Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Абай атындағы №4 мектеп лицейінің



Дата09.03.2023
өлшемі46,5 Kb.
#72692

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі Mаденова Эльмира Кайратовна

Тақырыбы: «Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы»


Мақсаты: Әр адам үшін басты тұлға – Ана туралы түсіндіру.
Балалардың тілдерін, ойлау қабілетін дамыту.
Аналарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер, плакат, техникалық құрал.

Мұғалім:- Қош, келдіңіздер, аяулы аналар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.


І жүргізуші:


Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

ІІ жүргізуші:


Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар.

І жүргізуші: - Қымбатты ақ жаулықты әжелер, асыл аналар! Сіздерді көктем айының ең алғашқы мейрамы 8 – наурыз мерекесімен құттықтаймын!


ІІ жүргізуші: - Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, нұрлы келбетті аналарымызды, сыныптас қыздарды көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын!


Нұрдәулет: Қуанамыз, сыйлаймыз,


Қуаныштың мың гүлін.
Аналарды құттықтап,
Жырдан шашу арнаймыз.

Б. Мадияр: Үн қатасың бал тілмен


Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші наурызыңмен!

Маржан: Баланың да тірегі


Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!

Батырхан: Анамды жақсы көрем, сағынамын


Айтқанынан шықпаймын бағынамын
Ол – көзімнің қарасы болса егер
Мен – оның жанарының ағынанмын

Жалғас: Айналдым «ана» деген асыл аттан


Шуағын бар әлемге шашыратқан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан

Хормен барлығы; Жанымызды жайнатқан


Сіздерсіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
(Балалар орындыққа отырады)

1 - жүргізуші:


Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Ән: Ақ мамам


2 - жүргізуші:


Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
- Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?- деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
- Анаң бар ма? - деп сұрайды.
- Бар,- дейді әлгі адам.
- Онда анаңа қызмет көрсет,- деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

О. Ернұр: Анам менің панам ғой,


Содан қорған табам ғой.
Асықпа анам, ертең ақ
Отын болып жанам ғой.
Анам менің асыл жан,
Құшағы нұр шашылған.
Күн секілді күледі
Сипап ылғи басымнан.

Томирис: Құтты болсын, ардақты анам,


Асыл анам мерекең!
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең!
Мұрат, мүлде, мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн.
Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.

К. Мадияр: Сегізінші наурыз күнін


Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар.

1 - жүргізуші:


Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,- деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті әнге береміз.

Ән: алтын ана


2 - жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.


1 - жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар - әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

Ойын: «Аяқтың ізі»


Шарты: жердегі іздерді аяқпен басу арқылы дорбадағы сыйлыққа ие боласыздар.

1 - жүргізуші:


Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-

2 - жүргізуші:


Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп ортаға мына балаларды шақырамыз

Аяулым:
Құтты болсын, ардақты ана


Асыл анам, мерекең
Құтты болсын кенді алған
Қуанышты берекең

Ернұр:
Өмірдің иесі сен ғазиз ана


Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана

Азамат:
Адамзат қуат алар ақ сүтінен


Мәпелеп әлдилеген пейілін кең
Аналық махаббаттың кәусар бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегін мәңгі шырақ

Сырым:
Алтын анам жасынан аялаған


Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі жаным деген сая маған

Жалғас:
Дүниенің жарық көзі анамыз


Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз

Ойын: «Балаңды таны»


2жүрг: Дүиедегі құдіреттің бәрі, ананың тілегі, ананың жүрегінің мықтылығы арқасында жүзеге аспақ. Ал, ақ самайлы, аяулы да, ардақты әжелеріміз болмаса, аналарымызға да, бұл жарық дүние есігін ашпас еді. Ендеше, әжелерімізді де мерекемен құттықтаймыз. Қазір Рустам, Камила, Дильназ әжелеріне арнаған өлең жолдарын жолдағысы келіп отыр.


Рустам:
Әжемді мейрамымен құттықтаймын,


Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
«Әжетай сені жақсы көремін» деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Камила:
Өзің мені өсірген,


Айналайын, ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем.
Шай қайнатып берейін,
Шекер салып жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем.

Дильназ:
Өскенде мен ал енді,


Аралаймын әлемді.
Сыйлық әкеп әжеме,
Таң қалдырам бар елді.

1жүрг:
Атам мені құлыншағым дейді


Әжем мені боташым дейді
Әкем мені шырағым дейді
Шешем мені қозым дейді
Ал, шынында мен кіммін?
Мен кәдімгі баламын
- Міне, балалар, бізді еркелеткенде ата - әжелеріміз, төрт - түлік малдың сүйкімді төлдерінің атын қолданады екен. Кейбір балалардың аты да, осы төлдерге сәйкес болады. Мысалы: Ботакөз, Бота, Тайлақ, Тана. т. б.

2жүрг: Міне, осы боташым қозым, ботақаным деп жақсы көріп, еркелеткен әжелерімізге арнап «Балдырған» әнін жолдаймыз.


Ойын: әжелердің немерелерін қалай еркелетеді.


2жүрг: Барлық ана баласымен бақытты, барлық бала ата – анасымен бақытты – деп, Жангүл, Аружан, Мирина, Аслан, Бек, Бақтияр, Ұлжанды ортаға шақырайық.


Жангүл: Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,


Анашымды күнге ғана баласам.
Жер бетінде ең жақыным өзіңсің
Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!

Аружан: Айналайын анашым,


Көкте күн боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп
Құшағыңа аласың.
Сыйлаған маған өмірді
Анашым менің аялы.
Жүрегі жұмсақ көңілі
Күн шуақты саялы.

Мирина: Теңдесі жоқ данасың,


Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым!

Аслан: Ерлік еңбек атқарған,


Еңбегімен мақталған,
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын, ақ анам!
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын, ақ анам!

Бақтияр:
Қайырымды, қасиетті.


Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті
Баға жетпес ақ әжем.

Бек:
Жылылықтан жаралған


Құшағы оның таң мекен
Менің айдай анамнан
Асқан сұлу бар мекен.

Бақтияр:
Апатайым, анашым,


Ақылы мол данасың.
Қамқоры сен сәбидің
Гүлі де сен әр үйдің.

Ұлжан:
Бар ана туған жердің гүлі дер ем,


Анажан, қайғың болса күңіренем.
Таусылмас тау туындай ақылың бар.
Сен барда менің әрбір күнім өлең.

2жүрг: Қыз өссе - елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі демекші - 8 наурыз мерекесі, қыздарымыздың да, мерекесі.


Қыз емес қыздың аты қызыл алтын
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес
Халқының сақтай білген, ізгі салтын – демекші, сүйкімді қыздарымызды құттықтап, ұлдар тобының орындауында «16 қыз»
әнін қабыл алыңыздар.

Би: флешмоб


1жүрг: Жаңбырменен жер көгереді


Батаменен ел көгереді – деп барлық аналарға, әжелерге Мади бата
беремін деп отыр.

Асқар: Уа, құдайым оңдасын


Жаманшылық болмасын
Ардақ біткен жар болып
Ару ана қолдасын
Отбасының ордасын
Періштелер қорғасын
Тіккен әрбір отауға
Тәңірім, жақсылық жолдасын!
Бақыт – ашып қақпасын
Мәңгі – бақи жаппасын
Бәле – жала отбасын
Іздесе де таппасын
Әумин!

1 жүрг: Ана мен баланың айырмасы


Бірі әнде, бірі оның қайырмасы

2 жүрг: Болғанда әке – дәулет, ана – бақыт


Тағдыр оларды бір – бірінен ешқашан айырмасын

1 жүрг: Құтты болсын осы шаттық күніңіз


Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

2 жүрг: Жарқыраған қызыл гүлдей


Болсын әсем өміріңіз
Сәуле шашқан әсем күндей
Көтерілсін көңілдеріңіз –
- деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Бүгінгі «Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты кешімізді аяқтаймыз. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет