Қабылдаған : Султанкожа Амитов. Орындаған : Утеген Айдана тфп 014 группа



Дата19.12.2023
өлшемі15,2 Kb.
#140817
Байланысты:
Утеген Айдана тарих


Қабылдаған : Султанкожа Амитов.
Орындаған : Утеген Айдана тфп 014 группа.

БӨЖ тапсырмасы:


1 «.Қола дәуіріндегі жерлеу салты мен ғұрыптары» тақырыбына баяндама дайындау.

Кіріспе: Ең алдымен қола дәуірі туралы жан-жақты қарастырып ,іздегенген ақпарат көздерімен бөлісе кетсем. Тас ғасырынан кейін қола дәуірі келді. Біздің жерімізде қола дәуірі б.з.д. 2-1 мыңжылдықтар аралығы қамтиды.Қола дәуірі адамзат баласы тарихында ерекше орын алады.Себебі түрлі түсті металдар мен алтындардың өндірістік жолмен игерілуінде.Бұл кезеңде егіншілікпен қатар мал шаруашылығыда қатар өркендеді.Десекте мал шаруашылығы жедел түрде дамып ,негізгі салаға айналды.Экономикаға назар аударар болсақ маңызды рөлді әрине металлургия мен мал шаруашылығы болды.Түрлі түсті металдардың құймаларынан еңбек құралдарын жасады.Мысалы : балта,пышақ,қанжар,найза,шаппашот,жебе.Мыстан ,тастан жасалған еңбек құралдарын қола ығыстырды.Бұл дегеніміз тас балтаға қарағанда ,қоладан жасалған балта онымен қоса әртүрлі құрамда балқытылып жасалды ал ол өз кезегінде әлде қайда мықтылау,берік,сары түсті құралдардың пайда болды. Мысалы : тас балтаға қарағанда ,ағашты қола балтамен 3 есе тез шабуға мүмкіндік алды.


Негізгі бөлім: Қола дәуіріндегі жерлеу мен ғұрыптарына келер болсақ, Орталык Қазақстандағы Андронов мәдениеті тайпалары өз дамуында бірінен соң бірі келетін екі кезеңнен өтті: оның алдыңғысы — Нұра кезеңі, ортаңғысы — Атасу кезеңі.
Нұра кезеңінің тайпаларына өлікті өртеп жерлеу ғұрпы тән. Өлік казылып қойған молаға жақын жерде өртеліп, одан соң күлі молаға қойылған, ал өртелген жерге тас тақталар үйілген. Бүл замандағы тайпалардың өлікті жерлеуінде оны өртеу негізгі ғұрып болғанымен, бірден-бір ғұрып болған жоқ. Өлікті молаға салу ғұрпы да болды, ол әсіресе Қазақстан қоласының Атасу кезеңінде ерекше кеңінен тарады. Нұра кезеңіндегі қорымдардың аумағы онша үлкен емес, әдетте ол аласа төмпешік болды, оны айнала тігінен орнатылған немесе жалпағынан салынған тақтатастардан дөңгелетіп немесе тік бүрышты етіп қоршайтын болды. Қабір қоршаудың ішінен қазылды. Өлік қабырғалары жалпағынан салынған тақтатастармен шегенделген лақатқа, тас жәшіктерге салынып, тік бұрышты етіп қазылған қабірлерге көмілді. Жерлеу ғұрпы жасалғаннан кейін лақаттар тас тақталармен жабылды. Бұғылы- 1 қорымында қазылып ашылған дөңгелек және тік бұрышты қоршауларда тік бүрышты қабірлер болды; кейде олар жалпағынан салынған тақтатастармен шегеленген (цисталар). Бейіттегілердің көпшілігі өлікті ортеу ғұрпы бойынша жерленген. Нұра кезеңінің соңына таман өлікті жерлеу ғұрпы оны өртеу ғұрпын бірте-бірте ығыстыра бастайды. Бұл бірсыпыра ескерткіштерден, мәселен, Орталық Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарындағы ескерткіштері көрінеді; бұларда жерлеу ғұрпы аралас: елік өртеу де, өлікті жерлеу де кездеседі, оның үстіне өлікті көміп жерлеу басымырақ.
Қорытынды: Мал шаруашылығымен металлургия саласының қарқынды дамуы ер адамдардың еңбегін көбірек қажет етті,осылайша аналық рулық қатынастың күйреп,әкелік рулық қатынасқа алып келіп қана қоймай қоғамдағы рөлін аоар орнын жоғарлатты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет