Археология ғылымы және оның қалыптасуы Археология ғылымының ерекшеліктері



Дата18.06.2022
өлшемі22,21 Kb.
#37010
Байланысты:
Археология ылымы ж не оны алыптасуы Археология ылымыны ерек


Дәріс 1.



  1. Археология ғылымы және оның қалыптасуы

  2. Археология ғылымының ерекшеліктері

  3. Археология ғылымының салалары мен бөлімдері

Археология ғылымы және оның қалыптасуы. Археология – тарих ғылымдарының бірі. Ғылым аты гректің archaios- көне және logos- сөз (ғылым) сөздерінен шыққан. Негізінен алғанда заттық деректемелер арқылы адамзаттың арғы дәуірлерін таниды.
Бастапқыда «археолог» деп көне дәуірлермен шұғылданған зерттеушіні атаған. Алғашқы қазба жұмыстары (көне замандардағы және орта ғасырлардағы көнеліктерді жерден қазып алуды көздеген патша және билеушілер әрекеттерін есептемегенде) ХVІІІ ғасырдың басында жүргізілді /1711 ж./. Ол кезде Италиядағы антик заманның Помпей қаласын аршып алу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар бастапқыда шұңқырлап қазу сияқты ғылыми әдістер әлі қалыптаспаған заманда басталса да, заман өте зерттеудің жетілген үлгілері қолданысқа енеді. Бұл орайда XIX ғасырдағы итальян археологы Фиорелли үлкен еңбек атұарды. Жерорта теңізінің жағалаулары мен аралдарында, континентті Европада және Азияның, Африканың жекелеген аймақтарында жүргізілген қазба жұмыстары археологияны ғылым ретінде қалыптастырды. Жазу мәдениеті шыққанға дейінгі алыс замандар осы жолмен зерттеле бастады, археологияның зерттеу әдістері молығып, ұғымдары анықталды.
Теориялық археологияны дамытуда, қола ғасырын тануда скандинавиялық зерттеушілер Томсен, Ворсо, Монтелиус, ал ертетасты зерттеуге француз Мортилье ерекше үлес қосты. Өзге бір археологтар сенсациялық жаңалықтар ашты. Мәселен, ағылшын Эванс Жерорта теңізіндегі қола ғасырының Крит мәдениетін ашты. Неміс Шлиман аңызды Троя қаласының орнын Түркия жеріндегі Ғиссарлық төбесінен тапты. Қазу жұмыстарының ғылым қалыптастырып келе жатқан әдістерін қаражат иесі Шлиман ескермей, ескерткішке көп нұқсан келтірсе де, ол археологияға деген өз қызығушылығын өзгелерге де, әлем жұртшылығына да дарыта білді. ХIХ ғасыр соңында көне Троя қаласын археолог Дерпфельд дұрыс зерттеп, Шлиманның қателерін түзеді. Сөйтіп, жер бетіндегі өткен замандардың таңғажайып өркениеттері көпшілікке әйгілі болды, тас ғасыры, оның кезеңдері, қола дәуірі, ертетемір туралы түсініктер әдебиетке енді.
Ресейдегі алғашқы археологиялық зерттеулер барлау сипатында 18 ғасырдың бірінші ширегінде жүргізіле бастады. Бірінші Петр заманында және одан кейін көнеліктер іздестірілді және соған байланысты көптеген ескерткіштерге нұқсан келтірілді. Көнеліктерді төбешілер (бугровшиктер) тонады. Жағдай ІІ Екатерина заманында ғана оңала бастады. Орыс жеріндегі қорғандар да әуелі дұрыс зерттелмей, шұңқырлап қазып, заттар ғана іздестірілді. Патшалық Ресейде ғылыми әдістерді археологтар Городцов, Фармаковский, Спицын сияқты зерттеушілер орнықтырды.
Қазақстан жерінде алғашқы қазба жұмыстарын әйгілі ғалым В.Радлов жүргізді. 1865 жылы ол Шығыс Қазақстанда, Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысындағы Үлкен Берел қорғанын қазды.
Кеңестік замандағы Қазақстан археологиясының негізін салушы зерттеушілер қатарында Әлікей Марғұлан, Сергей Черников, Кемал Ақышев, Әбдіманап Оразбаев, Мир Қадырбаев бар.
Археология ғылымының ерекшеліктері.

  1. Өткенді заттық деректемелер негізінде зерттеу.

  2. Арғы, негізінен алғанда, жазу шыққанға дейінгі замандарды тану.

  3. Археологиялық барлау және қазба жұмыстарын жүргізу, сол арқылы өз мәліметтерін толықтыру.

  4. Өзіндік зерттеу әдістері бар.

Археология, сонымен, арғы дәуірлерді зерттеуді қолға алды және ол дәуірлерді танудың өзіндік әдістерін қалыптастырды. Бүкіл тас ғасыры, көптеген аймақтардағы мыстытас, қола ғасыры, ертетемір заманы, ерте орта ғасырлар тек қана археологиялық мәліметтер арқылы, археологиялық зерттеу әдістерінің күшімен зерттеледі. Сонымен бірге, жазу мәдениеті дамыған аймақтар мен замандар үшін де археология тарихты тануға өзінің зор үлесін қоса алады. Бұл жағдайды есепке алғанда, археология тарихты тарих ғылымы дамыған орталықтарда жасалған жазба деректемелер арқылы жазудың олқылығын толықтырады, тарихи даму туралы мейлінше әділ қорытындылар жасайды. Ежелгі және орта ғасырларды сипаттаумен қатар, кейінгі замандардағы құбылыстар мен материалдық мәдениет белгілерін ашуға да жәрдемдеседі.
3. Археология ғылымының салалары мен бөлімдері. Зерттелетін дәуірлерге байланысты, археология ғылымының салалары қалыптасқан.

  1. Әуелгі немесе ең көне заман археологиясы. Негізінен, тас ғасырымен шұғылданады. Тас ғасырының кезеңдерімен шұғылданатын салалары: ертетас, ортатас пен жаңатас археологиясы. Сонымен бірге, мыстытас, қола ғасыры археологиясы да осы салаға жатқызылады.

  2. Ертетемір, антик заманының археологиясы. Біздің жағдайда – ежелгі көшпелілер археологиясы.

  3. Ортағасырлық археология. Қазақстан жағдайында ортағасырлық қалалар мен көшпелілер мәдениеттері археологиясы.

Зерттеу кезеңдері бойынша белгіленетін салалар:

  1. Далалық археология. Ол ескерткішті орналасқан жерінде (жер бетінде, топырақ қабатында, су астында) барлап және қазып зерттейді.

  2. Лабораториялық (зертханалық) археология. Зертханаларда, ғылыми- зерттеу мекемелерінде әр сала мамандарының қатысуымен жүргізіледі. Заттардың, деректемелердің физикалық, химиялық құрамы, ерекшелік қасиеттері танылады.

  3. Теориялық археология. Зерттеулер қорытындыланады, тарих ғылымына қатысты жаңалықтар айтылады. Мұны кейде кабинеттік археология деп те атайды, өйткені бұл зерттеу кезеңінде археолог кәдімгі тарихъшы сияқты жұмыс істейді.

Зерттеу әдістеріне байланысты да археологияның жеке салаларын белгілеуге болады:

  1. Дәстүрлі археология. Бұл 18-20 ғғ. басындағы зерттеу әдістерінің және оны дамыту негізінде жүргізілетін зерттеулер.

  2. Әуе археологиясы. Ескерткіштерді ұшақ, тік ұшақ арқылы зерттеу. 20 ғ. 20 жылдарынан басталады ( ағылшын Кроуфорд), ал ғарыш аппараттары арқылы зерттеу осы күндері басталған.

  3. Су асты археологиясы. Теңіз жиектерінде (шельфтік аймақтар), көл, өзен астында қалған құрылыстар мен заттарды, суға батып кеткен кемелерді зерттеу. 20 ғ. 20 жылдарынан басталған (француз Пуадебар).

Ғылым саласы, оқу пәні ретінде археологияның бөлімдері:
Археологияға кіріспе. Негізгі деректемелері, ескерткіш түрлері, зерттеу әдістері қарастырылады және үйретіледі.

  1. Археология тарихы.

  2. Археологиялық мәдениеттер (әлем, құрлық, аймақтар шеңберінде оқытылуы). Қазба адамдар, ең байырғы археологиялық мәдениеттерден бастап уақытнамалық ретпен мәдениеттердің алмасуын, олардың өзіндік түрлі белгілерін қарастырады.

  3. Жеке бір мемлекет археологиясы. Археологиялық мәдениеттердің уақытнамалық ретпен белгілі бір мемлекет шеңберінде қарастырылуы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет