Алгоритмді басқарушы операторлар. Break, Continue, Goto операторлары
Break операторы
Программа орындалуы кезінде цикл аяқталмай-ақ одан шығу үшін break операторы қолданылады. Егер бұл оператор бірінің ішіне бірі енгізілген қабаттасқан цикл ішінде орналасса, онда ол ішкі циклдан оның сыртқы циклына шығуды ғана жүзеге асырады.
Continue операторы
Программа орындалуы кезінде цикл аяқталмай-ақ одан шығып, қалған операторларды аттап өтіп, осы цикл параметрінің келесі мәніне көшу үшін continue операторы қолданылады, яғни циклдің келесі итерациясына – қадамына басынан бастап ауысу жүзеге асырылады.
Goto операторы
Басқа тілдердегідей Си тілінде goto операторы көп қолданылмайды, бұл оператордың жазылуы:
goto <белгі>;
мұндағы белгі – оператор нөміріне ұқсас ерекше белгі, яғни идентификатор.
Бұл оператор бірінің ішіне бірі енгізілген бірнеше цикл жиынынан (мәліметтер арасында қателер кездессе) бірден сыртқа шығып кету керек болған кезде қолданылады. Мұндайда break операторын пайдалана алмаймыз.
/* Определение четности введенного числа */
#include
main ()
{
int k; /* введенное число */
char symbol;
c1: printf("\n Введите целое число и нажмите Enter : ");
scanf("%i",&k);
printf("Число %i ",k);
if (k % 2 == 0)
printf("четное.");
else
printf("нечетное.");
printf("\nЕще будете вводить? Да - 'Y', Нет - 'N' :");
scanf("%s",&symbol);
if ((symbol=='Y')||(symbol=='y')) goto c1;
}
Назарларыңызға рахмет
Достарыңызбен бөлісу: |