Алматы қаласы Жетісу ауданы «№3 Жалпы білім беретін мектеп»



Дата24.05.2022
өлшемі15,73 Kb.
#35524

Алматы қаласы Жетісу ауданы
«№3 Жалпы білім беретін мектеп»
7 «а» сынып оқушысы Алмас Айымға

Мінездеме

Алмас Айым 2009 жылдың 16 ақпан айында дүниеге келді. Осы мектепте 1 сыныптан бері оқыйды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туындап жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай қоғадық жұмыстарға белсенді қатысады. Айым толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, Айым тәрбиелі, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Айым өз білімін жан – жақты жетілдіреді.


Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Айым мектептегі шараларда өз өнерімен жоғары нәтижелерге жетіп жүр.Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Сонымен қатар, ол өте белсенді. Айым болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.Осы сыныпты алғаннан бері , барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой-пікірін ашық айтады.
Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.


Практикант: Шауенова.А.Ж

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет