К Ө К Д А У Ы Л Д А Й К Е У Д Е Л І
Қ
асым Аманжоловтың ақындық, адамдық қалып-тұл-
ғасы алабөтен өзгеше еді. Нағыз тынымсыз поэзияға
лайық өз бітімі де елгезек, сергек, ылғи ояу жан бола-
тын. Осыған сай тілі де өткір, ащы келетін. Мұнысы
шыншыл өлең өнерінің тұздығындай Қасым поэзиясың
әрлі, әрі нәрлі ететін. «Дауыл ғой дауылдан бар тұрған
бойым, мен қайтіп іштегі өртті жасыра алам» деп өзі
мойындағандай өлеңі де өртеніп, жалындап тұрды.
Құ
я алман үгітілген балшық өлең
Көңілімде көл жасаман тамшыменен,
Серінің семсеріндей сертке таққан
Өлеңнің өткірін бір алшы менен,—
деген жолдардан да ақынның өлең жөнін өзінше түсі-
нумен қатар, өз басының мінезін, қайтпайтын қайсарлы-
ғын, ащы да болса, шындық досы екенін байқаймыз.
Ақынның 1948 жылы шыққан «Дауыл» жинағы оның
шығармашылық бетін анықтаған кітап болды. Кезінде
бұл жинақ жөнінде әр қилы пікір айтылған. Әсіресе,
оған енген «Сары арқа», «Ертіс» өлеңдеріне космополит-
тық өлеңдер деген кінә тағылғаны есімізде. Нағыз пат-
риоттық рухта жазылған осындай және басқа бірсыпы-
ра ақындардың өлеңдеріне қойылған кінә қисынсыз-ақ
еді, сондықтан да Қасым сыяқты лаулап тұрған талант
иелері біраз тоқырауға ұшырап қалды. Бұл ұрда-жық
сын кәдімгі 1950-51 жылдардағы космополит науқаны-
ның салдары еді. Оның басы украин ақыны В. Сосюра-
ның «Украинаны сүй» деген өлеңінен басталғаны мәлім.
Шындығында, Қасымның бұл өлеңдері туған жерді ба-
сып, батысқа, майданға бара жатқан азаматтың елі, же-
рі туралы ойы, толғауы еді. Амал қанша, ойдан шыға-
рылған науқан кезінде әр әдебиет өз ішінен космополит
табуы керек болды да, Қасым ақын соның құрбаны етіл-
ді. Кейін, есімізде, Қасым көбіне аударма ісіне ауысты,
М. Лермонтовтан, А. Пушкиннен аударды. Қайтыс болар
алдында шыққан таңдамалы жинағына көбіне-көп осын-
дай аудармалар енді де, төл шығармалары өте аз кір-
ген еді.
1953 жылдың декабрь айында Қасым Аманжоловпен
соңғы рет кездестік. ҚКП Орталық Комитетінің әдебиет
және өнер бөлімінің қызметкерлері Андрей Трофимович
Изотов пен осы әңгіме авторы екеуміз ақынның көңлін
сұрауға бардық. Бұл жөнінде бірінші хатшы Ж. Шаях-
метовтың тапсырмасы болғанын бөлімде айтқан. Ақын-
ның науқасы дендеп, біраз ауырпаған кезі еді. Әйгілі
пәтер жайындағы эпопея аяқталып, ақынның екі бөлме-
лі үйге қолы енді жетіп, қыстың көзі қырауда пәтерге
жаңа ғана кірген кезі. Ленин даңғылы мен Виноградов
көшелерінің маңайынан тұрғызылған екі қабат жұпыны
жатаған үй. Соның бірінші қабатынан пәтер тиген екен.
Біз барсақ үйдің іші бу, ылғал екен, жанған от, плита,
қ
айнаған самаурыннан қабырғалар суланып кеткен. Қа-
сым өзі керуетте қабат-қабат жастық үстінде жантайып
жатыр. Есіктен қарсы алған жұбайы Сәпен бізді жоға-
ры қарай жетелейді. Біз орындық алып, ақынның жаны-
на кеп отырдық. Жөтел қысып, ентіге дем алып отырған
Қ
асекең бізге өте жылы шыраймен қарап, ықыласпен
сөзге араласты, есен-саулық сұрасты. Соңғы жинағының
бір данасын ала келгенбіз, оның үстіне Жұмекең сәлем
айтып жатыр деген соң, көңілі мүлде көтеріліп, басын
жастықпен демей, әңгімеге кірісіп кетті. Көптен таңда-
малы кітабы шықпаған ақын соңғы жинағына балаша
қ
уанып жатыр, көлемі де біраз бар екен деп қояды. Нау-
қ
асының мән-жайын сұрастырғаннан кейін, ол да, біз де
тезірек айығу тілегін айтысып, қоштастық. Ғазиз жан
кейін бір ж ы л ғ а толар-толмаста дүние салды. Қайтыс
болғанына жыл толғанда ақын Әбділда Тәжібаев « Қ а -
зақ әдебиетінде» « Ж ы л толды үлкен жүрек тоқтағалы»
деген көлемді еске алу мақаласын жазды. 1955—1956
жылдары ақынның үш томдық толық жинағы жарық
көрді. 1965 жылы бір томдық таңдамалары басылып
шықты. Мұның бәрін ұйымдастырып, жүзеге асырғандар
Е. Ысмайылов, Ә. Тәжібаев, С. Мәуленов, Т. Әлімқұлов
еді. Бұл басылымдар ақын атына деген үлкен ізгі белгі-
- лер болып қалды.
Қ
а з а қ поззиясында өзіндік айбарлы үн қалдырған
талант иесі Қасым Аманжолов өткен жол 30-жылдар
мен Ұлы Отан соғысы, сонан кейінгі жеті-сегіз жыл ша-
масы. Өмірінің соңғы кездері ауыр науқаста өтті.
Ақын айрықша талант, дарынымен ерте көрінді, бү-
кіл саналы өмірін қалам өнеріне жұмсады. Қ а з а қ поэ-
зиясын көркемдік, өткірлік, тапқырлық, идеялық терең-
дік, мазмұндылық жағынан ілгері бастырған ақын еді.
Мәдениетіміздің белесті асуындай өз алдына бір төбе,
мол мұрасы соңғы қаламдастары мен оқушыларына ми-
рас боп қалды.
Ата-анадан жетім қалған Қасым Семейдегі балалар
үйінде тәрбиеленіп, сондағы бастауыш мектепте, кейін
мал дәрігерлік техникумда оқиды. 1930 жылдар шама-
сында орта білім алып, орысша оқып үйренген ол әде-
биеттік іске, яғни жазушылық қызметке, алаңсыз кө-
шеді.
Алғаш мектептегі кездерінде жазса да, Қ. Аманжо-
ловтың поэзия майданында жемісті еңбек етуі 30-жыл-
дардың орта шенінен басталады. Бұл тұста ақын қ а з а қ
әдебиетінің классиктерін, орыс әдебиетінің алыптары
А. Пушкинді, М. Лермонтовты, украин ақыны Т. Шев-
ченконы, әсіресе кеңес поэзиясының маршалы В. Мая-
ковскийді, шетел әдебиетінен Д. Байронды сүйіп
оқыған. Орал қ а л а с ы н д а ғ ы педагогикалық институтта,
Ленинградта орман шаруашылығы институтында оқыға-
нымен, негізгі көңілі әдебиетте, поэзияда болған ақын
1932 жылы Алматыға қайтып оралады да, «Лениншіл
жас» газетінде қызмет істейді. Алғашқы жинағы 1938
жылы «Өмір сыры» деген атпен жарық көреді. Ұлы Отан
соғысына қатысады. Қ. Аманжоловтың соғыстан кейінгі
өмірі түгелдей поэзия жолында өтеді, 50-жылдардың бас
кезінде аса дендей бастаған науқасы жанын қинайды.
Соның өзінде ақын өлеңдері оптимизмге толы. Еңбек
адамы, бейбітшілік туралы, майдан өмірі жайынан қыз-
ғылықты өлеңдер жазады. Ақынның поэмалары, әсіресе
«Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы, аса жоғары баға
алды.
Өзі оқыған ақындық мектебін аңғартқандай Қ. Аман-
жоловтың алғашкы өлеңдері М. Горькийге («Сұңқар
жыры»), В. Маяковскийге («Ақын»), А. Пушкинге
(«Ақынның ескерткіші») арналады. 1940 жылы жазған
« Ж а л ғ ы з жалау» деген өлеңі де М. Лермонтов әсерімен
жазылғаны сезіледі. Осыған орай «Ақын соты», «Ақын-
ның мінезі» деген көзқарасын аңғартады. Ақын — күрес-
кер, өз Отанының патриоты, ол қас пен досқа немқұрай-
ды қарай алмайды. Ж а у ы н а бүркіттей шүйілсе, досына
қ
анатымен су тасиды. Ақын — от жүректі, ыстық қанды
жан. Самарқау, салқындық оған жат, ерлікті сүйеді.
« Ж о л д а с маршал» (1940) өлеңінде ақын өзінің патриот-
тық сезімін былай көрсетеді:
Өлім деген
басынар қорқақ жанды,
Қ
орқақ болсын
деп туған жоқ адамды;
Жігіттігің не керек,
жүрсең бұғып,
Толқын қуған қайықтай шетке ығып;
Сертім осы,
қ
абыл ал,
жолдас маршал!
Ж а л ы н жүзді жауынгер келдім,
қ
арсы ал.
Тыныштықта
маманмын
жыр тоқуға,
Майдан болса,
даярмын оқ атуға.
Ұ
лы Отан соғысы жылдарында Қ. Аманжолов май-
данның нағыз қызу ортасында болды. Елін, халқын, жа-
рын сүйген ыстық махаббатты, жалынды лирикалы
өлеңдері осы тұста туады. «Ұлы Отан соғысы туралы
жыр» (1943 ж.), «Елге хат» (1944 ж.), «Үстімде сұр ши-
нелім» (1944 ж.) деген және басқа да көптеген өлең-
жырларында ақын елге төнген қауіпті, неміс басқыншы-
ларының айуандық әрекеттерін, бұл т а ж а л ғ а бүкіл
х а л ы қ болып қаһар төккенде ғана жеңіске жетуге бола-
тынын, жеті басты жалмауыздай пәленің түбіне өз же-
рінде жетіп, қан қақсату керектігін жігерлі, уытты өлең
жолдарымен, елін, жерін сағынып, көкірегі қарс айрыл-
ған адал ұлы жүрегімен жырлайды. Қ. Аманжолов бү-
кіл соғыс жылдарын қолына қару алып, қ а т а р д а ғ ы сол-
дат болып өткізген. Қиыр Шығыстан сонау батысқа
дейінгі жолды шарлайды. Қайда жүрсе де, адалдықты,
адамдықты, батырлықты паш етеді:
«Өлім» деген арсыз сөз,
Қ
айдан маған болдың кез,
Өлім — жауым, өмір — дос,
Неге өлейін бостан-бос,—
деп жазады ақын, көңілінің толқыған бір кездерінде.
Туған жерді, асыр салып жас шағында ойнаған, есей-
генде бойда жігер қайнатып, ақындық, поэзиялық өнер-
ге үйреткен қ а з а қ т ы ң ен даласын талай еске алып,
Қ
. Аманжолов терең сезімге құрылған лирикалық өлең-
дер жазған. «Өтіп бара жатырмын» (1943 ж.), «Ертіс»
(1943 ж.), «Қанқұйлы жау» (1943 ж.) сияқты өлеңдері
патриотизмді мадақтайтын — жоғары идеялы шығарма-
лар. «Ертіс» деген өлеңінде ақын былай дейді:
Күй төгіп кернейлетіп ағады Ертіс,
Лебімен балқытады даланы Ертіс,
Ертісім, еркіндіктің бесігі — бұл,
Ер жігіт, ерте тұр да Ертіске түс.
Жерімнің жатқан бұл бір көк жойқыны,
Үстінде ойнақтаған өр толқыны,
Болаттай суарылған осы Ертісте
Қ
айтып та ер болмасын қ а з а қ ұ л ы .
1945 жылы жазылған « Ж е ң і с даусы», «Алматы», «Өз
биігім — өз советім» атты өлеңдерінде ақын ұлы жеңіс-
ті жырлайды. Ж е ң і с даусы саңқылдайды, тебірентеді;
махаббатты аңсаған, тыныштықты көксеген жандар
ұ
шарға қанатсыз, бойды қуаныш кернеп Мәскеуге, елге
сәлем жолдайды.
Қ
. Аманжоловтың соғыстан кейінгі өлең-жырларын-
да Отан келбеті, бейбіт өмірдің тыныштығы, еңбекші
халықтың тіршілік, тұрмыс сипаты, жарқын болашақ
үшін күрес, ұлы бесжылдықтар табысы негізгі тақырып
болады.
