Ахмет Байтұрсынов-Алаш зиялысы ғана емес сонымен қатар публицист,баршамызға белгілі «Қазақ» газетінің бас редакторы, педагог



Дата08.08.2023
өлшемі13,25 Kb.
#105106
Байланысты:
АБ публицист


Ахмет Байтұрсынов-Алаш зиялысы ғана емес сонымен қатар публицист,баршамызға белгілі «Қазақ» газетінің бас редакторы, педагог.

А.Байтұрсынұлы-Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсариннен бастау алған қазақ публицистикасының дамуына орасан зор үлес қосқан тұлға деп айтсақ қателеспейміз.А.Байтұрсынұлының алғашқы публицистикалық еңбектері ретінде аудармалары мен шығармаларын және елде болып жатқан жағдайларға, жер мәселелеріне, оқу-білім жайында жазған мақалаларын айта аламыз.



1913 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынов «Қазақ»газетін жарыққа шығарып, өзі редакторлық қызмет атқарады. Газеттің алғашқы санында бас редактор «Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халымыз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілін елеусіз қылып, хат жазса өзге тілде жазып, қазақ тілінен алыстап барады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті»-деп оқырманды ғылым-білімге шақырған, қазақ балаларының сауат ашуына барынша жағдай жасаған.Газет жарыққа шыққан күннен бастап редактор тіл тазалығы үшін,әдебиетіміздің дамуы үшін көркем-публицистикалық мақалаларды жариялаған.Публицист «Көшпелі һәм отырықшы норма», «Уақ қарыз», «Бұ заманның соғысы», «Жәрдем комитеті», «Закон жобасының баяндамасы», «Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша положение», «Губернатор өзгертілуі», «Соғысушы патшалар», «Қазақ жерін алу турасындағы низам», «Қазаққа ашық хат», «Бастауыш мектеп» және тағыда басқа көптеген сыни мақалалар жазған. Бұдан шығатын түйін «Қазақ» газетін Ахмет Байтұрсынұлының ұлт намысын ояту мақсатында жазған кітабы деп айтсақта болады.Ахаң өзінің публицистикалық шығармаларын тек қана «Қазақ» газетіне ғана емес «Айқап» және тағы басқада газеттерге шығарып отырған.

Ахмет Байтұрсынов- жастарды оқу-білімге жетелеген Алаш публицисі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет