Адам баласының ой-өрісі кеңіген сайын философия да тереңдей түсті. Философия өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым



Дата18.10.2023
өлшемі14,57 Kb.
#118910
Байланысты:
Еділбай Нұртас 027


Адам баласының ой-өрісі кеңіген сайын философия да тереңдей түсті. Философия — өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бұның барлығы бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асты.

Философиялық дүниетаным – бұл әлем жайлы көзқарастар жүйесі және ондағы адам орны, оның шын екендігіне, қоршаған ортаның және өзінің өзіне деген қатынасы, сондай-ақ, осы көзқарастар негізінде пайда болған идеялар мен таным және әрекет ұстанымдары, құнды дүниелер. Философиялық дүниетанымның пайда болуы Ежелгі Шығыс елдерінде құлдық қауымның пайда болған кездерінен, ал оның классикалық формасы Ежелгі Грециядан басталады. Философиялық дүниетаным түрлерінің бастамасы ретінде алғашында материализм, діни дүниетаным ғылыми реакция ретінде пайда болды. Философия өзінің пайда болған кезінен бастап, альтернативтік және бір уақытта диалогтік көріністерді байқата алады. Тарихи-философиялық процесте бұл диалог «полифония», «көпдауыстылық» альтернативті жағдайда – көпжақты философиялық білім, мектеп және бағыттары бар материализм және идеализм, догматизм және скептицизм, рационализм және иррационализм ретінде болады.

Миф – тарихи дүниетанымның ең көне түрі, қоғамның алғаш қалыптасуында рулық қауымнан бастап қалыптасқан. Мифтің құрылымында, яғни жырлардың, аңыздардың негізінде басты сұрақтарға, аспан әлемі мен табиғат жағдайларының, жануарлар мен адамның пайда болуы жайлы сұрақтарға жауап берілген. Мифологияның көп бөлігін космологиялық мифтер, әлемнің құрылымы жайлы түсінік қамтиды. Мифте адамның өмір сүру түрлері, өлім мен өмір құпиясы, адамдар күтетін түрлі сынақтарға қатты көңіл бөлінген. Ерекше орынды «батырлық» жайлы мифтер және «тұрмыстық» мифтер алады, адамдардың жетістіктері: отты жағуы, құралдарды ойлап табуы, егін шаруашылығының дамуы, жабайы жануарлардың қолға үйретілуі, ал біздің заманымызда – қоғамдық мифтер.



Еділбай Нұртас 027к

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет