Адам және денсаулық (Биология ағылшын тілінде») Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
(8 «А» сынып)
«Қазақстан бүкіл әлемдегі халқы үш тілді пайдаланаты,мәдениетті елі ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі.» Н.Ә.Назарбаев Ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым- қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет.Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы.
Түсінік хат Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында 2016 жылдан бастап жоғары білім берудің оқу бағдарламаларына оқытудың барлық кезеңдерінде ағылшын тілін оқыту курсын жүргізу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, 2020 – 2021 жылдары мектептерде жаратылыстану пәндері қатарында «Биология» пәнін ағылшын тілінде оқыту (білім беру ұйымдарының шешімінің негізінде таңдау бойынша) енгізілетіндігі белгіленген.
2017 – 2018 оқу жылынан бастап биология пәнін оқыту жұмыстары ағылшын тілінде ұйымдастырылады.
Осыған орай , бұл бағдарлама 8 – сыныпқа биология таңдау пәнін ағылшын тілінде оқытуға арналған. «Биология ағылшын тілінде» тақырыбындағы таңдау сабақтары мынадай тарауларды қамтиды:
Жасушалық биология (Cell biology)
Химиялық өмір (Chemistry of life)
Тірі ағзалардың көптүрлілігі(Diversity of living things)
Асқорыту жүйесі(Nutrition)
Тасымалдау жүйесі(Material transport)
Тыныс алу жүйесі(Respiration)
Зәр шығару жүйесі(Excretion)
Қимыл – қозғалыс жүйесі(Movement)
Сезім мүшелері(Coordination and regulation)
Көбею(Reproduction)
Эмбриондық даму(Embrionic development)
Генетика және селекция(Inheritance and variation)
Биосфера(Biosphere)
Экологиялық проблемалар(Human impact on environment)
Мақсаты: Оқушыларға ағылшын тілін үйрету арқылы, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Үштілді білім беру бағдарламасы негізінде үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейге көтеріліп Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарды тәрбиелеу, ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой – пікірмен ұштастыратын сапалы білім мен тәрбие беру
Міндеті: Бүгінгі заман талабына сай оқушыларды өз тілімен қатар, өзге тілді меңгеріп, игеруге баулу;
Оқушыларға ағылшын тілімен толық мәлімет бере отырып сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттыру;
Тілді үйрету арқылы сол тілде өз ойын ашық жеткізе білуге машықтандыру;