А. И. Савенков келесі анықтаманы береді: «Зерттеу бұл белгісіздікті іздеудің шығармашылық үдерісі» 46бет]. Өз кезегінде зерттеушілік дағдыны жалпы жеке тұлғаны дамытуда қарау және көру, бақылау қабілеттерін да



Дата18.04.2022
өлшемі30,31 Kb.
#31408
Байланысты:
корытынды


Қорытынды
Қазіргі оқыту үрдісі жоғарғы бәсеке жағдайында өтуде. Осы орайда бәсекеге қабілеттіліктің неғұрлым маңызды факторлары болып келесілер алынады: білікті, шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін кадрлардың болуы; олардың шығармашылық әрекеттерін ұйымдастыра білу; жаңа ойларды қабылдауға даяр болу және оны іске асыру үшін жағдай жасау. Осы орайда, зерттеушілік дағдылар оқушының жан-жақты дамыған және оңды әлеуметтенген тұлға болып қалыптасуына әсер ететін бірден бір бағыт. Ондай тұлға бәсекеге қабілетті болып келіп, ерекше ойлау қабілеті дамиды, қойылған міндет-мақсаттарына шығармашылық тұрғыда келеді.

А.И.Савенков келесі анықтаманы береді: «Зерттеу – бұл белгісіздікті іздеудің шығармашылық үдерісі» [3. 46бет]. Өз кезегінде зерттеушілік дағдыны жалпы жеке тұлғаны дамытуда қарау және көру, бақылау қабілеттерін дамыту шартары деп анықтауға болады.

Зерттеушілік дағдылар негізінде төмендегі көрсеткіштер жатады :


    • оқушылардың танымдық білік пен дағдыларын дамыту;

    • ақпараттық кеңістікте бағыт ала білу;

    • өз білімін өздігінен құрай алу дағдысы;

    • ғылымның әралуан саласындағы білімдерін кіріктіре алу дағдылары;

    • сыни тұрғыдан ойлай білу дағдысы.

Зерттеушілік дағдылардың қағидаттарын жүзеге асыруда тығыз байланыста және бастапқы оқыту деңгеінде зерттеушілік білік пен дағдыларын қалыптастыру базасы ретінде қолданыла алады.

Мұғалім үшін оқушының зерттеушілік дағдыларын қалыптасу біліктері мен дағдыларының деңгейін бағалау өте маңызды болып табылады. Нәтиженің кез келген деңгейі оңды баға алуға лайықты. Бағалауға болады:

- оқу зерттеуі барысында әралуан кезеңдерді орындауда өздігінен жұмыс жасау білу деңгейі;

- топтық жұмысқа араласу деңгейі және оған берілген жұмыстың тураорындалуы;

- қолданылған ақпаратты түсіне білуі;

- идеяның бірегейлігі;

- мәселені және оны шешу тәсілін түсіне білу;

- зерттеу мақсатын қоя білу;

- рефлексияны меңгеруі;

- жұмыс барысындағы шығармашылық бағыты.

Зерттеушілік дағдыларды ұйымдастыру кезінде ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың (АКТ) алар орны ерекше. Дүниетану сабақтарында оларды қолдану тек қана мұғалім қызығушылығымен емес, қазіргі оқу бағдарламалары мен білім стандарттарының талаптарымен шартталған. АКТ зерттеушілік дағдылар жұмысы барысында және сабақтарда жобалау технологиясын жүзеге асыруда кеңінен қолдану көздерін тарту үшін қажет. Ақпараттық технологиялар зерттеу жұмыстарына қосымша мүмкіндіктер береді, олар жұмысты неғұрлым толығырақ, жан – жақты, көрнекі және жарқын етеді. Сонымен, қазіргі білім беруде АКТ технологияларының жоғарылауы, оқыту мотивациясын көтерудің неғұрлым тиімді және ыңғайлы тәсілдері ретінде зерттеу элементтерін кіріктіре отырып сабақта пайдалану қажет.

Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыруда ерекше орынға жобалау әдістері ие, өйткені оның бойында зерттеушілік, ізденушілік, проблемалық әдістердің үйлесімділігі бар.

Жобалау әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.

экспериментальды жүйенің шарттары болып мыналар табылады:



  • оқушы білім беру үрдісінің бесенді қатысушысына айналу қажет;

  • мұғалім туындаған сұрақтар мен мәселелер бойынша қолдау көрсете отырып, кеңес беріп оқушылардың қасында және бірге жұмыс жасайды;

  • кеңесші рөлінде болады;

  • зерттеу үдерісі кезінде басты рөлде сұрақ немесе мәселе болады, себебі ол баланың ойлуын мәселені шешуге ізденуге бағыттайды;

  • зерттеу мазмұны жас деңгейі мен мүмкіндіктеріне, сонымен қатар, оқушылардың нақты білімдеріне сәйкес келуі қажет;

  • зерттеу тақырыбы оқушыларға қызықты болу керек;

  • оқушы зерттеу барысына өз еркімен қатысады;

  • жұмыстың барлық сатысындағы күтілетін нәтиже –бұл шығармашылық қабілеттерді дамыту, оқушы тарапынан жаңа білімді, білік пен дағдыны меңгеру;

  • зерттеуді қорғау – бастап оқып жатқан зерттеушінің басты сатыларының, кезеңдерінің бірі;

  • тақырып бойынша жұмыс барысында саяхаттарды, зерттеу- серуендерді, әлеуметтік акцияларды, әртүрлі мәтіндік ақпараттар көзімен жұмыс жасауды, тәжірибелі маңызды өнімдерді даярлау мен кең қоғамдық көрсетілімдерді (ата-аналар және мұғалімдердің қатысуымен) енгізу өте тиімді болып келеді.

Көрсетілген жағдайда біз теориялық талдаудың қалыптасу деңгейін зерттейміз: модельдеу, логикалық – танымдық және белгілік – символикалық әрекеттер.

1) бастапқы – Зерттеу жұмысын жүргізуге төмен деңгейде қызығушылық білдіру, зерттеу әрекеті жайлы білімдердің, зерттеу әрекеттері біліктерінің болмауы. Зерттеу әрекеттерін ұқсастық бойынша жүзеге асыру мүмкіндігі. Оқыту зерттеуі кезінде оқушы белсенділік пен өзіндік көзқарасты сирек білдіреді, ешбір идея бермейді. Тек мұғалімнің басшылық етуінде ғана.

2) бастапқы деңгей –Зерттеуді жүргізуге сыртқы дәлелдердің пайда болуымен, мұғалімнің көмегімен проблеманы табу және оны шешудің әртүрлі нұсқаларын ұсынумен сипатталады. Бастапқы сатыда балалар ересектердің көмегімен ұқсастық бойынша қысқа мерзімді қарапайым зерттеулерді жүргізуге қабілетті. Өзінің зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білім негіздерін, кейбір қарапайым зерттеу біліктерін меңгергендігі байқалады. Креативтіліктерінің танытуын төмен деп бағалауға болады.

3) продуктивті (өнім беру) деңгейі –Зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген тұрақты сыртқы және ішкі мотивтер, өздігінен жүргізуге деген қалауы бар (жеке немесе топпен) зерттеу. Оқушыда зерттеу әрекеттері жайлы белгілі бір білімі бар, оқу зерттеулерін жүзеге асыру барысында көптеген біліктерді меңгерген (өздігінен немесе мұғалімнің көмегімен зерттеу тақырыбын, мақсатын және міндеттерін анықтай алады, ақпарат көздерімен жұмыс жасай алады);



4) креативті деңгей – Әртүрлі зерттеулерді жүргізуге тұрақты қызығушылық білінеді, зерттеу тақырыбын таңдауда өздігінен және шығармашылық жағынан келу, мақсат, міндеттер қоя білу, қойылған міндеттерді шешуде өнімді тәсілдерді табу; зерттеудің барлық сатыларында жұмысты жүзеге асыру кезінде өздігінен жұмыс жасаудың биік үлестік көрсеткіші; әрекет нәтижесін ерекше ұсына білу дағдысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет