Қабылдаған: Есеева Р. Т. Орындаған: Айдарова Жания Пәні



Дата06.01.2022
өлшемі16,81 Kb.
#16014
Байланысты:
Айдарова Ж. Дов 18-3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қолданбалы математикалық материалдың баланың ақыл-ойын дамытудағы маңызы

Қабылдаған: Есеева Р.Т.

Орындаған: Айдарова Жания

Пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

Тобы: Дов 18-3

Курс: 3

Тараз 2020



МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

І.МАТЕМАТИКА КУРСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ЖАНДАНДЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒЫТЫ

1.1.Математикалық мектеп курсындағы қолданбалы бағыт.................

1.2.Мектеп бағдарламасындағы математикалық ұғымдар....................

1.3.Оқушылардың сабаққа дайындалуы мен оны жоспарлаудың теориялық негіздері........................................................................................................



ІІ.МАТЕМАТИКА САБАҒЫНА ДАЙЫНДАЛУ МЕН ОНЫ ЖОСПАРЛАУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТІ ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДА ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

2.1.Бастауыш сыныптардағы математика сабағы..................................

2.2.Математика сабағына дайындалу және оны жоспарлау................

2.3.Бастауыш сыныптардың математика сабақтарына дайындалу және оны жоспарлау технологиясы.........................................................................



ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................

IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектеп жасына дейінгі тәрбиеге ерекше мән беруді талап етіп отыр. Болашақ мамандарға мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерді қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістерін меңгертуде математика пәнінің маңызы зор. Пәннің мазмұны балалардың математикалық қарапайым түсініктерін қалыптастыру курсының теориялық негіздерін, ерте жастағы балалардың санау, есептеу ерекшеліктері, санауға үйрету міндеттері, мазмұны және әдістемесі, ерте жастағы балалардың заттың көлемі, геометриялық фигура мен заттың формасы, кеңістік, уақыт туралы түсінігін қалыптастыру, ерте жастағы балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру жұмысын жоспарлау және есепке алу және балаларды мектепалды даярлау ерекшеліктері, балабақша мен бастауыш мектептегі математика сабағын оқытудың сабақтастығы мәселелерін қарастырады.

Мектепке дейінгі оқытудан күтілетін нәтижелер: мектепке дейінгі балаларға берілетін қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне байланысты меңгерген білім, білік және дағдыны іс жүзінде қолдану қабілеттілігі; ерте жастағы балаларға қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша негізгі түйінді құзіреттеріне қойылатын талаптар; ерте жастағы балаларға математиканы оқыту теориясы мен әдістемелік негіздерін; математикалық түсініктерді дамытуда тұлғалық-бағдарлық тәсілдерді жүзеге асыру жолдарын үйрету.



Курстық жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы оқытуды ұйымдастырудың әдістемесін меңгертіп, кәсіби дағдыландыруды қалыптастыру; мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы оқытудың теориясы және әдістемесін таныстыру; балаларға санау, есептеу, пішін, заттың көлемі, уақытты қатынасымен таныстырудың әдістемелік жүйесін үйрету; балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруда мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастықты ұйымдастыра білуге төселдіру.

Курстық жұмыстың міндеттері: Мектеп жасына дейінгі балаларға есептеумен таныстырудың әдістемелік жүйесін үйрету; есептеу барысында балалардың сандардың қатары туралы ұғымдарының даму даму ерекшеліктерімен таныстыру.

Балалардың математикалық түсінігін қалыптастыру жұмысын жоспарлау және есепке алу; шағын жинақталған балабақшада математика сабағын ұйымдастыру әдістемелерін жасау; шағын жинақталған балабақшада математика сабағын ұйымдастыру әдістемелерін көрсету, балаларды мектепалды даярлау ерекшеліктерін көрсету; баланың мектептегі оқуға дайындығын: жеке бастық; интеллектуалдық, әлеуметтік жағдайларын байқау; ерте жастағы балаларда таным үрдістерінің дамуын қадағалау; Мектепалды даярлықты ұйымдастыру және басқару; жалпы білім беретін мектептердегі мектепалды сыныптарды қадағалау; мектепалды сыныптарға қойылатын негізгі талаптар; мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастықты қадағалау.



Курстық жұмыстың нысаны: мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы оқыту әдістемелері, әдістемелік құрылымдары, есептеу әдістері.

Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: мектеп жасына дейінгі балаларға берілетін математиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне байланысты меңгерген білім, білік және дағдыны іс-жүзінде қолдану қабілеттіліктерін шыңдау; ерте жастағы балаларға қарапайым математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша негізгі түйінді құзіреттеріне қойылатын талаптарды күшейту арқылы балалардың білімдерін жоғарылату; мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы оқыту теориясы мен әдістемелік негіздерін; математикалық түсініктерді дамытуда тұлғалық-бағдарлық тәсілдерді жүзеге асыру жолдарын күшейту.

Курстық жұмыстың ғылымилығы, құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, 2 тарау, 6 тақырып, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет