№83 жалпы орта білім беретін мектепте Тілдер мерекесіне орай



бет1/2
Дата10.11.2022
өлшемі12,73 Kb.
#48960
  1   2

№83 жалпы орта білім беретін мектепте Тілдер мерекесіне орай
06.09-10.09.2021ж. аралығындаөткізілген «Тіл-татулық тірегі» атты апталық
мәліметі
06.09.21ж. күні «Тіл-татулық тірегі» атты апталықтың жоспары жасалып,бекітілген бағдарламаға сәйкес бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды.
9.09.21ж.күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тульбасиева Ақмарал 11 -сынып (орыс) оқушылары арасында «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры»атты әдеби кеш өткізді.Оқушылар үш тілде тіл туралы өлеңдер оқыды.
Дауланбекова Мадина мен Налиханова Қаламқас апайлар7-сынып оқушылары арасында «Тіл мәртебесі-ел мерейі» тақырыбында танымдық деңгейін өрістету мақсатында ойын түріндегі сабақөткізді.Мақсаты: оқушылардың танымдық деңгейін өрістету,өнерге,білімге құштарлығын арттыру.
Әріптесіміз Әлмахан Раушан 6-сынып оқушыларының мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбында мүшайра ұйымдастырды.
Анас Гүлзада мен Пірімқұлова Айман жетекшілік ететін сыныптарында «Ана тілім-ардағым» атты тәрбие сағатын өткізді.Бұл сабақтарда әріптестеріміз ана тілін білудің маңызын түсіндіріп, ана тілімізді құрметтеуге шақырды.
10.09.21ж. күні Қойшыбай Рабиға мен Ермаханова Күларханның ұйымдастыруымен 3-4 сынып (орыс) оқушылары арасында «Ана тілі-қанатым» атты мақал-мәтелдер сайысы өтті.Оқушыларды ата – бабаларымыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйретті.
Аккулова Айнұр мен Ибраимова Бағила апайлардың ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында «Ахмет Байтұрсынұлы-адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында әдеби кеш өтті. Кеш барысында оқушылар ұлт ұстазының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беріп,өлеңдерін оқып, «Қарға мен түлкі»атты мысалын сахналады.
10-сынып оқушылары арасында «Үш тұғырлы тіл –ұлт болашағы» тақырыбындағы пікірсайысты Гафарова Раушания ұйымдастырды.Оқушылар белсенділікпен қатысып,өз ойларын нақты, дәл жеткізе білді.Мақсаты:елдің бәсекеге қабілетті болуға ұмтылудағы бірінші баспалдағы ретінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Үш тұғырлы тіл" саясатын насихаттау.
Бірлестік жетекшісі Н.Бижанова


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет