8-сынып. Химия химия ғылымы нені зерттейді?



Дата07.01.2022
өлшемі16,7 Kb.
#18132
Байланысты:
тапсырма 8 сынып





8-СЫНЫП. ХИМИЯ
1. Химия ғылымы нені зерттейді?
2.Заттар мен денелердің қатарындағы бір артық сөзді көрсетіндер
a) Стакан, қалам, су, сызғыш;
b) Ас тұзы, ас содасы, пластмасса, пышақ;
c) Резеңке, бор, кітап, қағаз.
3. Төмендегілердің қайсысы таза зат қайсысы заттардың қоспасы екенін көрсетіндер
a) Ауа
b) Оттек
c) Теңіз суы
d) Өзен құмы
e) Мыс
4.Қоспалар арасында берілген бір артық сөзді көрсетіндер
1. Ауа, түтін, оттек, тұман
2. Мұнай, спирт, су, ацетон
3. өзен құмы, қант, темір кені, цемент

5. Кестеге физикалық және химиялық құбылыстарды бөліп жаз


Жапырақтың шіруі, Шегенің таттануы, Шырақтың жануы, Күміс қасық қараюы, Қанттың суда еруі, Мұздың еруі

Физикалық құбылыс

Химиялық құбылыс



















6. Молекулалар және атомдар. Жай және күрделі заттар §6
I деңгей
Анықтама беріндер
А. Молекула дегеніміз - _________________________________
В. Атом дегеніміз - _____________________________________
С. Жай зат дегеніміз_____________________________________
Д. Күрделі зат дегеніміз__________________________________

7. Төмендегілерді жай және күрделі заттарға бөліп жазыңдар, құрамдары бойынша жіктеп төмендегі кестені толтырындар: темір Fe, көмір C, ас тұзы NaCl, оттек O2, йод I2, су H2O, тұз қышқылы HCl, алтын Au, күміс Ag, метан CH4, қант C6H12O6, құм SiO2, әктас CaCO3




Жай зат

Күрделі зат


















8. Бір ғана зат түзілетінін біле отырып, реакция теңдеулерін аяқтаңдар:


а) барий+оттек(O2) =
б) натрий+ хлор( Cl2)=
в) мыс + оттек =
г) калий + күкірт =
д) литий + оттек =
9. Мына реакция теңдеуін теңестір, түзілген өнімді атап, оның молекулалық массасын есепте. Zn+HCl →ZnCl2+H2

10. Химиялық реакция теңдеулері қандай типтерге бөлінеді? Оларды атаңыз.


11. Mg+O2=MgO Мына теңдеу қандай реакция типтіне жатады? Ережесін айтыңыз.
12. . Зат мөлшері мен молярлық масса қалай белгіленеді және олардың өлшем бірліктерін жазыңыз.
13. Мына заттың молярлық массасын есептеңіз: Al(OH)3 , H3PO4.

14. Берілген сызбанұсқаларда коэффиценттерді қойып теңестіріңдер, реакция типін анықтаңдар.


a) Al+O2 =Al2O3
b) H2 + Cl2 = HCl
c) PH3 + O2 = P2O5 + H2O

15. Келтірілген валенттіліктері бойынша реакция нәтижесінде түзілетін заттың формуласын құрастырып, коэффициенттерін қойыңдар, реакция типтін анықтаңдар.

a) Li+O2=LiO

b) C+H2=CH

c)N+H3= NH

1.Төмендегі теңдеулерде қажетті заттың формуласын тауып, теңестіріңдер, реакция типін анықтаңыз.


b) …+ … = AlCl3
c) Au2O3 = Au + …
d) … + N2 = NH3
e) HI = … + I2
















Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет