Ќанипа Бітібаева


I. Бәйге-жарыстар (конкурстар)



Pdf көрінісі
бет145/182
Дата31.12.2021
өлшемі2,68 Mb.
#21363
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   182
I. Бәйге-жарыстар (конкурстар) 
1. М.Әуезов шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу; 
2. М.Әуезовті ең көп оқыған бала; 
3. 
«Жеке меншігінде М.Әуезов шығармалары көп»,«Әуезов мұрагері», т.с.с. 
II. Әдеби викториналар 
Викториналық сұрақтар «Мектеп тынысы» стендісіне ілініп қойылады, балалар жауабы 
арнайы  жәшікке  хат  үлгісінде  жазбаша  салынады.  Қорытындысы  жиналыс,  отырыста 
хабарланады. 
Викторина сұрақтары (жоғары сыныптар үшін); 
Үлгі: 
1. «М.Әуезов - заманымыздың ұлы жазушыларының 
бірі». Кімнің сөзі? 
2. «Сіз «Абайды» оқыдыңыз ба? Оқымасаңыз, сіз еш нәрсе білмейсіз! Бүл - таңғажайып, 
бұл - керемет!» Кімнің сөзі? 
Кімге айтылған? 
3.  «Барары жоқ, байлау жоқ, 
Ерім қайтып күн көрер?! 


 
164 
Бәріңнің де нәрің жоқ, 
Елім қайтіп күн көрер?!» 
Осы кімнің сөзі? Әуезовтің кай шығармасынан алынған? 
4. 
«Алда  -  өмір,  тартыс.  Сол  тартыста  бұл  жалғыз...  Бір  қуаты,  бір  үміті  бар. 
Қуаты - ақындық, үміті - халық». Қай шығармасынан алынған? Кімге арналған сөз? 
5. «Мен  Тобықтының  ұлымын.  Ешкімге  сатылғам  жоқ.  Сондықтан  да  Тобықтының 
терісін  айтам,  тентектігін,  зорлығын,  бұзықтығын  айтам.  Ол  Тобықтының  қалың  елін 
қаралағаным  емес,  қайта  жазығы  жоқ  көпшілігін  ақтайын  деп,  соны  айтам.  Қалың  қолың, 
жазықсыз көпшілігін арамға апарып, итеріп арандатқан аз Тобықтының азғындығын айтам». 
6. «Мен өлемін, бірақ сол сан жылдарда сенің желдерің қуып жеткен «гүлдерім, 
дәндерімнен ұрпақ нәсіл қалар ма?...» Кімнің сезі? Викторинаны М.Әуезовтің (не басқа да 
суреткерлердің) «Абай жолы» эпопеясы айналасында құруға болады. 
III.  Әдеби ойындар 
Әдеби  ойындар,  әсіресе,  5-8-сыныптарда  қызықты  болмақ.  «Жаңылтпаштың 
жаңылмас  шебері»,  «Жұмбақ,  жұмбақ,  жұтылдым», «Алдар қудың  басынан  кешкендері», 
«Қожанасыр  қоржыны»,  «Жиреншенің  тапқырлығы»,  «Тазшаның тапқырлығы», «Төрт 
түлік  малдың  айтысы»,  т.б.  тақырыптарға  қызықты  ойындар  өткізуге  болады.  Бұл 
ойындардың  көпшілігі  сахналык  көрініспен  жүргізіледі,  юмор,  тапқырлық,  әр  түрлі 
күлдіргі жағдайлар оны 
әрлендіре түседі. 
 
 
 
IV.  Оқырмандар конференциясы 
5-8-сыныптарда:  «Мен  сүйетін  ертегі»,  «Мысалдар  әлемінде»,  «Туған  жер  әуені» 
тақырыптарды алуға болады. 
4-6-сыныптарда: «Шыңғыс Айтматов шығармаларындағы азаматтық проблемалар», 
«Екінші дүние жүзілік соғыс Қасым жырларында», «Шәкәрім шығармаларындағы 
Шығыс сазы», «Шәкәрім және Абай», «Қазақ әдебиетіндегі суырыпсалмалык өнер», т. б  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет