Қабылдаған: Таукейұлы с карантин белгілеу жағдайлары



Дата18.02.2023
өлшемі26,44 Kb.
#68985
түріРеферат



Реферат
Карантин белгілеу жағдайлары


Орындаған:Нұртай Ғасыржан
Қабылдаған:Таукейұлы С

Карантин белгілеу жағдайлары
Карантин — ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі.
Карантин (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, медициналық-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі.
Карантиндік шаралар
Көптеген жұқпалы аурулардың қоздырғыштары мен жасырын кезеңі (инкубациялық кезеңі) әлі толық анықталмаған жағдайда кез келген жұқпалы аурулар бойынша 40 күнге шектеу қойылады. Карантиндік шаралар халықаралық медициналық-санитариялық ережелерге сай ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) мүшесі ретінде Қазақстан Республикасында да жүргізіледі. Әсіресе, елдің өз территориясында немесе шекаралас елдерде аса қатерлі індеттер (оба, тырысқақ, т.б.) пайда болғанда карантин жүргізудің маңызы арта түседі. Мұндай жағдайда әкімшілік шара ретінде мемлекет шекараны жабуға тура келеді. Карантин жарияланған елдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Медициналық-санитариялық шараларға:
барлық жолаушылардың және экипаждың денсаулығы туралы анықтама алу;
тасымалданатын жабдықтарды, жүктерді тексеріп, қажет болған жағдайда дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау;
ауырған адамдарды және олармен жанасқандарды дәрігерлік тексеруден өткізу;
диагнозын анықтағанша науқастар мен күдікті адамдарды оқшаулау;
Жұқпалы аурумен ауырған адамдарды шағын топтарға бөліп обсервациялау кезінде немесе Карантин жарияланған жерден келгендерге дәрігерлік бақылау жүргізу мерзімі ауру түріне байланысты болады. Мысалы, оба және тырысқақ ауруында – 6 күн, нағыз шешек кезінде – 14 күн. Бұл мерзім сол аурулардың ең ұзақ жасырын кезеңінен аз болмауы тиісті. Оқшаулау әскери бөлімшелерде жаңадан келген сарбаздар үшін де қолданылады. Карантин жарияланған елден (жерден) кетушілер мен келушілерге сол ауруға қарсы егілгені, яғни вакцинацияланғаны туралы тиісті куәлік (сертификат) берілуі керек. Аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша карантин жарияланған жерде адамдардың бір-бірімен араласуына шек қойылады, жатақхана тұрғындары шағын топтарға бөлініп орналастырылады, дәрігердің рұқсатынсыз карантиндік аумақтан шығып кетуіне немесе оған басқа жақтан адамдар келуіне тыйым салынады, азық-түлікпен және сапалы сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда карантиндік шаралар оқта-текте кездесетін, аса қауіпті емес жұқпалы аурулар бойынша мектептерде, перзентхана, балабақша, емхана, ауруханаларда жүргізіліп тұрады. Барлық атқарылатын шаралар қауіпсіздік техникасы сақтала отырып, микробиологиялық қадағалауға алынуы қажет.
Жалпы ережелер 1. Осы Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау тәртібін анықтайды.
2. Шектеу іс-шаралары және карантин Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03128 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7583 болып тіркелген) жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұпалы ауруларының тізбелеріне енгізілген жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша белгіленеді. 2. Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу тәртібі
3. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне және жануарлардың жұқпалы ауруларының таралу дәрежесіне байланысты эпизоотиялық ошақ белгіленген аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленеді.
4. Шектеу іс-шараларын және карантинді тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша:
1) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органының; 2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының; 3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының; 4) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда аудандық маңызы бар қала, елді мекен, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімімен белгіленеді. 5. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс- шараларын және карантинді белгілеу туралы ұсынысы: шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу енгізілетін әкімшілік-аумақтық бірлікті; шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу себептерін (аурудың атауын), жануардың түрін көрсете отырып, ерікті нысанда жазбаша түрде ресімделеді. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс- шараларын немесе карантинді белгілеу туралы ұсынысына инфекция ошағын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1618 бұйрығымен бекітілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет