Ақтөбе облысының



Pdf көрінісі
Дата26.04.2023
өлшемі140,79 Kb.
#87150
Байланысты:
М



Ақтөбе облысының
Ақтөбе облысының
 
 
экологиялық
экологиялық
 
 
проблемалары
проблемалары


Жоспары:
1. Кіріспе
2. Ақтөбе облысы
3. Негізгі экологиялық проблемалары
4. Шешу жолдары
5. Қорытынды
6. Қолданылған әдебиеттер


Ақтөбе облысы еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік 
өңірлердің бірі болып табылады. Зауыттар мен 
фабрикалардың көптігіне байланысты аймақтың 
проблемалық мәселелерінің бірі экология болып қала 
береді. Ауаның және жалпы қоршаған ортаның 
ластануына байланысты проблемалар аймақта 
жылдар бойы жиналды. Мұның себебі тек кәріз және 
тазарту қондырғылары ғана емес, сонымен қатар 
үздіксіз жұмыс істейтін кәсіпорындар, олардың 20-ға 
жуығы бар.


Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан 
әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша ең үлкен облыс. Ақтөбе облысы 
теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның 
территориясында көмірсутекті шикізатының, (мұнай, газ және газ 
конденсаты) Қазақстан территориясындағы барланған қорының 10% және
болжамды ресурстарының 30%, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан 
отандық хромның барлық қоры, никель — 55%, титан — 40%, фосфор — 34%, 
мырыш — 4,7%, мыс — 3,6% , алюминий — 2%, көмірдің 1,4% жинақталған. 
Облыс әлемде хром рудасы қорының — 400 млн тн. шамасымен бірінші 
орынды, Қазақстанда мыс рудасынан — 100 млн тн.(құрамында таза мыс-1,5 
млн.тн.) және өндірістік мұнай қоры — 900 млн.тоннасымен үшінші орынды, 
газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді. Облыс 
Қазақстандағы ірі өнеркәсібі дамыған аймақтардың бірі болып саналады.


Негізгі экологиялық проблемалары
Ақтөбенің экологиялық жағдайы қолайсыз. Қазгидромет
мәліметінше, қаланың ластану деңгейі 8,5 балл
деңгейінде. Бүкіл қала бойынша ауада азот диоксиді мен
формальдегид мөлшерінің жоғарылауы байқалып, АХҚЗ,
АЗФ, Ақтөбе ЖЭО сияқты өнеркәсіптік кәсіпорындар
аумағында және Кирпичный кентінің маңында
көрсеткіштер нормадан асып кеткен. Мәметова мен
Ломоносов көшелерінің қиылысы 20 минутта 2 мыңға
жуық көлік өтетін қаланың ең «лас» бөлігі болып
саналады.
Атмосфераға кері әсерді автомобильді транспорты әсер
етеді және ол жылдан-жылға көбею үстінде. Жанармай
және де басқа жанғыш заттардың төмен сапалылығы ауа
ластануына тікелей себепші болып табылады.Ақтөбе
облысының тағы бір басты проблемасы-ауыз судың лас
болып келуі. Және де жыл сайын Ақбұлақ АҚ-ның
авариялық жағдайына байланысты Елек өзеніне өте лас
ағынды суы құйылады. Елек өзеніндегі бордың нормасы 27
есеге көп болып келеді.
Күн тәртібінде тұрған тағы бір 
мәселе-қоқыс қалдықтарын өртеу 
болып табылады, себебі облыста 
қоқысты қайта өңдейтін зауыт 
жоқ. Ақтөбе күкірт газынан 
тұншығу үстінде. Ауадағы улы 
газдың мөлшері шамадан 20 есеге 
асып кетті. Қазақстандағы ең лас
қалалардың ішінде 4 ші орынды алып 
тұр. Осы ауа газдарының әсерінен 
облыста аллергиктер мен астмаға 
шалдыққан адам саны өсу үстінде. 
Ақтөбеліктерге лас ауамен дем 
алғанмен қоса, Елек өзеніне суға 
түсуге және одан балық алуға 
мүмкіндік жоқ.


Өнеркәсіптік кәсіпорындарда тазарту
қондырғылары орнатылуы керек;
Мұнай-газ кәсіпорындарында ілеспе газ
жойылуы қажет;
Ағынды суларды қайта өңдеу үшін
ағынды суларды тазарту
қондырғыларын салу;
Бензиннің сапасын жақсарту, Еуро-5
стандартына көшу;
Қоқыс өңдеу зауытын салу.
Шешу жолдары
Ақтөбедегі экологиялық жағдайды
жақсарту үшін облыс келесі шараларды
қабылдауы керек:
Қорытынды
Соңғы бірнеше жылда аймақта ауаның
ластану себептерін анықтау бойынша
зерттеулер жүргізілді. Солардың бірі
"Қазхром" ТҰК " АҚ Ақтөбе ферроқорытпа
зауытының жұмысы болды. ҚР Экология
министрлігі жаңа экологиялық кодекске
сәйкес талаптар қойғаннан кейін,
кәсіпорын атмосфераға зиянды заттар
шығарындыларын азайту бойынша Жол
картасын әзірледі. Бұл жоба
миллиардтаған қаржыландыруды қажет
етеді. Зауыт атмосфераға зиянды
шығарындылар үшін толық жауап береді.


1. Кургамбеков, Р.А. Экологические
проблемы Актюбинской области.
2. Мукашев Р.А. Техногенное влияние
металлургической промышленности на
окружающую среду. 
Қолданылған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет