«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, «Білім есте сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім» деп Л



Дата22.04.2022
өлшемі20,95 Kb.
#31908
түріСабақ

«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі,

«Білім есте сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім» деп Л.Толстой айтқандай, «дәлел – іс-әрекетті қалай жасау жөніндегі  нұсқаулық емес,  бірақ мәселелерді зияткерлікпен шешудегі және де білім беру саласындағы біздің мақсаттарды анықтаудағы болжам болып табылады» (Дж. Дьюи). Осы қағиданы басшылыққа алып, оқушылардың назарын сабаққа аудара отырып, күндегі дәстүр амандасу тренингісінен бастадым. Әр сабағымда ынтымақтастық орнату үшін тренингтер, сергітулерді жиі пайдаландым. Сабақтарымның барысында оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында  әртүрлі психологиялық тренингтер  өткіздім. 



     Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының әдістерін пайдаланып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, ынтасын дамыттым. "Біз екеуміз ұқсаспыз" деген тренинг арқылы мен оқушыларымның бұрын білмеген қырларын, қасиеттерін білдім. Мәселен, Ақырыс өзіне Аружанды ұқсатады екен, мінездері ашық және екеуіде қызыл түсті ұнатады, ал Сабыр мен Айнұрдың туған жылдары мен күндері де бірдей екен. Мәди мен Бекзатқа келер болсақ ол екеуі туыс, яғни рулас болып шықты. Олжас пен Дәулеттің аналары бір жерде жұмыс жасаса,  Назерке мен Амандықтың сөмкелері бірдей екен. Осындай тренингтерде  оқушылар өздерінің ұқсас жақтарын анықтауда бір-бірінен аса түсіп, қайталандайтындай етіп тапқырлық көрсетіп отырды. Сергітуге арналған жаттығулар "Молекулалар", "Капитандар" ойыны  т.б. тапсырмалар  оқушылардың  бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, сабаққа деген құлшыныстарының оянуына ықпал етті. Оқушыларға «дөңгеленген үстелдер» тренингін өткіздім. Онда оқушылар дөңгеленіп столдарға отырып, алдындағымен артындағы оқушының қолынан ұстады, орындықтарды алып тастап 20- ға дейін санадым, бір-бірінің қолдарын жібермей ұстап ауызбіршіліктері мен татулық  қарым-қатынастарының жақсы екенін көрсетті. «Оқушы қандай болу керек?»  деген тақырыпта  өз ойларын ортаға салып, жұмыстарын  қорғады. Өткізген тренингтер арқылы оқушылардың ынтымақтастық атмосферасы  қалыптасып, қарым-қатынасы нығайды. . Класта психологиялық көңіл-күй орнағаннан кейін оқушылар топқа бөлінді. Оқушыларды  физикадан өткен механикалық қозғалыстар үшін жер көлігі-машиналар,  жаңа  тақырып бойынша ауа көлігі –тікұшақ және су көлігі –кеме сияқты транспорттар арқылы үш топқа бөлдім. Сабақта  оқушыларды  топтастырдым, сыныпта құрылған ережелерді  қайталата отырып, есте сақтау қабілеттерін тексердім. Топ белсенді толықтыру арқылы әрекет етіп, бірін бірі қолдау арқылы сұхбат құруға үйренеді. Оқытуды үйретудің қозғаушы күші бар ол-  метатану, басқаша айтқанда оқу бар , сонымен қатар оқуды үйрету де бар адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті (нұсқаулық, 32 бет). Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін дәлелдеді. Оқушылар топпен жұмыс жасай алды. Топ басшылары көшбасшы бола отырып, тобынғы үндемейтін оқушыларды сөйлете білді. Оқулықты пайдалана отырып, тапсырмаларды  орындады.     

    Танымдық даму – баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Жан Пиаже, Джин Пиагет, Мария Монтессори және Лев Выготский сияқты теоретиктер оқу және даму мазмұнының ұқсастығын қалыптастыру нәтижесінде, танымдық тәсілді дамытуда одан әрі ілгерілеген (нұсқаулық 77 бет) тұжырымдамасын басшылыққа алып, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп отырдым.   Үй тапсыпмасын тексеру барысында  үйге берілген есептерді «Білімді мыңды жығар» ойыны бойынша жұптасып, топтасып, тексере отырып,  есеп шығару барысында интерактивті тақта арқылы «қара, жап, жаз, тексер» деп, формулаларды  есте сақтау  үшін мнемоника әдісі бойынша тапсырма  берілді. Әлихан, Нұрхан, Дәулет деген оқушылардың есте сақтау қабілеті жоғары екенін аңғардым. Оқушылардың қарым-қатынасы жақсы болып, топпен бірлесе отырып жұмыс жасады. Және «Бинго»  ойыны арқылы оқушылардың шапшаңдық, тапқырлық қасиеттерін анықтадым. Интерактивті тақтада берілген физикалық шамалардың белгілері мен өлшем бірліктерін оқушылар өздеріне таратылған бинго парақшаларынан тауып белгілейді. Барлық бингоның жауаптары табылған  топ жеңімпаз атанып, ойыншық көлік түрлерімен бағаланды. Ситуациялық сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын  оқушылар өздері ашты.  Интерактивті тақтадағы бейне көрініс арқылы жаңа тақырыптың мәні ашылды, диалог арқылы сыни ойлауға шақырдым.  «Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуде көздеген белгілі-бір өзара әрекеттестік үлгілер зерттеушілік әңгіме, ойлау қабілетінің дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті. Александердің 2001-2008 «диалогтік оқыту» сөзін негізге ала отырып, кластер  кұрып, оқулықпен жұмыс жасады. Ғылыми зертеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызыды рөл атқаратындығын  көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткетті. Александердің  (2000) айтуы бойынша: «Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылар әртүрлі және кеңейтілген сыныпта жүргізілген диалогтерге қатысу мүмкіндіктері берілгенде,  олар өзіндік жеке түсініктерінің өрісін зерттей алады» (нұсқаулық, 29 бет),  деген тұжырымдамасында жаңа сабақты сыни тұрғыдан ойлана отырып, диалогтік әңгіме туғызу арқылы  өзара ой бөлісті. Ең оңтайлы тәсіл- балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Осы тәсілдерді негізге ала отырып, топтық жұмыс жүргіздім. Топтың қарым-қатынасы нығайып,  бірлесе жұмыс жасауға тырысты. Әр топ берілген тапсырманы постер арқылы түсіндірді.  Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылауға баса назар аударды. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды.  Жаңа тақырып бойынша оқушылар мағынаны тану барысында  жана ақпаратпен танысады, жаңа ақпаратты өзінде бұрын бар біліммен, тәжірибе алмасады, кластер әдісі арқылы оқулықпен жұмыс жасайды. Оқушылардың бірін-бірі оқытуына мүмкіндік беріледі (бесінші тезис). Әр топқа жаңа тақырыппен танысу үшін кодтық тапсырмалар берілді. Жаңа тақырып «Ареометрлер. Су көлігі. Ауада ұшу». Үш топ кодтық тапсырма бойынша өздеріне берілген тақырыптарды бөліп алды. Топтар бөлінген тақырыптарды оқып, жұптасып, топтасып бір-біріне түсіндірді. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Мерсер, 1995; Александер, 2008) метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрету» (Флейвелл,1976; Выготский,1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық идеяларын негізге ала отырып, іс-тәжірибемде үйренген әдіс-тәсілдерімді қолдандым. Қалай оқудың жолын үйрету (өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде қалай дамитынын бақылау), диалог (сыни тұрғыдан ойлауға үйрету) арқылы (талантты және дарынды балаларды) оқыту, оқытуда өзін-өзі және бір-бірін бағалау, АҚТ тәсілдерін қолдану;  диалог негізінде білім беру мен білім алуда мұғалім мен оқушы арасындағы диалог пен оқушылардың өзара сұхбаттасуын дамыту; деңгейлеріне сай оқыту мен оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауын дамыту; сыни тұрғыдан ойлауды  және көшбасшылықты дамыту тәсілдерін қолдандым. Диалогтық әңгімелесуді топтар өзара әрекеттесіп жұмыс жасаған кезде талқылауға болады. Әңгімелесу әдісі балалардың оқуға деген ынтасын оятады. Сыныптағы диалогті қолдану арқылы балалардың білім алу сапасын арттыруға болатынын ескердім. Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үлгісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Оқушыларға материалды ұғу үшін сабақта «Бетпе-бет», 1 кезеңінде үйренген әдістерді пайдалануға тырыстым. Дұрыс қолданылған әдістер оқушылардың зейінін аударумен қызығушылығын, ынтасын арттырады. Оқушыларды диалог түрінде сөйлесуі, сұхбаттасуы, берілген сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру мен қатар ой-өрісін кеңейтіп, шығармашышылыққа, ізденушілікке  баулиды. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару керек. Оқыту үшін бағалауды (өзін-өзі, бір-бірін), (3 апта 1 күн) оқушыларға көмектесетін басты әдіс ретінде қолдандым. Постер қорғау арқылы жаңа тақырыптың мәні ашылды, оқулықпен жұмыс жасап,өзара пікір алысты. Физика  заңы  бойынша «қауіпсіздік техникалық ережесін» құрды, оны плакат бетіне түсіріп қорғады. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме-мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқандай, сабағымда зерттеушілік әңгіме негізінде «физика  өмірде қажет пе, қажет емес пе?» деген сауалдар қою арқылы оқушылармен пікір алыстым. Оқушылардың барлығы физиканың өмірде қажет екендігі туралы бірнеше дәлелдер айтты. Мысалы: Нұрхат «физика  өмірде қажет деп санаймын. Ол болмаса жылу, жарық көздерін, ток көздерін қайдан аламыз?» десе, Еркежан: «Табиғат сырын ұғынған, физика ғылым патшасы, еңбектерін сіңірген, ғалымдардың қаншасы» деген сияқты өлең жолдарымен де мысалдар келтіріп кетті. Осы пікірталас барысында оқушылардың сөздік қоры молаяды, ойын жинақтайды, өздерінің дәлелдемелері арқылы дау-дамай туындайды, сабақты өмірмен байланыстырады.  Зерттеу жұмысын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Зерттеушілік әңгіме барысында өз сыныптастарымен шағын топтарда  жұмыс істей алады. Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламада (Кембридж) былай деп қарастырылған: оқушылардың және мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту оларды мәселеге көңіл аудару және мәліметтерді талдауда (3 апта 5 күн) балалар өз құрбыларымен, мұғаліммен сұхбаттасуда өз көзқарасын айтады әрі қорғай алады. Дарындылық белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілетінің жоғары деңгейі дегендей, мен оқушылардың шығармашылық әрекеттерін анықтай отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында шығармашылық жұмыс  бердім.  1-топ: жаңа  тақырып бойынша «Слайд жасау», 2- топ:  «Көзбен көру айғақтары арқылы топтастыру» , 3-топ: ареометрлер арқылы «Қызықты тәжірибелер» жасау. Осы тапсырма арқылы оқушылардың арасында дарынды оқушыларым анықталды.  Интернет желісінен ізденіс барысында Маратов Ернұр алдына жан салмады. Өзінің жаңа технологияны  өте керемет меңгергендігін тағы бір мәрте дәлелдей отырып, топпен бірге презентация жасау барысында да шапшаңдық пен тапқырлық көрсете білді. Осы топтағы Ақарыс және Еркежан деген оқушыларда өздерінің презентация жасау барысындағы шеберліктерін байқатты. «Көзбен көру айғақтарын топтастыруда»  2- топ бойынша Тілеуова Алтынай суретті өте жақсы салса, үлгерімі төмен оқушым Әтпүш Қайсар суреттерді топтастырып жабыстырып, ол да өзінің үлесін тобына қоса білді. «Мен қиялдан туған мың пікірден бір тәжірибені жоғары қоямын»  деп М.В.Ломоносов, «Айтсаң түсінемін, көрсетсең есімде қалады, ал өзіме жасатсаң бәрін де ұғып аламын»  деп, қытай ғұламасы Конфуций айтқандай тәжірибе жасату оқушылар үшін өте маңызды . Олар көздерімен көре отырып, ауыздарымен түсіндіре отырып, қолдарымен жасайды. Физика пәні эксперименттік ғылым, сол себепті сабақтың негізгі бөлімінде бірнеше тәжірибелік  жұмыстар жасалынды. 3- топ  «Қызықты тәжірибелер» бойынша ареометрлермен жұмыс барысында Әлихан мен Дәулет тәжірибелерді жасай отырып, өлшеу қателіктерін  және есептеулерді дәл және нақты орындады. Сол сияқты  балаларға диалог арқылы мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойылды.  Сыныпта сұрақ қоюдың үлгісі  «Сиқырлы сандықша» арқылы кері байланыс орната отырып, сабақты қорытындыладым. Қорытындылау нәтижесінде, Дәулет, Нұрхан, Еркежан, Әлихан сияқты оқушылар көшбасшылық танытып, жоғарғы дәрежелі сұрақтарға жауап берсе, Амандық, Қайсар сияқты үлгерімі нашар оқушыларым төменгі дәрежелі сұрақтардың төңірегінде жұмыс жасады.  Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.  Әр топқа бағалау парағы беріліп, топ басшысы сайланды. Үйге тапсырма берілгеннен кейін, сабаққа  қатысқан оқушыларды топ басшысы бағалау парағына белгілеп, бағалады. «Көңіл күйлерің қандай?» деген сұрағыма жауаптарын жапырақ тектес стикерлерге жазды. Бағалау ағашына оқушылар сабақтан алған білімдерін, көңіл-күйлерін стикерлерге жазып жабыстырды. Сабақ аяқталғаннан кейін бағалау ағашындағы стикерлерді оқығанымда, оқушылардың барлығына сабақтың өте жақсы ұнағандығына көзім жетті. Онда оқушылар «сабақ өте ұнады», «физика сабағы көбірек болса», «сабақ керемет» деген сияқты сөздерді көргенімде төбем көкке жеткендей болды. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын, белсенді оқушылар болса, онда оқушы үшін оқуда алға қадам басуға ұмтылады. Сабақты ақпараттық-комуникациялық технологияны қолдана отырып өткіздім. Мұғалім оқушыларда Чиксентмихан (2008) «өзіндік мақсат», басқаша айтқанда өзін-өзі ынталандыра алады. Сабағымдағы бұрынғы дәстүрлі тәсілдеріме қарағанда қазіргі сабақтарыма өзгеріс енгізу арқылы, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолданып әртүрлі жұмыс түрлерін жүргізу арқылы  сабақтарымда қойған мақсатыма және оқушыларымның мынадай өзгерісін анықтадым: Оқушылар өз пікірлерін қысылмай айтып, кеңестер сұрап отырды. Сабақ соңында оқушылар ашық журнал тәсілімен өзін-өзі бағалады.  Мұндай журнал оқушылар бойында оң бәсекелестіктің қалыптасуына және әрбір оқушының өз білім деңгейін әділ бағалауына ықпал етті. Оқушылардың өзін-өзі реттеуі қалыптасты, жаңа тапсырманы сеніммен қолға алды, өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы айта алды. Диалог арқылы оқытуда дарынды балалар анықталды, сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасты. Оқушылар зерттеушілік әңгімеге тартылды, АҚТ-ны қолданды, тапсырманы орындаудың өз жолдарын іздеді. Оқушылар бір-бірінен үйренді. Әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтады. Бір-бірін және өзін-өзі бағалауды үйренді. Оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасты. Балалар топтық жұмыс кезінде өз идеясын алға тартуды үйренді, өз арасында талқылау арқылы сыни ойлауы дамыды. Ақпарат алу кезінде дереккөздерді табуға үйренді. Ал өзімнің өзгерісіме келетін болсам: Бұрынғы дәстүрлі сабаққа қарағанда Кембридж бағдарламасы негізіндегі әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтадым. Сабақты түрлендіріп оқытуда нәтиженің жоғары болатынын, оқушы қабілеттерін түрлі тәсілдер арқылы ашуға болатынын түсіндім. Оқушыны бағалауда басқа да бағалау тәсілдерін қолдануға болатынын білдім. Деңгейлеп әдісін қолдану арқылы оқушының ойлау-логикалық қабілетін дамыттым. Ойлауды дамыту үшін мәртебесі жоғары  сұрақтарды пайдаландым. Бұрынғы сабақтарымда менің рөлім басым болса, тиімді тәсілдерді үйреніп қолдану арқылы оқушылардың сабаққа араласуы олардың қызығушылығын оятатынын және жоғары нәтижеге қол жеткізетінін білдім.     Оқушыларға өз жұмысым арқылы және білім беруді білімді ұсыну емес, өзінің жеке білімін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер беру керек және мұны  жүзеге асыру қажет ойладым. Сабақтың  қорытынды  нәтижесі: тақырып бойынша ойын өзектендіре алды, тақырыпты өз бетінше тәжірибелер жасай отырып,  зерттеулер жүргізе алды, өз ойын еркін жеткізе білді, сыныптастарымен қарым қатынас нығайды. Соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастырытын жиынтық, яғни бастан кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым- қатынастар мен  құндылықтар, амал- тәсілдер мен көзқарастар бейімділіктің кешенді үйлесімі  (Нұсқаулық, 16 бет) деп  ойлаймын.       

     Сабағымның сәтті өткен тұстары: шығармашылық жұмыс барсында «Көзбен көру айғақтарын» керемет  топтастыруы, қызықты тәжірибе жасау барысында оқушылардың өлшемдер мен қателіктерді нақты табуы, физика пәнінен жақсы оқитын оқушылардың сабақтың «білімді мыңды жығар» есептер шығару кезеңінде көшбасшылық қасиеттерімен таныла білгендігі. Сәтсіз өткен тұстары: жаңа сабақты кодтық тапсырмалар арқылы бір-біріне түсіндіргенде кейбір  оқушылардың қиналғандығы, жоғарғы дәрежелі, төменгі дәрежелі сұрақтар кезінде оқушылардың қате жауап бергендігі.



      Болашақта жеті модуль бойынша үйренген әдіс-тәсілдерімді дамыта отырып, жұмыстың жаңа жолдарын іздеймін. Тәжірибені ары қарай өзгерту бойынша идеялардың тиімді жақтарын көру нәтижесінде белсенді әдіс-тәсілдерді қолданамын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет