Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет39/105
Дата12.09.2022
өлшемі2.06 Mb.
#38882
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105
 3.1.8 Арго. Жаргон. Сленг
Арго мен жаргон терминдері француз тілінен алынған, ал сленг 
ағылшын сөзі. Бұл терминдер көбінесе бір бірімен синоним ретін-
де жұмсала береді.
Жаргон – тұрақты жеке әлеуметтік топтың ауызекі қолданыс-
тағы сөйлеу түрі. Бұл топтағы адамдар қызметіне, қоғамдағы ор-
нына, жасына қарай ұйымдасады. Жалпы халық тілінен жаргон 
айрықша лексикасымен, фразеологизмдерімен және сөзжасамдық 
тәсілдерімен ерекшеленеді. Жаргондық лексиканың үлкен бөлігі 
– бұрын өмір сүрген әлеуметтік топтардың «мұрасы». Бір жар-
гоннан басқа жаргонға өту кезінде сөздің мағынасы өзгеріске 
ұшырауы мүмкін. Жаргонның лексикалық қоры басқа тілдерден 
толықтырылып отырады. Мысалы, «чувак» – сыған тілінде – бала, 
жігіт деген мағынаны береді. Кейде сөздердің көпшілігі тұлғалық 
өзгеруден пайда болады. Мысалы, «баскет» – баскетбол, «телик» 
– теледидар. 
Жаргонның әзілді не тұрпайы-вулгарлы болуы әлеуметтік топқа 
байланысты: топ қоғам үшін ашық болса (жастар тобы), жаргон 
«ұжымдық ойын» ретінде сипатталады. Ал жабық топта жаргон 
«бөтен» немесе «өз» адамдарын білу үшін қолданылады. 


68
Кейде жаргон құпиялылық (конспирация) құралы ретін-
де пайдаға асады. Жаргон сөздер өте жылдам өзгеріп отыра-
ды. Айталық, ХХ ғасырдың 50-60 жылдары ақшаны – «тугрик» 
(моңғолша), «рупия» (үндіше) десе, 70-жылдары «монета», 
«мани». 80-жылдары «бабки», 90-жылдары «капуста», «бакси», 
«кэш» деп атады. 
Жаргондарды зерттеу – әлеуметтік лингвистиканың міндеті. 
Кейде жаргон термині қате сөйлеуге қатысты да қолданылады. 
Сондықтан оны кейде «студенттер тілі» сияқты сөз тіркестерімен 
немесе жоғарыда айтқанымыздай, «арго», «сленг» сияқты термин-
дермен де алмастырады.
«Арго» – бір немесе бірнеше табиғи тілдердің өзгерген элемент-
терінен құралған, кейбір шектеулі кәсіби әлеуметтік топтардың 
айрықша тілі, жаргонның бір түрі. «Арго» қоғамнан ерекшелену 
мақсатымен, сөздердің құпиялылығын сақтау үшін қолданылады. 
«Арго» терминдері көбінесе қылмыстық топтар арасында бола-
ды. Мысалы, ұрылардың аргосы сыған, неміс, орыс т.б. тілдердің 
сөздерінен жасалған. Аргоның өзіндік грамматикасы болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет