9 сынып «Биология» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі151,51 Kb.
#12549
түріҚұрамы
  1   2


9 сынып «Биология» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


  1. Сызбада сау адамның қаны құрамындағы оттегі концентрациясы мен бұлшықеттегі сүт қышқылының мөлшеріне физикалық жаттығудың бес минут ішіндегі әсері көрсетілген.

(а) Сызбаны пайдаланып адамның жаттығуды бастаған уақытын анықтаңыз.

[2]


  1. Сызбада алғашқы 2 минутта оттегі концентрациясының өзгеруіне әсер ететін процесті атаңыз.

[1]


2.Неге ауыр жаттығулар орындағанда бұлшықеттерде қажу және ауырсыну сезімдері болатындығын сипаттаңыз.
[2]

3.Төмендегі сызбада нефронның құрылысы көрсетілген.



(а) Суреттегі А және В әріптерімен таңбаланған құрылымдарды атаңыз.

А_______________________________________В_______________________________[3]

4.Зәр шығару жүйесінің ауруларының алдын алу шараларының екі жолын ұсыныңыз.

[2]

5.Әртүрлі ағзалардағы тіршілік ортасы мен соңғы өнімдері көрсетілген. Неліктен бұғы мен бүркіт құрлықты мекен ете тұра әртүрлі өнімдерді бөліп шығарады?




Жануарлар

Аммиак

Несепнәр

Зәр қышқылы

Сазан

+







Бұғы




+




Бүркіт







+

[2]
6.Cуретте жүйке жасушасы – нейрон бейнеленген.

Нейронның жүйке импульсын тасымалдауға мүмкіндік беретін ерекшеліктерін сипаттаңыз.


[3]
7.Cуретте жүйке ұлпасының серіктес жаcушалары көрсетілген.

(а) Суреттегі 1,2,3,4, санымен таңбаланған серіктес жасушаны атаңыз.

[4]

(b) Серіктес жасуша - астроциттің қызметін сипаттаңыз.



[2]

8. Дене температурасының тұрақтылығын сақтаудың ағза үшін маңызы зор.Термореттелудің жүйкелік-гуморальдық механизмін сипаттаңыз.


________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________[2]


9.Кейбір зерттеушілер компьютер-ми интерфейсін жасап шығарды.

Бұл адамдарға ми және электрондық құрылғы арасындағы ақпарат алмасуға көмек береді.

Компьютер-ми интерфейсінің мүмкіншіліктеріне мысалдар келтіріңіз.

____________________________________________________________________________[2]







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет