Арнаулы киім тұрмыстық және өндірістік киім болып екіге бөлінеді



Дата10.12.2022
өлшемі13,41 Kb.
#56367
Байланысты:
бөж


Бөж 6
Арнаулы киім – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім,аяқ киім,бас киім қолғап,өзге де нәрселер.
Жеке қорғану заттары – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар,соның ішінде арнайы киім.
Ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.
Арнаулы киім әртүрлі өндірістік жағдайларда адам организімінің қалыпты температурасын сақтап,оны ыстық суықтан,механикалық,химиялық әртүрлі әсерден қорғауға арналған.Сондықтан арнаулы киімнің жарамдылығы санитарлық,гигиеналық,қолайлылық,әсемдік және экономикалық шарттарға сәйкес болу қажет.
Гигиеналық қасиеттеріне киімнің жылу сақтағыштық,ауа өткізгіштік,су сіңірмейтін қасиеттер жатса,қолайлылығына-киген киімнің қимылға кедергі жасамай адамның кейбір мүшелеріне,дем алуына қолайлы болып,көп уақыт киіс беруі жатады.
Әдетте арнаулы киімдерді тігуге зығыр,мақта, жүн талшығынан істелген маталар пайдаланылып,оларға су, шаң өткізбейтін ,қышқылға, майға төзімділік қасиеттер беру үшін түрлі ерітінділермен өңделеді.
Арнаулы киім тұрмыстық және өндірістік киім болып екіге бөлінеді.
Өндірістік арнаулы киімдер 4-ке бөлінеді:1)Жұмысшы киім 2)Арнаулы киім 3)Ведомствалық киім 4)Технологиялық киім
Жұмысшы киім – денені былғаудан және жарақаттан сақтауға арналған халықшаруашылығының барлық салаларында қолданылатын киімдер
Арнаулы киімдер – сыртқы ортаның адамға қауіпті, зиянды әсерлерінен қорғайтын,былайша айтқанда арнайы материалдардан тігілген немесе арнайы ерітіндіге суарылып , белгілі бір қасиет алған киімдер жатады.
Ведомствалық(салалық) киімдер – белгілі бір министрліктерде өз еңбеккерлеріне арнап,бір үлгімен тіктірген киім жатады.Мысалы: теміржолшылар формасы,орман шарушылығы қызметкерлері формасы,әскери форма,т.с.с.
Технологиялық киімдерге – өте жоғары дәлдікпен істеліп өнеркәсіптік орындардағы мамандыққа тән ерекшеліктері бар киімдер жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет