УДК: 8
Нұрақыш Н.А.
Қазақ ұлттық қыздар педагогика университеті
«АЛПАМЫС БАТЫР » ЖЫРЫНДАҒЫ ЖАР ІЗДЕУ МОТИВІ
Батырлар жырларының ішіндегі халыққа кеңінен танымал жəне көп зерттелген
шығармалардың бірі «Алпамыс батыр» жыры болып саналады. Бұл жыр – барлық түрік
халықтарына ортақ мұра болып табылады. Оған дəлел қазақ, өзбек, қарақалпақ, татар,
башқұрт, алтай халықтары жəне оны əр халық Алпамыс, Алпамыш, Алпамша Алпамыша
и Барсын-Хыллу, Алып-Манаш деп те атайды. Бұл жырдың қай тілдегісін алсақ-та,
идеясы жағынан айырмасы жоқ.
Жыр тек қана ру, тайпа мəселесі немесе елін, жерін қорғау ғана емес, адамның жеке
басының мүддесі мен махаббат аясында қарастырылған. Бүгінгі біздің қарастыратынымыз
эпостың қайсысында болсын батырдың өзіне лайық сүйген жары болады. Ал, оның
ертерек кезде туғандығын аңғартатын негізгі мотивтің бірі – қалыңдығын іздеу
жолындағы аттанысы. Бұл əлем халықтарының баршасына ортақ фольклорлық сарын
болса керек. Біздің бұл ойымызға ғалым Т.Сыдықовтың төмендегі пікірі дəлел. «Батыр
жігіттің өзіне тең жар-жолдас іздеуін, бұл ретте жасаған ерлік істерін жырлау қазақ
эпосының ғана тақырыбы емес. Ол бүкіл дүниежізілік эпоста (Одиссей, Манас, Жолбарыс
тонды батыр, Гэсэр жəне т.б.) молынан жырланған тақырып» [1, 99]. «Алпамыс» батыр
жыры ең көне жырлардың бірі болғандықтан, эпостың архаикалық-мифологиялық,
психологиялық сананың қалдықтарын көп кездестіреміз. Басты қаһарманның бейнесіндегі
қиял-ғажайыптық, мифологиялық мотивтері, ал оның реалистік тұрғыда суреттелуі
мүмкін емес екені белгілі жəне көбінде халықтың дəстүрлі жолдың ұстануын, наным-
сенімдік ұғымдары көп əсер ететіні байқалады.
Алпамыс жырының варианттары (Майкөт Сандыбаев, Сұлтанбек Аққожаев,
Əбдірайым Байтұрсынов, Келімбет Серғазиев нұсқалары) Алпамыстың Гүлбаршынға
үйленуі, Алпамыспен қалмақ ханы Тайшықтың соқтығысуы жəне Ұлтан үстемдігі сөз
болады. Ал қалған екі версиясының біреуінде (Жиемұрат нұсқасы) Алпамыстың
Гүлбаршынға үйленуі жөнінде, екіншісінде (1916 ж. Ə.Диваевтың «Туркестанская
ведомость» пен Рахат нұсқасы) Байбөрінің малын жаулаған Тайшықтан кек алу үшін
Алпамыстың жорыққа аттануы айтылады. Жүсіпбек «Алпамыс» жырдағы əңгімеленетіні
Алпамыстың Гүлбаршынға үйлену жайы мұнда азынаулық қана айтылады.
Жар іздеу мотивіне байланысты ортақ үйлесімдерін қарастыратын болсақ, мынадай
тұжырымдарға тоқталуға болады:
- Біріншіден, Алпамыс пен Гүлбаршынның бір-біріне үйленуіне септігін тигізгендер.
Сарыбай (Байсары) мен Байбөрі достықтарының жалғастығы (барлық варианттарында)
деп бір-біріне құдаласады. «Біреуімізден ұл, біреуімізден қыз туса, екеуіміз құда болсақ»,
- деген. Сарыбайдың қызы Гүлбаршын атты қызына бесік құда түседі: Алпамыс 10 жасқа
келгесін-ақ ел басқарып, əкім (бек деп те атаған) болады. Бата сөздерін айтпағанда,
мүмкін мұндай жыр тумас па еді.
Араздықтардың себебі: бір версиада Алпамыстың соңынан ерген інісі жоқ, жетім
Ұлтанға құлға (əмеңгерлікпен) қор болар, қызымды бермей, жер ауып көшейін [2, 99-100
бет] десе, екіншісінде екі байдың көкпарда біреуінің таяқ жеп елге күлкіге қалдырды деп
ренжуінен туады. Менің баласыз екенімді басыма келтірді деп назаланады (Жиемұрат
варианты мен С.Мұқанов құрастырған нұсқасында). Көп жерде қарақалпаққа көшіп
кеткен десе (кейде Қытай деп те атайды).
-
Байсарының ауылдан көшіп бара жатқанда Гүлбаршынның анасы Алтыншаш
көшуге қарсы болып, ренішін білдіреді.
-
Майкөт ақынның «Қисса Алпамыс батыр» вариантының бірінші бөлімі Жиемұрат
вариантының бірінші бөлімімен салыстырғанда ат бəйгесі, күрес, қыздың сөзі, жаушылық
т.б. жоқ. Қалмақтың ханы да, батыры да Қараман болады. Қараман Гүлбаршынды зорлап
алмақшы болып жатқанда Алпамыс келеді. Қалмаққа қарсы күресте Алпамысқа шектілер
де көмектеседі. Қараман мен Алпамыс еш жерде достаспайды, Алпамыс жеңілген қалмақ
еліне Сарыбайды хан сайлап қалдырады, да Гүлбаршынды алып қайтады.
- Жиемұрат вариантында жоғарыда аталғандардың, яғни Тайша хан мен Қараман
Сарыбайдың қызы Гүлбаршынға жаушылық жіберуі. Гүлбаршын елінде қалған
Алпамысты іздеп келер деген үмітпен ханның да, Қараманның да елшілеріне жауап
қайтарады. Алты ай өткесін бəйгі тігемін, қырық күншілік жерден кімнің аты озып келсе,
кім болсын мейлі, соған тиемін дейді. Алпамыс пен Қараман дос болады.Тайша ханды
жеңіуге көмек көрсетеді. Бəйгені жеңіп Гүлбаршынды еліне алып қайтады.
«Алпамыс
батыр»
жырының
қарақалпақ,
өзбек
халықтарының
кейбір
варианттарының сюжеттеріне тоқталып өтейік.
Жиемұрат вариантының бірінші бөлімі мен қарақалпақ тіліндегі ең соңғы басылған
толық вариантының бірінші бөлімінің сюжет желісінде, оқиғалардың байланыс
шиеленістерінде, кісі аттарында ешбір өзгешелік жоқ. Тек қана, Қияс Хайрутдиновтің
вариантында əрбір эпизод көріністер қаһармандардың іс-амалдары кеңірек түрде
суреттеледі.
Өзбек тіліндегі «Алпамыс» (Фазил Юлдашев варианты) қарақалпақ тіліндегі
вариантына жақын. Бірінші бөлімінде: Байбөрі мен Байсары ағайынды адамдар. Екеуі де
əулиелерге түнеп бала іздеп, Байбөріден бір ұл, бір қыз, Байсарыдан бір қыз туып,
туысымен-ақ құда болады. Араздықтарының себебі: қазақ тіліндегідей, Алпамыс өлсе
қызым Ұлтанға қор болады дегендікте емес, Қарақалпақ тіліндегідей көкпары емес, зекет
мəселесі болады. Байбөрі, Байсарыға зекет төлесін дейді, ол осыған қатты өкпелеп,
жіберген адамдарын жазалап, қалмақ еліне көшеді. Екінші, бұл вариантта Қаражан
Сурхайыл деген мыстан кемпірдің 7 батыр балаларының ең кенжесі болады. Өзбек
тіліндегі вариантта Гүлбаршын батыр қыздың бейнесінде суреттеледі. /3, 183 б./.
Гүлбаршын қарақалпақ тілі мен қазақ тіліндегі «Алпамыс» эпосында да адал жар,
ақыл иесі, сөзіне берік əйел образы. Ешбір эпизодта оның ерлік қимылы көрсетілмейді.
Бұл эпостарда сұлулық, нəзіктілік, жарына, баласына деген махаббат, сүйіспеншілдік
жақтары басым болып келеді.
Əрине, батырдың жар іздеу мотиві ата-анасының достық ант сөз бергені мен салт-
дəстүрдің ұстанымы емес, əрине сол заманның ер жігіттік намысы мен махаббаттың,
сезімнің бірінші орында болғаны көрінеді. Гүлбаршын жарын сол қарақалпақ елінде
үмітін үзбей күткенін, Алпамыстың кеш болса да естіп, алдында тосқауылдардың бəрін
жеңіп, шын, таза махаббатына жетіп қосылады. Оған ешкім де тосқауыл қоя алмайтынына
осы жыр дəлел дегіміз келеді.
Осыған орай, ғалым А.С.Орловтың «Казахский геройческий эпос» деп аталатын
кітабындағы «алпамыс» жайында жазылған арнайы тарауды қазақтың батырлық
жырларындағы сондай тақырыптар мен мотивтерінің ұқсастық жайларын Еуропа
халықтарының эпостарынан да кездесетінін айта келіп, «поездка героя за увезенной
невестой; обстоятельства освобождения героя из темницы случайной связью его с
прохожим, привлечение внимания освободительницы – девушкифлейтой; принуждение к
замужеству его жены; переодетый герой на свадебном пиру», - дейді. [1, 95 бет].
Сонымен бірге, бұл жырға үлкен еңбек сіңіргендердің бірі - ғалым
В.Жирмунскийдің, М.Ғабдуллин, С.Сейфуллин, Ə.Марғұлан т.б. зерттеушілер үлкен үлес
қосқандардың бірі болып табылады.
И.Чеканинский 1901 жылы Ə.Диваев бастырған «Алпамыс» жырының қарақалпақша
нұсқасын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының текстімен салыстыра зерттеп, екеуінің
ұқсастықтарын келтіре отырып, екі жырдың шыққан тегі, көзі бір емес пе екен деген
болжам айтады. Жыр кейіпкерлерінің аттары да (Қозы Көрпештің Алпамыс болып, Баян
сұлудың Гүлбаршын болып) басқаша түрде аталған. Жырдың шешімі əртүрлі
аяқталғанынан деп біледі.
Осыған орай, С.Мұқанов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының мазмұн, композиция
сюжет желісін жан-жақты талдап, «Алпамыс» эпосымен (Жиемұрат версиясы) көп
жағдайда бірдей келеді деген тұжырымға тоқталған. С.Мұқанов екі шығарманың екеуінде
де Гүлбаршын мен Баян сұлу алыс елге қоныс аударып, көшіп кетеді. Осы жырлардың
екеуінің де басты кейіпкерлері өздерінің атастырған адамдарын іздеп, солардың артынан
сапар шегеді.
Əрине, бұл жырдың мүмкін көп жағдайда ұқсастықтары бар екеніне ғалымдармен
келісуге болады. Бірақ, екі тарихта қалған үлкен түркі тілдес халықтарына ортақ
жырлардың «шыққан тегі бір емес пе?», - деген болжам мені ойландырды. Мұндағы
жырдың əр заман кезеңінде туғаны, халықтың психологиялық хал-ахуалы, кейіпкерлердің
іс əрекеті, мақсаты бір болғанымен əңгіменің композициялық, сюжеттік желісі,
образдардың өздері əр түрлі орныққаны байқайлады. Атап өтетін болсақ, кейіпкерлердің
аттарының өзгеруі, ежеқабыл дəстүрі, олардың жар іздеу мотивінің бір болғанымен
біреуінде жар іздеу мақсатында ерлік істері басым да, біреуінде ғашықтық сезімі басым
болуы жəне оқиға желісі əр түрлі, талаптары мен мақсаттарына жетуі, армандарының
мүлдем басқа жолдарымен орындалуы белгілі.
Айта келе, Гүлбаршын – Алпамысқа тең қосылған жар. Жыршылар Гүлбаршын
образы арқылы сүйген əйелдің еріне деген адалдығын, шын берілгендігін, нағыз махаббат
жайында екенін көрсетеді. Ол – ержүректілігімен, өжеттілігімен қатар ақылды да. Ол
Алпамыстың жолында қолынан келгенді аяп қалмайды, қайткенде де өзінің сүйген ерімен
қосылуды арман етті. Қалмақтардың қарауында қалып, олардың той жасап, думан
өткізуін, қырық күндік бəйге ұйымдастыруын сұрағаны, кім бəйгені жеңіп алса, соған
күйеуге шығамын деп уəде етеді. Бұл, əрине, өзінің сүйгенін, атастырып қойған күйеуін
күте түсуге жасалған еріксіз амалы еді. Баршын уəдесіне берік болып, өз сөзінде тұрады.
Жүрегі қалаған, сүйген жары Алпамыстың бəйге жарысында қайткен күнде де озып
шығатынына кəміл сенеді. Сондықтан да болар Гүлбаршын Алпамыстай жарын алғаш
көргенде қалмақтарға айтқан сертінен таймайды. Гүлбаршын өз тарапынан Алпамысқа
құр сенім артып қоймайды, батырдың ең сенімді серігінің бірі бола біледі.
Осы уақытқа дейін «Алпамыс батыр» жыры туралы айтылған пікірлер аз емес.
Эпостың жар іздеу мотиві туралы əлі де зерттеу қажет етеді. Қазақ эпосының қазіргі таңда
жаңа жарық көріп жатқан еңбектері аз емес. Сондықтан осы жырларға сүйене отырып
айтылатын да, ашылатын дəлелдер көп жəне де қазіргі заманның өзекті мəселелердің бірі
деп санауға əбден құптарлы.
Əдебиеттер
1.
Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық жыры. -Алматы, 1972 .
2.
Батырлар жыры, ІІ том. -Алматы, 1986 .
3.
Алпамыс (Қарақалпақ тілінде), 1957.
Достарыңызбен бөлісу: |