"Атымды адам қойған соң...!" Абай шығармаларына сүйене отырып, талдап жазып шығыңыз
Абай-даланы торлаған надандық түнегіне өз шырағын жағып,халықты сол түнектен алып шыққысы келген ұлы тұлға.Хакім аты аталса ойымызға бірден өлеңдері мен цитатаға айналған афаризмдері түседі .Соның бірі "Атымды адам қойған соң..."-деген ақын сөзі.Осы тұрғыда сіз өзіңізге осындай сұрақ қойдыңызба?Егер қоймасаңыз, жауабын бірге іздейік.
Өмірге келген әрбір пенде қандай жағдай болмасын өз қалпын сақтап қалуы тиіс. Осы тұста адам мен хайуанның айырмашылығын есімізге
түсіргеніміз жөн шығар.Алла Тағала адамға сөйлейтін тіл,көретін көз,еститін құлақ,соғып жатқан жүрек бірақ ең бастысы-сана берген.Ал бізде бар нәрсенің бірі де сол жануарларда жоқ.Біздегі көп адамда суға айналған ми оларда жоқ.Ойшыл-ақынның мына бір сөзі барғой:"Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың,адамның қарызы үшін еңбек қылсаң,алланың сүйген құлының бірі боласың" -деген.Неге біз дәл осы афоризмді оқып ғана қоямыз. Жарайды,мәнісін түсіндік дейік бірақ өмірімізде іске асырмаймызғой.Мысалы,біз жақсы тағамның дәмін татып ,жақсы киімді көріп қана қоймаймызғой.Әрине оны қарнымыз қампайғанша жиміз,садақаға қиа алмаған соңғы ақшамызға сатып аламыз.Неге осы ақын сөзінде "өмірдің кілті" деп
қабылдамаймыз.Бізді жаратушының алдында неге өз қарызымызды өтемейміз?Бұл біздің оған айтқан алғысымыз ба?
Философ ақын толық адам деп таныған небәрі жиырма жеті жасында дүниеден салған Әбдірахман.Ол өз дертін Петербург қаласында оқуда жүрген кезінде біліп, сонда да өз сыры ретінде сақтап ешкімге айтпаған,ауыр халге шалдықсада ауылдан қалаға кетіп, оқуын жалғастырған ғылым-білімге құштар нағыз бала нағыз ер жігіт нағыз адам болған.Әкесінің жағдайы жақсы, атасы-Құнанбай аға-болыс болсада туған-туысқа бауырмал ,халыққа жанашыр бола білген өмірін ғылымға арнаған 27жылдың ішінде артынан өшпес із қалдырған құйрықты жұлдыз еді.Ақынның :"Ұзақ өмір не берер көрген білген болмаса жатқан надан не білер көңілге сәуле
толмаса"-деген өлең жолындағы философиялық сараптауына айрықша назар аударайықшы.Шынымен,бізге ұзақ өмірдің тоқтаусыз уақыттың керегі не егер берілген уақытымызды дұрыс нәрсеге жұмсамасақ.Жүз жыл жасап,ешнәрсе бітірмесек,бір хадис тыңдап,бір кітап бетін ашпасақ.Ұрпағымызға үлгі боларлық, мақтан тұтарлық титтей де бірнәрсе қалдырмасақ.Егер ғұмырымызды Әбдірахман секілді өткізбесек не пайда?Онда адам деген атымыздың қадірі кетпейді ме?
Адам-жаратушының ерекше жаратылысы.Бұл өмірге аяқ басқан әр тұлға өзінің өмір жолында өшпес ерліктерімен адами қасиеттерін қалдыру керек.Өзіміз ауызымызға жиі алатын иығымыздағы 2періште тек жақсы істерімізді жазатындай әрекет жасауымыз керек.Ал біз сол жазуға
себепші болуға тиістіміз. Төрт әріпті адам деген ерекше жаратылыстың атына өз арымызға сөз келтірмегендей ,артық нәрселерді жолатпау ол біздің өмірлік міндетіміз.Сол себептен әрқашан сол атамызға сай болуымыз тиіс!
Достарыңызбен бөлісу: |