Аты-жөні: Жашауова Диана Тақырыбы: Рухани құндылық-бейбітшілікпен келісімнің кілті



Дата09.12.2022
өлшемі13,38 Kb.
#56225
Байланысты:
Жашауова Диана философия фит


Аты-жөні: Жашауова Диана
Тақырыбы: Рухани құндылық-бейбітшілікпен келісімнің кілті

Рухани құндылықтарды қоғам да, белгілі бір адам да өздері үшін бекіте алады. Қазақстандық қоғамда қандай құндылықтар жүйесі қалыптасты?


Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан халқының негізгі рухани-адамгершілік бағдарларының бірі – үлкендерге деген құрмет, қонақжайлылық, өзара көмек. Ежелден қазақ халқында мұқтаждарға көмек қолын созу дәстүрі қалыптасқан. Біреу қиындыққа тап болғанда, оған бүкіл ауыл-аймақ көмектескен. «Асар» дәстүрі жиі қолданылатын.


Сондай-ақ халқымыз қонағын құшақ жая қарсы алған. Мысалы, әрбір жолаушы ауылдың кез келген үйіне түней алған, құдайы қонақ ретінде қабылданған. Ал аға буын өкілдеріне деген құрмет әрдайым маңызды және міндетті болған.




Жоғарыда аталған құндылықтар қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, бүгінгі күнге дейін қоғам үшін өзекті болып қала береді. Бүгінде олар қоғамдық тұрақтылық пен үйлесімді этносаралық және конфессияаралық қатынастарды сақтауға септеседі. Бұл көпұлтты елімізді одан әрі дамыту үшін аса манызды сонымен қатар, мамандар бірнеше рет атап өткендей, көпмәдениеттілік жағдайындағы мәдениетаралық диалог қоғамдық тұрақтылық пен азаматтық бейбітшіліктің негізі рөлін атқарады. Осыған байланысты рухани және діни құндылықтарды дамыту арқылы конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтау маңызды міндет болып саналады

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет