Атом құрылысы - Атом деген не? Ол қандай бөлшектерден тұрады?
Жауап: Атом – оң зарядталған ядродан және ядро маңайынада қозғалатын теріс зарядталған электрондардан тұратын электробейтарап бөлшек. (протон, нейтрон, электорн)
- Бір элемент атомының басқа элемент атомына өздігінен айналу құбылысы не деп аталады?
Жауап: Радиоактивтілік
- Гунд ережесі
Жауап: Деңгейшелерде электрондар, алдымен бос орбитальдарды бір – бірден толтырады, кейін электрондық жұп түзеді.
-Клечковский ережесі ата
Жауап: 1. Атомның негізгі күйінде электрондар орбиталдарды энергиялық деңгейінің өсу ретімен толтырады. 2. Алдымен энергиясы төмен орбиталдар толады 30 балл
Химиялық байланыстар -Химиялық байланыстың түрлерін атаңдар 10балл
Жауап: Коваленттік, иондық, сутектік, металдық -Жеке атомдарды күрделі жүйелерге біріктіретін электрстатикалық әрекеттесу не деп аталады?
Жауап: Химиялық байланыс
- Полюсті, полюссіз байланыстарға анықтама бер
Жауап: Электртерістіліктері бірдей химиялық элемент атомдарының әрекеттесуі нәтижесінде түзілген байланыс коваленттік полюссіз.Электртерістіліктерінің мәнінде айырмашылық аз болатын атомдар арасында түзілетін байланыс коваленттік полюсті байланыс
-Периодтық жүйеде элементтердің электртерістілік шкаласы бойынша түсіндіріп өт.
Жауап: 1932 жылы Л. Полинг салыстырмалы электртерістіліктің алғашқы шкаласын ашқан. ПЖ элементтердің ЭТ әр периодта солдан оңға қарай өседі. ЭТ үлкен мәні гологендердер, төмен мәндері сілтілік менталдар. Бейметалдардың ЭТ 2- ден үлкен, ал металдардың ЭТ 2- ден кіші. ПК ҮІІІ А топ элементтердің электртерістілік мәні нөлге тең. Элементтердің ЭТ мәні неғұрлым үлкен болса, соғұрлым элементтің бейметалдық қасиеті айқын байқалады. Топ бойынша ЭТ жоғарыдан төмен қарай кемиді, элементтердің металдық қасиеттері күшейеді.
Химиялық реакциялар жіктелуі. -Екі күрделі зат өздерінің құрам бөліктерін алмастыра жүретін, нәтижесінде екі жаңа күрделі зат түзілетін реакциялар қалай аталады?
Жауап: Алмасу реакциясы
-Химиялық реакция жіктелуі дегеніміз не?
Жауап: Белгілі бір құрамы мен қасиеттері бар заттардың, құрамы және қасиеттері өзгеше екінші бір заттарға айналу құбылыстары химиялық реакциялар деп аталады.
-Жылу эффектісіне анықтама бер
Жауап: Экзотермиялық реакция нәтижесінде жылу бөлініп шығады. Эндотермиялық реакция- жылуды сіңіре жүретін реакция.
-Термохимиялық теңдеулердің кәдімгі реакция теңдеулерінен айырмашылығын неде Жауап: Термохимиялық теңдеулерде міндетті түрде заттардың агрегаттық күйі (қатты, сұйық, газ) көрсетіледі, себебі бір заттың әртүрлі агрегаттық күйінің энергиясы да әртүрлі.
Термохимиялық теңдеулердегі коэффициенттер реакцияға қатысқан заттардың зат мөлшеріне (моль) тең болады.
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. -Химиялық реакцияның жылдамдығы мен механизмін зерттейтін химияның саласы қалай аталады? Жауап: Кинетика
-Химиялық реакция жылдамдығы деген не?
Жауап: Химиялық реакция жылдамдығы деп бастапқы заттардың немесе өнімнің біреуінің концентрациясының уақыт бірлігіндегі өзгеруін айтады.
-Гетерогенді және гомогенді реакцияларға анықтама бер
Жауап: Біртекті ортада жүретін реакциялар гомогенді химиялық реакциялар деп аталады. Әртүрлі фазадағы заттардың әрекеттесуі нәтижесінде жүретін реакциялар гетерогенді реакциялар деп аталады.