1 нұсқа
1. Қандай-да бір ақша соммасының 3 % -ы 1800 тг екендігі белгілі. Ақшаның барлық соммасын тап?
2. Сөйлемдерді жалғастырыңыз:
А) Егер шарбақ ұзындығының 15% -ы 60 м-ге тең болса, онда шарбақ ұзындығының 30 %-ы . . . тең ;
Б) Егер шарбақ ұзындығының 15% -ы 60 м-ге тең болса, онда шарбақ ұзындығының 5 %-ы . . . тең;
3. Сатушы сатуға арналған барлық алманың 20% сатып жиберді, бұл 40 кг-ды құрайды. Сатушыда барлығы қанша килограмм алма болды?
4. Сыныпта 30 оқушы бар. Жүгіруден жарысқа сынып оқушыларының 30% қатысты, бұл мектеп оқушыларының 2% құрайды. Мектепте барлығы қанша оқушы бар?
5. 5 пайыздық 100 грамм тұз ерітіндісінде қанша тұз бен су бар? Ал 200 грамм тұз ерітіндісінде қанша тұз бен су бар?
6. Қорапта әртүрлі қарындаштар бар. Олардың ішінде 20% - түрлі түсті және түрлі түсті қарындаштардың 25% - қызыл. Асем қызыл қарындаштарды санады – олар 6 болды. Қорапта барлығы қанша қарындаш болды?
2 нұсқа
1. Қандай-да бір ақша соммасының 2 % -ы 1800 тг екендігі белгілі. Ақшаның барлық соммасын тап?
2. Сөйлемдерді жалғастырыңыз:
А) егер бұйым құнының 30% -ы 900 тг-ге тең болса, онда бұйым құнының 10 %-ы . . . тең;
Б) егер бұйым құнының 15%-ы 600 тг-ге тең болса, онда бұйым құнының 30%-ы . . . тең;
3. Сатушы сатуға арналған барлық алманың 25% сатып жиберді, бұл 50 кг-ды құрайды. Сатушыда барлығы қанша килограмм алма болды?
4. Сыныпта 30 оқушы бар. Жүгіруден жарысқа сынып оқушыларының 40% қатысты, бұл мектеп оқушыларының 2% құрайды. Мектепте барлығы қанша оқушы бар?
5 пайыздық 100 грамм тұз ерітіндісінде қанша тұз бен су бар? Ал 200 грамм тұз ерітіндісінде қанша тұз бен су бар?
6. Қорапта әртүрлі қарындаштар бар. Олардың ішінде 25% - түрлі түсті және түрлі түсті қарындаштардың 20% - көк. Асем көк қарындаштарды санады – олар 7 болды. Қорапта барлығы қанша қарындаш болды?