Қ
А З А Қ Ғ А Р Ы Ш К Е Р І Қ А Р Қ А Р А Л Ы Д А
ТОҚТАР ТУҒАН ЖЕРІНДЕ БОЛЫП, ЖЕРЛЕСТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Қарағандының әуе бекетіне бұл күні ха-
лық әдеттегіден көп жиналды. Өйткені олар
қазақ халқының тұңғыш ғарышкері, Алашт-
тың азаматы, қасиетті Қарқаралының тумасы
Тоқтар сынды асыл ұлын асқақтаған әнмен,
күмбірлеген күймен қарсы алғалы жиналған
болатын. Дәл сол күні Кеңес Одағының Ба-
тыры, қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
ғарыштан оралған сапарынан кейін өзінің
туған жеріне, жерлестеріне, кіндік қаны там-
ған Қарқаралысына келген-ді. Самолет трапы-
нан қолын бұлғап түсіп келе жатқан Тоқтар-
дың бейнесін көре сала жиналған жұртшы-
лық қол шапалақтап қарсы алып жатыр...
Сол күні батыр Тоқтар бастаған құрметті
меймандар сонау қасиетті Қарқаралы жері-
не сапар шекті. Өйткені қазақ ғарышкері-
нің кіндік қаны тамған, балалық бал дәурен
шағы өткен ж е р — осы аймақтың Мартбек
Мамыраев атындағы совхозы. Кеш қарая жет-
кен меймандарды селоның Мәдениет үйі-
нің алдына жиналған халық құрт-майын алып,
шашуын шашып, ән-күймен қарсы алды. Жо-
лай Ульянов ауданының орталығына жете
бере осы ауданның тұрғындары да дәл осы-
лайша қарсы алып, Тоқтар сынды батырына
сәйгүлігін мінгізген болатын.
Мамыраев совхозының Мәдениет үйінде
өткен кездесуде ауыл кітапханашысы Р. Қы-
ныбаеваның сөзі көп көңілінен шықты десек
те болады. Ол «Ауылың — альбом» дей
отырып, осынау іргелі шаруашылықтың өт-
кені мен бүгінін, келешегін Тоқтардың көз
алдына келтіре отырып, қызықты етіп 6аян-
дап бергені қандай әсем, қандай жүрек те-
бірентерліктей болып шықты. Ол өз сөзінде
Тоқтардың әкесінің осы өңірде белгілі ұста
болғандығын, оның ұстаханасының орны қай
жерде екенін тәптіштеп айтып берді. Ауыл-
дық Кеңестің төрағасы Қайрат Жантөрин
Қасиетті Қарқаралының, ауылының даңқын
жер жүзіне шығарған Тоқтар сынды батыр
жерлесіне құрмет ретінде бұрынғы Совет
көшесі бұдан былай Тоқтар атындағы көше
болып аталатындығын жария етті. Осы бір
сәтті күтіп отырғандай жиналған жұртшылық
«Тоқтар! «Тоқтар!» деп қол шапалақтап, орын-
дарынан тұрып, осы бір дұрыс та әділ іске
өздерінің толықтай қосылатындықтарын біл-
діріп жатты. Сахна төріне шығарылған екі
ақ б о з атқа қос ғарышкер Тоқтар мен Тал-
ғатты отырғызып, жүзге жеткен қарт ана Мә-
рия әже аналық ақ батасын берді. Тоқтардың
жұбайы Татьяна Михайловна мен Талғаттың
жұбайы Виктория Волдемаровна да, олардың
балалары да сый-сияпатқа кенелді. Қазақтың
қасиетті домбырасын мұра тұтып, осыны қа-
дірлеңдер дегендей, домбыра сыйлаудың
өзі жас өскіндердің келешегіне деген ізгілік
пен үміттің қаншалықты д ә р е ж е д е көрсеті-
ліп отырғанын аңғартқандай.
Ауылдың сый-сйяпаты көрсетіліп болы-
сымен, Монғолиядан келген қандастары-
мыздың атынан сөйлеген Төлеуханның сөзі
де көпшілікті разы етті. «Тоқтар тек жал-
ғыз қазақ халқының ғана мақтаны емес, бұл
дүниенің төрт бұрышында жүрген бүкіл мұ-
сылмандардың мақтанышы мен абыройы»,
деген сөзі мен жоралғы ретінде өздері қол-
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туған топырағына өзінің жанұясы:
жұбайы және қос ұлымен бірге келді.
дан жасаған шапан мен сырмақты сыйға тарт-
қаны бүкіл ауылдастарының мерейін тағы
бір өсіріп тастады.
Сол күні батыр Тоқтар кіндік қаны тамған
Мамыраев совхозының орталығына түнеп
шықты.
Келесі күнгі сапар Тоқтардың балалық бал
дәурен шағы өткен «Восток» совхозына бел-
гіленген болатын. Совхоз орталығына же-
тер-жетпес жолда тұрған Жарлы бөлімше-
сі да қазақ ғарышкеріне сондай ыстық. Өйт-
кені ол осы ж е р д е әліппе ашып, орта бі-
лім алған. Осындағы жерлестерінің арасын-
да Тоқтармен бірге оқыған кешегі парталас
достары да бар болып шықты. Олар көпші-
лік пен бірге Тоқтар досын қарсы алып, ке-
зінде өздері оқыған мектепті, класты көр-
сетті.
— Мектепке кірген бойда-ақ: «Мына бұ-
рышта темір пеш тұратын. Мен мына пар-
тада отырғанмын. Мына жерде Өміртай до-
сым отырушы е д » , — деп бәрін қолмен қой-
ғандай айтып жатыр. Мұның өзі дене біті-
мі де, бет-әлпеті мен мінез-құлқыда тек
батырға лайық Тоқтардың көзінде білім ал-
ған алтын ұясын күні бүгінге дейін ұмытпа-
ғанын білдірмей ме? Қаншама жылдар бойы
сыртта жүрседағы, парталас достарын, тіпті-
ау өзі отырған партасын дәл көрсетіп, бала-
лардың аты-жөндерін күнде көріп жүрген-
дей тәптіштеп айтып бергенінің өзі де ер-
лік емес пе?
Совхоздың мәдениет үйіне иық тіресе жи-
налған қалың көпшіліктің қошаметтеуімен
совхоз директоры X. 3. Зәкішев «Восток»
совхозы бұдан былай Тоқтар атындағы сов-
хоз болып аталады деді. Осы бір сәтті көп-
тен күткен жерлестерінің «Дұрыс-ақі Жарай-
сың, Батырым!» деген дауыстары зал ішін
кернеп кетті. Сондай-ақ осындағы орта мек-
теп те Тоқтар есімімен аталатын болды,
Бұл ж е р д е де қос ғарышкерге — Тоқтар мен
Талғатқа, олардың жанұяларына сый-сияпат
көрсетіліп, тарту-таралғы жасалды.
...Сол күні түстен кейін қазақ ғарышкері
Тоқтарды Қарқаралы қаласының тұрғында-
ры шашуын шашып, батасын беріп, ән-күй-
мен қарсы алды. Қаланың Мәдениет үйінде
болған кездесуде Тоқтардың Қарқаралы-
ның құрметті азаматы болғаны жария етіл-
ді. Осындағы Энгельс көшесі де бұдан бы-
лай Тоқтар есімімен аталатын болды. Қос
ғарышкерге тағы да сый-сияпат жасалынды.
Қазақ ғарышкерінің туған жерге келген са-
парынан хабардар болған көршілес жатқан
Егіндібұлақ ауданының өкілдері де қазақ-
тың салт-дәстүрі бойынша шапан жауып,
ақ баталарын білдірді,
Кездесу соңынан қос ғарышкердің олар-
мен бірге еріп жүрген меймандардың құр-
метіне «Салтанат» ән-би ансамблі концерт
қойды. Мұндай концерттер Мамыраев атын-
дағы, Тоқтар атындағы совхоздарда да бол-
ды.
Ертеңінде Тоқтар бір кездері еңбек жолын
бастаған Теміртаудағы құю-механикалық за-
водында болып, онда еңбек коллективтері-
мен кездесті. Қарағанды металлургия ком-
бинатының цехтарын тамашалады. Сол са-
парында Тоқтар Теміртау қаласының құрмет-
ті азаматы атанды.
Кешкісін Қарағандыдағы кеншілердің Мә-
дениет сарайында, Қарағанды қаласының құр-
метті азаматы атанған Тоқтарға алқызыл лен-
та тағылып, шапан кигізілді.
Иә, қай жерде жүрсе де қазақтың кең пей-
ілі мен дархандығының рәсімін сезіген Тоқ-
тар мен Талғаттың бұл сапары қанша деген-
мен қарағандылықтардың мерейін өсіріп,
көңілін марқайтты. Өйткені отыз жыл бойы
сонау ғарышқа қазақ азаматының кезегі ти-
мей, кейін ысырыла берген орталықтың әпе-
рбақан өктемдігінің күні өтіп, ғарышқа Қа-
рағандыдан шыққан, қасиетті Қарқаралы-
ның тумасы Тоқтардың ұшуы — әр кез мақ-
танып, марапаттап айтып жүрерліктей та-
рихи оқиға. Ендеше қазақ ғарышкері — Тоқ-
тардың алғашқы сапары әрдайым осылай
оң болғай.
Дәулет Таңатұлы.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар батыр (сол жақтан бірінші) өзіне ерген және
өзін қарсы алған адамдармен бірге Тоқтар Әубәкіров атындағы совхоздың орталық кө-
шесін аралап жүр. Ортадағы — осы совхоздың директоры Хакім ЗӘКІШЕВ жолдас.
Қарқаралы. - 1991. - № 4. - 8-9 б.