгi мәселелердiң қы-
сқаша тiзiмiн және негiзгi нәтижелердi қамтитын жұмыстың қысқаша
сипаттамасы. Әдетте журнал талаптарында аннотация көлемiне шектеу
көрсетiледi.
Аннотация қатаң академиялық стильде жазылады және қысқаша си-
паттаманы қамтуы мүмкiн:
2


• зерттеу тақырыбының ерекшелiктерi;
• зерттеу әдiстемелерi;
• негiзгi тұжырымдар.
Осылайша, аннотация келесi сұрақтарға жауап беруi керек:
• Не iстелiндi?
• Сiз мұны неге iстеп жатырсыз?
• Сiз қандай нәтиже алдыңыз?
• Нелiктен бұл деректер пайдалы және маңызды?
Аннотацияны жазу кезiнде белгiлi, жалпы қабылданған терминдердi
қолдану ұсынылады; ойды нақты бiлдiру үшiн — "жұмыста қарастыры-
лған / зерттелген / ұсынылған / талданған / жалпыланған / тексерiлген
/ ұсынылған / негiзделген..."сияқты тұрақты тiркестер.
Сонымен аннотацияның басты мақсаты - мақала оқырманын қызы-
қтыру.
1.5
Кiлт сөздер;
Тақырып бойынша мақалаларды жiктеуге және iздеу жүйелерi үшiн
мақалада кiлт сөздер бөлек көрсетiледi. Автордың мүддесi үшiн iздеу
жүйелерi арқылы мақаланы табу мүмкiндiгiн арттыру үшiн кiлт сөздер-
дiң ең көп санын көрсету керек, соның iшiнде бұл iздеу жүйелерi үшiн
индекстеудiң ең маңызды көзi болғандықтан және кiлт сөздер неғұрлым
дәл таңдалса, олардың ғылыми өлшемдiлiк (наукометрический) көрсет-
кiштерiн жоғарылату мүмкiндiгi соғұрлым жоғары болады. Бiрақ кiлт
сөздердiң негiзгi мағынасы бұл емес, олар зерттеушiнiң, оның iшiнде сiз
сияқты бастаушының ғылыми ақпарат теңiзiндегi бағытын жеңiлдету
үшiн керек.
Сонымен, зерттеу тақырыбы бойынша дереккөздердi жүйелi католог-
тардан немесе интернет желiсiнен iздеу барсында, сiз бiрiншi кiлт сөз-
дердi теруден бастайсыз.
Кiлт сөздер сiздiң зерттеуiңiздiң мәнiн мүмкiндiгiнше толық және
нақты көрсетуi керек:
ғылыми мақалаңыздың мазмұнын түсiнiктi ету
сiздiң пәндiк салаңызда нақты болу
зерттеуiңiздi көрсететiн бiрегейлiк бiрiктiрiлген және кең көлемдi бо-
луы қажет
1.6
Мақаланың кiтапханалық коды (жiктеу индексi)
Сiздiң ғылыми мақалаңыз қай салада (бағытта) жазылғанын барынша
түсiнуге болатын ӘОЖ кодын таңдауға тырысуыңыз қажет. Өйткенi ол
3


бүкiл әлемде ғылым, әдебиет және өнер туындыларын, мерзiмдi басы-
лымдарды, әртүрлi құжаттарды жүйелеу үшiн кеңiнен қолданылады.
ӘОЖ бойынша әдебиеттiң түрiн оқымай-ақ түсiнуге болады. ӘОЖ ин-
дексi кез келген басылымның шығу мәлiметтерiнiң мiндеттi элементi бо-
лып табылады.
4


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет