Абдіқалиева Венераның дипломдық зерттеуі мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыруда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту ерекшеліктерінің теориялық және әдістемелік мәселелері қарастырылған



Дата12.12.2022
өлшемі13,78 Kb.
#56565
түріДиплом

Абдіқалиева Венераның «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары» - тақырыбында орындаған дипломдық жұмысына
АННОТАЦИЯ
Абдіқалиева Венераның дипломдық зерттеуі мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыруда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту ерекшеліктерінің теориялық және әдістемелік мәселелері қарастырылған. Дипломдық жұмыстың теориялық бөлімінде шығармашылық қабілет туралы теориялық талдау негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетінің даму ерекшеліктерін зерттеген ғалымдардың оның қалыптасу ерекшеліктері мен оның қалыптасуына ыңғайлы жас кезеңі туралы қағидалар жүйелі түрде талданған. Нәтижесінде көптеген ғалымдар шығармашылық қабілетті дамытуға бастауыш сынып кезеңі ыңғайлы кезең екендігі анықталған. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларымен дамыту жұмыстарын жүргізу олардың болашағына үлкен әсер ететіндігі күмән тудырмайтыны дәлелденген. Практикалық бөлімінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін психодиагностикалау нәтижелеріне сүйене отырып жүргізілген дамыту жұмыстарында пайдаланылған әдістемелер жинақталған, оларды пайдалану нәтижелері көрсетілген. Зерттеу барысында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары жүргізілген. Дипломдық жұмыста жинақталған теориялық және әдістемелік материялдарды мектеп психологиялық қызметінде және студенттерді психолог қызметіне даярлау барысында кеңінен пайдалануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет