Байланысты: Инструкция по использованию TOPIQ KZ (Школьный Админ)
«АЛМАТЫКIТАП» БАСПАСЫНЫҢ TOPIQ.KZ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР ПЛАТФОРМАСЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ (Мектеп әкімшісіне арналған)
Авторизация
TOPIQ.KZ сайтын ашамыз (сайтты кез келген құрылғыдан: дербес компьютерден, ноутбуктан, планшеттен, смартфоннан ашуға болады. Қосымша бағдарламалар жүктеу қажет емес. Тіркеусіз кіруге рұқсат етілмеген).
Пайдалану тілін (қазақша, орысша) таңдаймыз.
Кіру үшін «Алматыкітап Баспасы» баспасының қызметкері ұсынған e-mail және құпиясөзді енгізіңіз.
Кітапхана
Сіздер TOPIQ.kz платформасына орналастырылған, 1˗11˗сыныптарға арналған барлық оқулықтарды көресіз.
Беттің сол жақ бөлігінде сыныбы, тілі, пәні және т.б. бойынша іздеу функциясы орналасқан. Сіз осы функция арқылы қажетті оқулықты таңдайсыз.
Электронды оқулықтар кітапханасында «Қарау» батырмасын басамыз. Сізге оқулықтың параграфтарға бөлінген мазмұны ашылады.
Ыңғайлы болу үшін Сіз кітаптың көлемін сол жақ жоғарғы бұрыштағы «Үлкейткішпен» үлкейтуге немесе кішірейтуге болады:
Параграфты оқу үшін оның үстіне басасыз.
Пайдаланушылар
Мұғалімдер мен әкімшілік.
Мәзірде «Пайдаланушылар» бөлімінде мұғалімдер мен әкімшілікті қосуға болады.
Мұғалімдер мен әкімшілікті мектепке қосу үшін, «Жаңа» батырмасын басамыз;
Журнал қосу үшін, мәзірден «Журнал» бөліміне өтеміз.
«Жаңа» батырмасын басамыз;
Журналдың атын жазыңыз;
Сыныпты белгілейміз;
Оқу жылының басталу және аяқталу күнін таңдаңыз;
Оқушылар және мұғалімдерді таңдаймыз;
«Сақтау» батырмасын басамыз.
Лицензиялар
Лицензияны тағайындау үшін мәзірден «Лицензиялар» бөлімін таңдаңыз.
Лицензиясы белсенді емес пайдаланушыға құсбелгі қойыңыз;
«Статистика» тармағында лицензияны таңдаңыз;
«Белсендіру» түймесін басыңыз:
Белсенді лицензиясы бар пайдаланушының лицензиясын өшіру.
Лицензиясын өшіру керек пайдаланушыға құсбелгі қойыңыз;
«Лицензияны өшіру» түймешесін басамыз.
Жеке кабинет
Профиль:
Фотосуретті профильге жүктеуге болады
Пайдаланушы деректерін өзгерту;
Құпиясөзді өзгерту;
Ашық және қараңғы тақырыпты таңдаңыз;
Барлық өзгерістерден кейін «Сақтау» түймесін басуды ұмытпаңыз:
Әрбір оқулықтың көптеген интерактивті тапсырмалар мен мультимедиялық материалдарды қамтитынына назар аударыңыз. Сондықтан олармен тек онлайн режимде жұмыс жасауға болады.
Электрондық оқулықты көшіріп алу мүмкін емес.
Әрбір сабақта өзін˗өзі тексеруге арналған тапсырмалар қамтылған. Оқушыға жолды қажетті деректермен толтыру ұсынылады, жүйе жауаптың дұрыстығын автоматты түрде тексере алады.