Академик Ә. С. Сағынов – ғалым және Қазақстандағы жоғары техникалық білім беруді ұйымдастырушы



Дата06.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#14825
Байланысты:
Сағынов

Академик Ә. С. Сағынов – ғалым және Қазақстандағы жоғары техникалық білім беруді ұйымдастырушы

Орындаған: Әлібек А.Р

Әбілқас Сағынұлы Сағынов

  • (27 желтоқсан 1915жыл, БаянауылПавлодар облысы - 2006)[1] - Социалистік Еңбек Ері (1971), тау-кен маманы, техника ғылымының докторы (1967), профессор(1958), ҚазССР ғылым академиясының академигі (1970). Қазақстан Республикасының ғылым мен техникасына еңбек сіңірген қайраткер (1995), ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (19741986).
  • Социалистік Еңбек Ері, Қарағанды қ. Құрметті азаматы,ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбілқас Сағынұлы Сағынов біздің еліміздің көрнекті ғалымдарының қатарына жатады. Кеңестер Одағында 800 ректордың ішінде бар болғаны екеуіне Социалистік Еңбек Ері жоғары атағы берілді. Олардың бірі – біздің Әбеке. Әбілқас Сағынұлы білетіндердің барлығы Орталық Қазақстанда жоғары техникалық білім беруді ұйымдастырушы, Қарағанды көмір бассейнінің, Қарағанды қаласының қалыптасуына және дамуына қатысушы, сан мыңдаған шәкірттердің тәрбиешісі, әрі тәлімгері, біліктілігі жоғары инженер кадрлар даярлау ісіне баға жетпес үлес қосушы ретінде оның еңбектеріне құрметпен бас иіп, оның бейнесін құрмет тұтады
  • «Қарағандыкөмір» комбинаты техникалық бөлімінің бастығы болып жұмыс істей жүріп, Ә.С.Сағынов шахталарды ғылыми-техникалық прогресс мәселеріне, шахта қорының одан әрі дамуына көп көңіл бөлді, бұл оған 1947 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тау-кен ісі институтының сырттай аспирантурасына түсу мүмкіндігін берді. Диссертация тақырыбы анағұрлым маңызды, даму перспективасы бар Қарағанды бассейні қабаттарының көлбеу түсетін жұқа және орташа қуатын әзірлеу технологиясының жаңа заманғы жағдайына байланысты болды. Сол жылдары көмір көбінесе қуатты қабаттардан өндірілді, ал жұқа және орташа қуатты қазу «кейінге» қалдырылды. Қабаттардың осы тобына назар аудару жеткіліксіз болғаны анық, дегенмен олардың қорлары бассейн шахталарының барлық өнеркәсіптікқорларының 40% жуығын құрады. Осы қабаттарды әзірлеу тәсілдері мен жүйелері жетілдіруді қажет етті.
  • 1951 жылы Ә.С. Сағынов өзінің басшылығымен 1952 жылы Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институты (ҚКҒЗИ) болып түрленген Бүкілодақтық көмір ғылыми-зерттеу институтының (БКҒЗИ) Қарағанды филиалының директоры болып тағайындалды. Осы кезеңдеӘ.С. Сағыновтың, ірі ұйымдастырушы және үшінші көмір кочегаркасының шахтерлері алдында туған күрделі проблемаларды шешуге қабілетті зерттеушілер ұжымын қалыптастырған ғалым ретінде айқын таланты байқалды. Ә.С. Сағыновтың жетекшілігімен ҚКҒЗИ институты «Верхняя Марианна» көмір қабатын әзірлеуге және метанды қабаттарды газсыздандыруға байланысты ірі проблемаларды шешті.
  • 1955 жылы Ә.С. Сағынов 1958 жылы Қарағанды политехникалық институты (ҚарПТИ) болып қайта ұйымдастырылған Қарағанды тау-кен институтының ректоры болып тағайындалды. Ол бір мезгілде пайдалы қазбалар кен орындарын қазу кафедрасын басқара отырып, ректордың қызметін 33 жыл бойы атқарды.
  • Бұл қызметте оның ұйымдастырушылық таланты және бірегей ғылыми қабілеттері айқын ашылған. Профессорлық-оқытушылар құрамы небары 28 адамнан құралған, оның ішінде тек алтауы ғана ғылым кандидаты болған институтты басқарып, Ә.С. Сағынов «институттың дамуы екі негізгі факторға –оқу-материалдық базаның жағдайына жәнеоқытушылардың ғылыми-педагогикалық біліктілігіне байланысты болады» деген тұжырымға келеді. Ә.С. Сағынов ірі оқу-зертханалық корпус – қазіргі университеттің бас корпусының кірпішін қалауға және құрылысын жеделдетуге қол жеткізді. Көп ұзамай бірқатар басқа оқу корпустарын, жатақханаларды, асхананы және т.б. тұрғызу басталды.
  • Оқу-материалдық базаның дамуы институттың бірінші курсқа талапкерлер қабылдауды 200 адамнан 2500-ге дейін ұлғайтуына мүмкіндік берді, кешкі және сырттай оқыту факультеттері ашылды. Бұл институтта білім алатын студенттер құрамын отыз мың адамға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. 15Қарағанды политехникалық институты тек Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге Орта Азия республикаларының да ірі ЖОО қатарына кірді. Ә.С. Сағынов институтқа «Карагандауглеразрезы» трестінің ғимаратын бекітуге қол жеткізді. Бұл тапсырма әскери кафедраны орналастыру үшін пайдаланылған. Ә.С. Сағыновтың соңғы тумасы – тау-кен факультетінің ғимараты, ол қазір де өзінің сәулеттік сұлулығымен көз тартады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет