|
Артикуляциялық жаттығулар жинағы Орындаған: Райымбаева Гүлжанат Топ: мдот-302 Тексерген: Балтымова Майра
|
Дата | 10.03.2022 | өлшемі | 379,44 Kb. | | #27422 |
| Байланысты: артикуляция
Артикуляциялық жаттығулар жинағы
Орындаған: Райымбаева Гүлжанат
Топ:МДОТ-302
Тексерген: Балтымова Майра
«Құймақ»
Күлімсіреп аузымызды ашамыз. Жалпақ тілді астыңғы еріндерімізге қоямыз.
«Тоқылдақ»
Ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарғы альвеолаға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек. Бала Д-Д-Д немесе Т-Т-Т деп айтуы керек.
«Алтыбақан»
Жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға қарай созу, біресе иекке созу, жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.
«Сағат»
Тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап козғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
«Футбол»
Ауызымызды жауып тіліміздің ұшын ұртымызға кезектестіріп тигіземіз.
«Тісімізді тазалаймыз»
Күлімсіреп аузымызды ашамыз.Тіліміздің ұшымен үстіңгі және астыңғы тізімізді тазалаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|