Қ
уатты, дәрменді поззиясында ақын өмірдің әр алу-
ан жайттарын, адам көңіл-күйінің әр қилы мезеттерін
алып жырлайды. Ең алдымен кеңес адамы — ақынның
өзі де, ал ақын — бүкіл халық, кеңес халқы. Мәселен,
фашистке қарсы соғысқан жалғыз ақын ғана емес, бү-
кіл кеңес халқы, соның ішінде мыңдаған қ а з а қ өкілдері
қ
арумен қарсы шыққаны белгілі. Ақын осының бәрін
поэзия дәстүріне лайық өз атынан, лирикалық қаһар-
ман атынан айтады. Фашистерді жерлеп, табалайтын
өлеңінде «сен аспанда жұлдыз қақтың, мен д а л а д а түйе
бақтым» деген жолдар бар. Ақын «түйе бақтым» деп
жалпы қ а з а қ тұрмысына тән мал бағу тіршілігін айтып
отырғаны белгілі. Ата-бабадан келе жатқан кәсіп. Ал
жаңа заман тұсында ғылым, білім алып, мәдениетке
жеткен халқы инженер де, шахтер де, ғалым да болды.
Бірақ фашистер оларды баяғыша «тағы» халық, сауат-
сыз халық деп басынды. Ақын осы психологияны ұғады
да, жауға мынадай кекесінді, иронияны айтады:
Егерде мен түссем қолға,
Қ
амар ең-ау темір торға.
Олай болмай, бұлай болды,
Біздің бақыт, сіздің сорға.
Сен фашиссің, мен қазақпын,
Өзің айтқан «азиатпын».
Таң қаларсың «философым»
Ғ а ж а б ы н а табиғаттың.
Көкірегін ұрып, кекіреңдеген, бүкіл Ресейді «тағы»,
«бұратаны» халықтарымен қосып үш айда алып бітем
деген гитлершілдер 1945 жылы жер құшты, өз жерінде
күл-талқан етілді. Лирикалық қаһарман осыған қуана-
ды, масаттанады, бүкіл халық, ел атынан айға ұмты-
лам деп мертіккен жауды сықақ, мазақ етеді.
Поэзияда қай ақын, қай өлеңінде болса да, өз аты-
нан сөйлегенде, ортақ ойды айтып отырғаны, лирика-
лық қаһарман атынан айтып тұрғаны түсінікті.
Қ
. Аманжоловтың азаматтық сарыны күшті, адамды
сүю, оның ісіне қуану, қоғамға, қауымға пайда келтіру
парыз деген рухта жазылған лирикалық өлеңдері аса
көркем, тартымды, сұлу. Осы ретте махаббат туралы,
адамның көңіл күйі туралы, табиғат жөніндегі өлеңде-
рін де атауға болады. Кейіннен ыстық-сезім, жалын, от
ессе, кейіннен тамылжыған тәтті үн, гүл мен күннің сы-
быры естіледі. Сұлулық пен жарастық суреттеледі:
Алыста асау өзен күркіреген,
Ж е р жатыр жалт-жұлт етіп бір түлеген.
Аспанның өрмегіндей жерге төккен
Бір нәзік жұпар жаңбыр сіркіреген.
Табиғат суретін ақын осы арада өзінше, басқаларда
кездесе қоймайтын бояумен бергені көрінеді.
1950 жылы жазған «Сыйса егер өмір сыры бар жа-
ныңа» деген өлеңінде адамгершілікті, кішіпейілдікті ай-
тады:
Жерде тудың, қадірін сен біле біл
Аспанға ұшсақ, сонда да жерге үңіл;
Туған жерде тік бассаң аяғыңды,
Сен мықтысың еркіндеп ойна да күл.
Өмірінің соңғы кездерінде Қ. Аманжолов Отан ал-
дындағы, халқы, ағайын досы, отбасы алдындағы ақын-
дық борышы туралы көп жазды. Бұл сәттегі өлеңдері —
елін сүйген, жұртын сүйген, туған Отанын ілгері, алға
бастап бара жатқан қаһарман азаматтың нағыз патри-
оттық жырлары. Әсіресе, ауру дендеп, мазасын алған
шақтарда да Қ. Аманжолов сары уайыммен сарнамай-
ды. Айнала жарқын жазға, өмірге, жарқын дос көңіліне
қ
арап жадырайды.
Көптеген лирикалық өлеңдерінде Қ. Аманжолов қа-
рызды өтеу, борыштан құтылу деген мотивті көп айта-
ды. Ондағысы Отан, халық алдында босқа өмір сүрме-
ген болайын деген тілек. «Поэзия асыл жар, тек өзіңе
тең болсам», «Көкіректегі күйіңдей, жырыңды жаз ерін-
бей», «Бәрін де беріп ел-жұртқа, қарыздар болмай
өлейік», «Көп борыш мойнымызда өтелмеген, ойым жоқ
қ
арыздар боп кетем деген» сияқты өлең жолдары
Қ
. Аманжоловтың аурудан қауіптеніп, бар ақындық та-
лантын көрсете алмай кетем бе деген ойын аңғартады.
Расында да, соңғы 2 — 3 жыл ішінде ақын көп өлең жаза
алмады. Тек тиіп-қашты болмаса, ылғи емделу, ауру-
хана, не үйде төсек тартып жатып қалатын болды.
Қ
. Аманжолов өмірінің үзілуі қ а з а қ көркем әдебиеті
үшін өте ауыр қаза еді. Өйткені бергенінен әлі берері
көп ақынның нағыз таланты қаулап өсер шақ енді кел-
ген-ді. Соңғы жылдары үстемелеп жазып, ақыры 1954
жылы бітірген «Өзім туралы» деген өлеңі ақынның іш-
тей ойлану, толғану сыры сияқты, әрі кейінге қалдырған
аманат сөзіне ұқсайды. Қазір көпшілік жұрт жаттап
алған осы өлеңде мынадай жан тебірентер шумақтар
бар:
Ризамын туғаныма адам болып,
Өкінбен қаламын деп бір күн солып.
Адамзат сапарының мейманымыз
Бір мезет жер бетіне кетер соғып.
Бір күні от өмірім қалса өшіп,
Қ
айран ел туған жерден кетпес көшіп.
Торқадай жамылып ап топырағын
Жатармын өз жерімде бір төмпешік.
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Күніне жүз ойланып, мың толғанам
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
Соңғы төрт жолды шумақ үкімет қаулысы бойынша
ақынның басына орнатылған ескерткіш тасқа ойдырып
жазылды.
Қ
. Аманжолов поэзиясына дауылды, екпінді, серпін-
ді күш тән. Екпінді болғанда көбіне құр айқай, даңға-
залық үлгімен жазылған ұран өлеңдер іспетті емес, те-
рең сезім мен мазмұнның, отты, уытты сөздердің екпіні,
оқушысын баурап әкететін әсерлі, құнарлы шумақтар
екпіні.
Ақынның Отанға, елге арнаған өлеңдерінен В. Мая-
ковский поэзиясының сарыны естіледі. Бұл тек жай елік-
теуден емес, үлкен тақырыпты үлкен пафоспен жырлау
керектігінен шыққан үндестік. «Дүние дұшпандарына»
(1948 ж.), «Той бастар» (1950 ж.), «Отыз үш жыл»
(1950 ж.) және басқа өлеңдерінде Қ. Аманжолов саяси,
қ
оғамдық тақырыпты жырлаудың үлгісін көрсетті. «Ле-
нин және дүние» (1940 ж.) деген өлеңінде Қ. Аманжо-
лов мынадай аллегориялық сурет жасайды:
Емдеді дүниені сонда Ленин,
Ақтарып ақыл-миын, көкірегін...
Бойына дүниенің қан жіберіп
Орнатып берді өз миын, өз жігерін...
Лениннің қызыл туы алды орап
Ш ұ ғ ы л а ғ а шомылдырып жер мен көкті.
Дүрсілдеп дүниенің кеудесінде
Лениндік алып жүрек тынбай соқты.
Ежелден еңбекші мен жатып ішер, қаналушы мен
қ
анаушы екі ұдай күресіп, қ а қ жарылған дүниені ақын
ауырған адам есебінде алады да, Ленинді емші, дәрігер
ретінде суреттейді. Ленин идеясы бүкіл адамзат жүрегі-
не ұялағаны рас, оны ақын дүние кеудесінде лениндік
жүрек соқты деп образды теңеумен айтады.
Қ
. Амажолов өлеңдерінің түрлік, формалық, ұйқас-
тық, буындық әралуандығы сүйсіндірмей
қ
оймайды.
Өлеңнің буынын, ырғағын, ұйқасын өзгертіп, сан құбыл-
тып, айтар ой, мақсатқа бағындырады.
Нұрлы дүние — туған елім,
Жарқылдайсың жас айбынмен.
Бір сен үшін туған едім,
Бір сен үшін жасаймын мен.
(«Нұрлы дүние», 1951 ж.)
Бұл шумақтағы ой тек осы формада, сегіз буынмен,
«бір сен үшін» деген сөздердің екі рет қайталануымен
аса әсерлі шығып тұрғандай. Әрине, бұл ойды басқа
формада айтуға да болар еді. Бірақ онда оқушының
алар әсері басқаша болуы да мүмкін.
Ақын лирикалық өлеңдермен қатар, көптеген поэма-
лар жазған. Олардың тақырып, мазмұндары әр қилы.
«Құпия қыз» (1939 ж.), «Бикеш» (1940 ж.), «Ақын өлімі
туралы аңыз» (1943 ж.) және басқа да поэмалары ақын-
ның уақиғалы (сюжетті) ұзақ шығармалар ж а з у д а ғ ы
шеберлігін байқатады. Өресі кең, үлкен таланттың ақы-
ны оқушы жұртшылықты «Ақын өлімі туралы аңыз»
поэмасымен айрықша риза етті. Қ а з а қ әдебиетінде, әсі-
ресе поэзияда, соғыс кезеңінде тап осындай жоғары ба-
ға алып, көп аталып, көп айтылған шығарма кемде-кем-
ақ. Өйткені халық басына соғыс әкелген трагедияны
мұншалықты жеткізіп, жан тебірентерлік етіп айтқан
ақын аз-ақ.
Поэма майданда қаза тапқан талантты жас ақын
Абдолла Ж ұ м а ғ а л и е в қ а арналған. 26 жасында жау оғы-
нан қыршын кетеді. Өжет, ер ақын жастығын ала өледі.
Қ
. Аманжолов осы қазадан ел қайғысын, майданда азап
шеккен жандардың ерлік, қаһармандық бейнесін көреді.
Қ
ас жау құтылып кете алмайды, жүрегін бомба етіп
атуға даяр халықтан жау қалтырамай тұра алмайды
деген мотивті автор уағыздайды.
Поэманы үш бөлімге жіктеп қ а р а у ғ а болады. Бірін-
ші бөлімде ақын (автор) толғауы берілген. Бұл — бір
аса күшті жүрек отымен жазылған жолдар. Майдан су-
реті, кекті жан ашуы шиыршық атқан, оттай жарқыл-
дап ұшқындаған сөздермен сипатталған. Өмір мен өлім
айқасы өлең сөздерінің тізбегінен, буын, ырғағынан се-
зіліп жатады:
Майдан етіп дүние төрін,
Темір, гүрзі қақтап отқа,
Жекпе-жек кеп өмір, өлім,
Соққыласып жатқан жоқ па?..
Алда болмақ трагедия көп баяндаусыз, сараң сурет-
термен аңғартылады. Бірінде ақын:
Қ
ырғын соғыс ортасында,
Жүрді ұлан
Кекті зілін
Қ
оса түйіп қ о р ғ а с ы н ғ а , —
десе, келесі жолдарда «қонды орманға қорғасын бұлт»
деп қайталайды. «Қанды ізін қара түнге, көме тастап
жаулар отыр» деген жолдар жалпы қауіп күтулі кезең-
нің қорқынышын қоюлата түседі. Бұл кіріспе сияқты
бөлімде ақын аз сөзбен отты кектің, ерегіске жанын
тіккен, өзі оқ боп атылғандай жас ұланның жан күйін
суреттейді.
Екінші бөлімде лирикалық қаһарманның ой-тілегі
тікелей өз сөзімен айтылады. Мұнан нағыз батырдың,
тайсалмас ер жүректі жауынгердің намыс пен кекке бу-
лыққан айбатты бейнесін көреміз:
Қ
асиет күші ұлы Отанның,
Қ
анатын бер қыран құстың,
Ашуын бер арыстанның,
Жүрегін бер жолбарыстың!
Күллі әлемнің ашу-кегі,
Орна менің кеудеме кеп.
Ж а у жолына атам сені,
Бомба бол да, жарыл, жүрек!
Қ
ас дұшпанды жеңудің бірінші серті оны жек көре
білу болса, тап осы қаһарманның жек көруі жауды ұн-
тамай, таптамай, кеңірдегінен алып мытымай қоймай-
тын жек көріс болар. Бүкіл кеңес халқы неміс басқын-
шыларына лағынет айтса, оның жас ұландары жауға
оқ боп атылғаны мәлім. Мұның мысалдары көп. Ақын-
ның осы өлең жолдары нағыз батырлықты, түнерген
күндей салмақты, саналы батырлықты паш етіп тұр. На-
нымды, шындық образ — осы.
Үшінші бөлімде ақын қаза тауып, жер дүние күңірен-
гендей қаралы:
Ұ
шты құстар шартарапқа,
Х а б а р л а у ғ а ер өлімін.
Қ
асым Аманжолов поэзиясында көп ұшырайтын қа-
сиетті дауыл бұл жолы тағы соғады. Аспан да, дауыл
да әділетсіздікті көтере алмайды, жас құрбан жайын
дүниеге жаймақ.
Бұлтын жиып көкірегіне,
Күрсінді бір аспан ауыр;
Қ
ос қанатын соғып жерге,
Азаланып жетті дауыл;
«Таптатпан,— деп,— күлін ж а у ғ а »
Құ
шып алып кетті дауыл,
Республика аспанында
Осынау күйді шертті дауыл.
Поэманың аяғы осындай апофеозбен бітеді. Мұнан
ер өліміне қайғырумен бірге, ата жауымен алысып, ке-
гін ала кеткен батырға деген ризашылық, сүйіспеншілік
сезіледі. Трагедияның алдан үміт күттірер оптимистік
сипаты көрінеді. Қаһарман батыр өзі де артында қал-
ғандарға:
Туған халқым, туған жұртым,
Алшы жаудан, алшы кекті,—
дейді, кек алар жұрт, ел барына сенеді, мұны ойлап,
жаралы жан рухани жұбанады. Поэманың жарық сәу-
лелі жерінің бірі — осы. Әрине, патриот қаһарманының
ерлік ісі кімді болса да жадыратады, қаза тапқанмен,
азаматтық борышын ақтап, атын мәңгі тірілер қатарын-
да қалдырғандай, оптимистік бояуы айқын көрінеді.
Қ
. Аманжолов поэмасында екі түрлі философиялық
ойды аңғартады: ерлік өлмек емес, өлең өлмек емес,
Поэманың қаһарманы — қыршын батыр, ер, сонымен
бірге ел намысын жыртқан, ел кегін бойына жинаған
ақын. Шығарманың өзекті ойы осында: өмір мен өлең
жайында.
Табиғат құбылысы, көңіл күй жайы поэмада аз су-
реттермен ұмытылмастай етіп берілген. Мәселен:
Қ
ара толқын орман шашын
Ж ұ л д ы талдап снарядтар,—
дегенде, зуылдап ағып келіп жатқан снарядтардан қа-
лың орман ағаштарының шаштан бір талдап жұлынып,
құ
лап жатқаны көзге елестейді. Немесе:
Мәңгі мекен көл жағасын
Тастап, суға сүңгіді ж а р , —
дегенде, жер сілкінген жарылыстардан жар опырыла
құ
лап, суға сіңіп кетіп жатқаны шынайы суретпен бе-
рілген.
«Ақын өлімі туралы аңыз» — аса көркем тілмен, жо-
ғары идеялық мазмұнда жазылған поэма.
Орыстың және батыстың классикалық поэзиясын көп
оқудың нәтижесінде және оның маңдайалды шығарма-
ларынан үйрену мақсатымен Қ. Аманжолов әуелде тиіп
қ
ашты, соңынан арнайы іс етіп аудармашылық қызмет-
пен шұғылданады. Ақын аудармаларының әдебиеттік
маңызы үлкен. Өйткені орыс поэзиясының дүние жүзілік
маңызы күшті шығармалары бүкіл қ а з а қ әдебиетіне,
басқа да сапалы аудармалар сияқты, жаңа үлгі, өрнек
әкелді.
Қ
. Аманжолов аудармаларының ішінде А. Пушкин-
нің, М. Лермонтовтың, Н. Некрасовтың, Т. Шевченко-
ның, В. Маяковскийдің, А. Твордовскийдің таңдаулы
деген шығармалары бар. Сондай-ақ ақын Д. Байроннан,
Низамиден де аударған.
А. Пушкиннен аудармаларының ішінде: «Ақын»,
«Чаадаевқа», «Тұтқын», «Еркіндік» атты әйгілі өлеңдері
бар, «Полтава» атты поэмасын да аударған.
Күбірлейтін
ежелден
ақын емен.
Өлең бетін әскердей
сапқа құрып.
Жолдарымен
жорыққа кетем
жүріп:
Қ
орғасындай
салмақты
өлеңдерім
Жеңіске,
өлімге де
буған белін.
Қ
. Аманжолов — төл шығармаларымен, аудармала-
рымен қ а з а қ әдебиетінде, бүкіл әлемдік поэзияда өзін-
дік із, стиль қалдырған, көркемдік, мазмұндық жағынан
қ
азіргі қазақ өлеңін байытқан ірі талант. Сөз өнерін ер-
кін билеп, дәстүрлі өрнекке өз жаңалығын қосқан, қа-
ламының желі бар, өлеңінің арқасы бар, сегіз қырлы,
бір сырлы ақын. Шығармалары өзінің тірісінде де, кейін
де өз замандастарының, қаламдастарының жоғары ба-
ғасына ие болды. Бүкіл одақтық жазушылар съезінің
мінберінен (1954 ж.)
Қ
. Аманжолов өлеңдері мақтау
алған.
Ж а з у ш ы Леонид Соболев былай деген-ді: «Ол қап-
таған жауға қасқайып қарсы тұрып, жалғыз оғы қал-
ғанша жалынға өртенген өзінің шебін қорғап соғысып,
ерлікпен қаза табады. Осы туралы Қасым Аманжолов
«Абдолла...» — «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэма-
сын жазды. Бұл — шынында да, терең сезімге және жар-
қ
ын образдарға лық толы, салтанатты, ұлы бейнелі
аңыз». Заманымыздың атақты ақыны, мәдениет қайрат-
кері Николай Тихонов: « Қ а з а қ ақындарының жырла-
рында өмірдің кең тынысты лебі өзінің табиғи түйсігі-
мен елестейді... Қасым Аманжолов «Абдолла» поэмасын-
да батыр Абдолла Жұмағалиевтың ерлігін жырлады,
геройдың отты өлімін бейнелеуге шебер ақындық сөздер,
бояулар таба білген,— деп жазған.
Қ
а з а қ әдебиеті сынында да, әдебиет тану ғылымын-
да да Қасым Аманжолов поэзиясы жоғары баға алып
келеді. Ақын творчествосы « Қ а з а қ совет әдебиеті тари-
хы очеркінің» 1957, 1958, 1960 жылғы бысылуларында
жеке тарау болып зерттелінген. Алты томдық « Қ а з а қ
әдебиеті тарихында» да Қасым Аманжолов творчество-
сына монографиялық бөлім берілген (1966 ж.).
«Өзім туралы» өлеңінде ақын «Өртке тиген дауыл-
дай өлеңімді Қасымның өзі емес деп кім айтарсын» де-
геніндей Қасым Аманжолов шығармашылығы қ а з а қ
поэзиясының жарқын беттері болып тарихтан орын ал-
ды. Өз үні, өз стилі өзіне лайық, отты, дауылды жылдар
мен жырлардың дауылпаз ақыны қазіргі әдебиетімізбен
бірге жасасып келеді. 1940 жылы жазылған « Д а у ы л »
деген өлеңінде-ақ:
Көк д а у ы л д а й кеуделі
Ж і г і т болдым, ер жеттім.
Мен д а у ы л д ы ң ұлымын,
Тұра алмаймын д а у ы л с ы з ,
Қ
а р с ы а л у ғ а дайынмын,
С о қ с а д а д а у ы л д а м ы л с ы з , —
деген еді.
1969
Базарбаев М. Көк дауылдай кеуделі //
Көрікті ойдан-көркем сөз: зерттеулер мен мақалалар.-
Алматы: Рауан, 1994. – 162-175 б.
Достарыңызбен бөлісу: |