Сабақтың мақсаты: ▪ Бағалаудың негізгі тәсілдерін түсіну. ▪ Оқыту мен сыныпта оқудың ҚБ қалай байланысатынын қарастыру. ▪ Сабақта ҚБ ұйымдастыру формаларын білу. ▪ Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар таңдау. ▪ Тапсырмаға дескриптор құрастыруды үйрену. ▪ Тиімді кері байланыстың не екенін түсіну. ▪ ҚБ тәжірибесін мұғалімдерге қалай таратуға болатынын ойластыру
Қалыптастырушы бағалау
Сабақтың мақсаты:
▪ Бағалаудың негізгі тәсілдерін түсіну.
▪ Оқыту мен сыныпта оқудың ҚБ қалай байланысатынын қарастыру.
▪ Сабақта ҚБ ұйымдастыру формаларын білу.
▪ Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар таңдау.
Бағалау деген не? Критериалды бағалау, қалыптастырушы бағалау не үшін қажет? Бағалаудың мақсаты қандай? Бағалаудың мүдделі тараптары кімдер? Оқу процесінің қандай нәтижелерін қалыптастырушы бағалау арқылы анықтау маңызды?
➢ Қалыптастырушы бағалау– мұғалімдерді, оқушыларды және
педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды
жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың
ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).
➢ Оқу мақсаты - оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша
оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды
жетістіктерінің күтілетін нәтижесі арқылы қалыптасқан тұжырым.
➢ Бағалау критерийі - білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері
өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме.
➢ Дескриптор – оқушының жұмысты қаншалықты жақсы
орындағанын бағалайтын тұжырым.
➢ Тапсырма – оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және
т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.
➢ Кері байланыс – қандай да бір жағдайға немесе әрекетке
арналған жауап, пікір.
Оқу жетістігін бағалау - бұл білім алушының кері байланыс арқылы білім беру үдерісін реттейтін және түзететін оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған нақты қол жеткізген нәтижесінің дәрежесін белгілейтін үдеріс.
➢ оқыту үдерісінің бөлінбейтін бөлігі;
➢ әр түрлі әдістерді пайдалану;
➢ оқытудың сапасы жөнінде ақпараты бар үдеріс;
➢ оқушылардың өзін-өзі дұрыс бағалау қабілеттерін және оқу нәтижелерін үнемі жақсартуды дамытады;
әр оқушының кемшілігін емес, мүмкіндіктерін анықтайды;
➢ оқыту үдерісіне қатысы бар тұлғаларды оқытуды қалай өзгертуге
болатыны туралы ақпараттандырады;
➢ тиімді кері байланыс арқылы мұғалімдер мен оқушылар арасында
ынтымақтастық орнатады;
➢ оқытудың маңыздылығын айқындайды;
➢ оқу үдерісін ықпалдандыру туралы және жетістіктері
туралы мәлімет береді.
Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері
байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде
түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
ҚБ принциптері:
• оқытудың бір бөлігі («оқыту үшін бағалау»);
• барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық
сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып
белгіленген);
• бағалау белгіленбейді;
• оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге
асады;
• әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;
• ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін
қолданылады.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ
Өткізіледі мұғалім тоқсан барысында өткізеді
Ақпараттандырады материалды оқу барысында тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны жөнінде оқушылар ақпарат алады;
оқушының ілгерілеуі жөнінде мұғалім ақпарат алып, оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе алады.
Оқушының рөлі оқытуға белсене қатысады;
күтілетін нәтижені түсінеді;
өзін-өзі бағалайды/бірін-бірі бағалайды.
Мұғалімнің рөлі оқу жоспарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады;
бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады;
тапсырмаға дескриптор құрастырады;
оқушыларға тиімді кері байланыс береді;
оқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді;
Өткізілу формасы
жеке
жұппен
топпен
ауысатын топтар құрамында
Қалыптастырушы бағалау тиімді болу үшін:
Оқу мақсаттары
Оқу бағдарламасы
Бағалау критерийлері
Блум таксономиясы Тапсырма
Дескрипторлар
Кері байланыс