Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев



Дата17.03.2022
өлшемі10,95 Kb.
#28332

Шағарма

Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев



Жоспар: I. Кіріспе 1.1 Ақынның балалық шағы; II. Негізгі бөлім; 2.1 Мұқағали Мақатаевтың білім жолы. Поэзиядағы алғашқы қадамдары; 2.2 Мұқағали Мақатаевтың шығармалары мен аудармалары; III. Қорытынды 3.1 Ер есімі- ел есінде.

I.Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты- Мұхаметқали. Ұлы жүздің Әлжан руынан шыққан әулие батыр Райымбектің тікелей ұрпағы. Мұқағали Мақатаевтық әкесі қарапайым шаруа адамы болған. Колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы, оның артынан бір қыз және үш ұл дүниеге келді. Ақынның қарындасы мен бірінші інісі ерте көз жұмған. Қалған екі бауырың есімі- Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Мұқағалидің әкесі 1941 жылы Калининград майданындағы қаза тапқан.

Мұқағали Мақатаевтың балалық шағы қазақтың басына төнген қайғы-қасіреттің бірнешеуімен тұспа-тұс келді. 1932-1933 жылдардағы ашаршылық кезінде ақын небәрі 1-2 жас шамасында болса, 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін кезінде 6 жаста болатын. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында Мұқағали Мақатаев 10 жастағы бала екен. Соғыстың салқын қабағы ақынның шаңырағына оңай соққан жоқ. Әкесі Сүлеймен қан майданда қаза тапты.

II. 2.1 Мұқағали Мақатаев 14-15 жасында ақын болуға біржола бел байлап, қазақ әдебиетінімен бірге әлемнің барлық классиктерін бір деммен оқып шығады. Соның ішінде Гейне, Гете, Шекспир, Данте, Бальзак, Драйзер, Байрон, Гюго сияқты классиктерді жоғары бағалайды.

Мұқағали Мақатаев өз заманындағы барлық адамдардың қолы жете бермейтін бірнеше оқу орнына өз күшімен түскен. Алғашқыда ҚазМу-дің филология факультетіне, содан кейін шет тілдер институтына, артынша ҚазМу-дің заң факультетіне оқуға түседі. Кейін, тіпті Жазушылар одағының жолдауымен 1973 жылы Мәскеудің М.Горкий атындағы әдебиет институтының студенті атанды.

Алғаш 1949 жылы Мұқағали Мақатаевтың "Советтік шекара" газетінде ақынның "Қырман басында" , "Қойшы бала- Әкітай" деген өлеңдері жарияланды. Ал 1950 жылы ол Алматыдағы шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне өз күшімен оқуға түседі. 1963 жылы М.Мақатаев "Мәдениет және тұрмыс" журналында жұмыс істейді. Осы кезден бастап 1970 жылға дейін М.Мақатаев "Социалистік Қазақстан", "Жұлдыз" басылымдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарады.

2.2 Өмірінің осы уақыт аралығында ақын "Ильич" (1960), "Армысыңдар достар" (1966), "Қарлығашым келдің бе?", "Мовр" (1979), "Аққулар ұйықтағанда" (1973), "Шуағым менің" (1975) атты жыр жинақтарын жариялайды. Алғаш Мұқағали Мақатаевтың талантын бағалаған Әбділда Тәжібаев болған еді. Ол "Қазақ әдебиеті" газетінде: "Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!" деп жазған.

Мұқағали Мақатаев жарты ғасырға жуық ғұмырында 1000-нан астам өлең, "Ильич", "Мавр", "Аққулар ұйықтағанда", "Райымбек! Райымбек!", "Моцарт. Жан азасы" деген поэмалар жазды. "Құлпытас", "Марусяның тауы", "Өзгермепті", "Әже" әңгімелері мен "Қос қарлығаш", "Жыл құстары" повестерін, "Қош, махаббат" пьесасын жарыққа шығарды. Аударма бағытында да бақ сынап, Дантенің "Құдіретті комедиясының" "Тамұқ" деген бөлімін, Шекспирдің "Сонеттерін", Уолт Уитменнің өлеңдерін аударды.

Алайда өмірдің нағыз қызған шағы ортаң беліне келгенде ақынның денсаулығы сыр береді. Оның тұңғыш қызы Ләззат қайтыс болып, кейіннен кіші қызы Майгүл де көлік апатынан қаза табады. Балаларының қазасынан кейін ішқұса болған ақын ақыры жазылмас дертке шалдығады. Сондықтан ол өмірінің соңғы жылдарында бар күш-қайратын өлең жазуға арнап, сегіз жыр жинағын жарыққа шығарды. Онда ақынның барлық тағдыры шынайы көрініс береді. Оның "Асығу керек, асығу керек қалайда! Уақыт саған қарай ма?!" деген өлеңі ауруға шалдыққан жылдары жазылған. Өмірге соншалықты ғашық болған ақын жаралы тәнімен қазаққа осындай үлкен мұра қалдырды. Мұқағали Мақатаев 1976 жылы 27 наурызда 45 жасында Алматыда дүниеден озды.Мақатаев қайтыс болғаннан кейін 1985 жылы ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады. 1999 жылы оған Мемлекеттік сыйлық, сол секілді "Ғасыр ақыны" атағы берілді.

III. Қорыта келе айтарым, «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті.

(588сөз)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет