Алгоритмдеу және программалау негіздері пәні бойынша 3-ші коллоквиум сұрақтары



Дата03.12.2022
өлшемі13,44 Kb.
#54548
түріПрограмма

«АЛГОРИТМДЕУ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛАУ НЕГІЗДЕРІ»
пәні бойынша 3-ші коллоквиум
сұрақтары

1.Тармақталған алгоритмдердің қанша есептеу бағыттары болуы мүмкін?


2. Тармақталған алгоритмдердің мысалдарын келтіріңіз.
3. Бірнеше шарт берілсе қандай команданы қолдануға болады?
4. Берілген шарт орындалғаннан кейін қандай код орындалады?
5. if-elif командасында қанша elif болуы мүмкін?
6. Логикалық өрнектің орындалуының нәтижесі қандай болуы мүмкін?
7. if-elif командасында else блогы болмайтын жағдайды түсіндіріңіз.
8. Бірнеше шарттың тізбегі қалай орындалады?
9. Python тілінде сөздіктер не үшін қолданылады?
10. Сөздік құрамында қандай ақпараттар сақталынады?
11. Сөздікке жаңа жұп енгізу үшін қандай амалдар орындалады?
12. get() әдісі не үшін қолданылады?
13. items() әдісі не үшін қолданылады?
14. Қандай жағдайда keys() әдісі қолданылады?
15. Қандай жағдайда values() әдісі қолданылады?
16. Сөздіктер тізімі қалай құрастырылады?
17. Қандай алгоритмдер тармақталған деп аталады?
18. Тармақталған алгоритмдерді ұйымдастыруға арналған командаларды атаңыз.
19. Айнымалы шаманың сан мәнін енгізу үшін қандай функция пайдаланылады?
20. Құрастырылған программаға ат беру үшін қандай амалдар орындалады?
21. Программа сақталынатын файл аты қандай түрде құрастырылады?
22. Теңдікті тексеру қалай орындалады?
23. and кілттік сөзі не үшін қолданылады?
24. or кілттік сөзін қандай жағдайда қолдануға болады?
25. while циклы қандай жағдайларда қолданылады?
26. while циклын ұйымдастыру үшін қолданылатын шарт қандай түрлерде болуы мүмкін?
27 while циклының денесіне қанша жол кіруі мүмкін?
28. Циклдың соңын қалай анықтауға болады?
29. while циклының қайталау санын қалай анықтауға болады?
30. Цикл денесі дегеніміз не, ол қандайжолдардан тұрады?
31. Егер қосынды шексіз элементтерден тұратын болса, онда циклды қалай ұйымдастыруға болады?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет