Ассоциативтiк ес көлемiн анықтау әдiстемесi



Дата16.02.2023
өлшемі16,65 Kb.
#68311
Байланысты:
Ассоциативтiк ес көлемiн анықтау әдiстемесi


Ассоциативтiк ес көлемiн анықтау әдiстемесi
Мақсаты: балалардың ассоциациясының көрiнiс беруiн және ассоциация бойынша есте
сақтау механизмiнiң қалыптасқанын анықтау.
Зерттелiнушiлерге тестi орындау тәртiбi түсiндiрiледi: "Мен сөз сөз тiркестерiн
жұптастырып оқимын. Мысалы :"трактор - дала". Ал сiздер оқылған сөздердi жақсылап
тыңдап, әр сөздiң екiншi сөзбен қандай белгi бойынша жұптастырылғынын, олардың бiрбiрiмен байланысын түсiнiп есте сақтаңыздар. Сөз тiркестерiн оқимын. Ал сiздер сөз
жұптарының екіншiсiн естерiңiзге түсiріп, оның жауабын параққа жазыңыздар. Мысалы:
мен "трактор" деген сөздi оқығанда сiздер оның жұбы "дала" деген сөздi жазасыздар".
Тапсырмалар
1.Жаңа- үй 11.Мәдениет- кiтап
2.Құрыш- экватор 12.Күндiз-азан
3.Кеш- түн 13.Стол- журнал
4.Машина- дөңгелек 14.Даналық- оқу
5.Су- құбыр 15.Қоңырау- сабақ
6.Есiк- терезе 16.Сәуле- дыбыс
7.Шу- тыныштық 17.Мереке- би
8.Қатынас- тiл 18.Ақша- киiм
9.Материал- ағаш 19.Спорт- күрес
10.Қате- жазу 20.Мәскеу- қала.
Бағалау шкаласы
Дұрыс жазылған сөздер (+) белгiленедi. Қалып кеткен және басқа сөзбен жаңғыртылған
сөз жұптары дұрыс жауапқа есептелiнбейдi.
15 және одан көп (+) - ассоциативтiк ес көлемi жақсы;
10 - 14 - орта;
1 - 9 - төмен.
Бағалау:
Бағалау критерийлері: балл
Тест нәтижесін кілтке сәйкес дұрыс өңдейді 5
Баланың ассоциациясының көрiнiс беруiн және ассоциация бойынша есте
сақтау механизмiнiне қатысты түсініктеме жазады
10
Нәтижелер мен қорытындыларды толық жинақтайды 5
Барлығы: 20

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет