«Атом ядросының физикасы» және «Нанотехнология және наноматериалдар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 1 нұсқа 1



Дата01.05.2023
өлшемі18,76 Kb.
#88676
Байланысты:
БЖБ 11б кл 4 тоқсан


«Атом ядросының физикасы» және «Нанотехнология және наноматериалдар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
1 нұсқа
1. 1886 жылы Беккерель табиғи радиоактивтікті қандай әдіс нәтижесінде ашты?
A) Вильсон камерасы әдісі. B) Фотоэмульсия әдісі. C) Сцинтилляциялық санағыш әдісі.
D) Гейгердің газразрядты санағышы әдісі. E) Көпіршікті камера әдісі.
[1]
2. Радиоактивті изотоптарды шығарып алу жолдары
A) Бөлшектермен атқылау, сәулелендіру, нейтрондармен атқылау. B) Бөлшектермен атқылау.
C) Сәулелендіру. D) Нейтрондармен атқылау. E) Химиялық реакция.
[1]
3. Ядролық реакция кезінде бөлініп шығатын бөлшек
A) позитрон. B) α -бөлшек. C) электрон. D) нейтрон. E) протон.
[1]
4. Наноматериал дегеніміз не? [1]
5. Басқарылатын және басқарылмайтын ядролық реакциялардың ұқсастығы мен айырмашылығы?
[2]
6. Уранның 235-изотопының бір атомы екі жарықшаққа бөлінгенде 208 МэВ энергия бөлінеді. 1 г уран бөлінгенде шығатын энергияға тең энергия алу үшін қажетті керосин мөлшері ( q = 4,3*107 Дж/кг,
NA = 6*10 23 моль -1, 1эВ = 1,6*10-19 Дж)
[3]
7. Мына ядролық реакциялар кезінде бөлініп шығатын энергияны есептеңіздер:
+ +
[3]


Жалпы ұпай: 12


«Атом ядросының физикасы» және «Нанотехнология және наноматериалдар» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
2 нұсқа
1. Элементар бөлшектерді тіркейтін құралдардың газдың екпінді иондалуы кезінде ток импульсінің пайда болу құбылысына негізделуі A) Фотокамерада. B) Қалың қабатты фотоэмульсияда.
C) Көпіршіктік камерада. D) Гейгер есептегішінде. E) Вильсон камерасында.
[1]
2. Радиоактивті элементтерді археологияда қолданудың мақсаты
A) Нәрселердің беріктілігін анықтау. B) Өте ертедегі нәрселердің жасын анықтау.
C) Заттардағы элементтерді анықтау. D) Құрылысын түсіндіру. E) Нәрселердің жазықтығын анықтау.
[1]
3. Ядролық реакция кезінде бөлініп шығатын бөлшек + + x
A) электрон. B) протон. C) α -бөлшек. D) нейтрон. E) позитрон.
[1]
4. Нанобөлшектер ағзаға қалай әсер етеді? [1]
5. Ядролық бөліну мен термоядролық синтездің ұқсастығы мен айырмашылығы?
[2]
6. ПƏК-і 30 % болатын АЭС-тің қуаты 54 МВт. Тəулігіне тұтынатын уран-235 изотопының массасы (Уранның бір ядросы ыдырағанда 200 МэВ энергия бөлінеді, NA = 6,02·1023 моль -1 ; M=235·10-3 кг/моль; 1эВ=1,6·10-19 Дж)
[3]
7. Мына ядролық реакциялар кезінде бөлініп шығатын энергияны есептеңіздер:
+ +
[3]


Жалпы ұпай: 12

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет